https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жұмақ иелері

05 Шілде 2019 0 comment Оқылды: 3500 рет

Аллаға иман еткен пенде екі дүниенің жақсылығын тілейді. Ал, мәңгі тұрағы ретінде жәннаттың болғанын аңсайды. Алла Тағала адамдарға тура жол жібергенін, онымен жүрушілердің екі дүниеде де рахатқа бөленетінін Құран Кәрімде: «Жасаған амалдары үшін оларға көзбен көңілді қуандыратын қандай сыйлық сақтаулы тұрғандығын ешкім біле алмайды», — деп осы ақиқатты білдірген. Ибн Масғудтың айтуынша «Оны жақын періштелер де, пайғамбарлар да білмейді. Олай болса, ізгі құлдар үшін сақтаулы сыйлықтың сипаты мен көлемін тілмен жеткізудің мүмкін еместігіне тағы да көз жеткізе түсеміз. Дегенмен де, адам баласы бұл дүниеде жәннат, тозақты көре алмағанымен Құран және хадистерде олардың хабары келгендіктен мұсылман адам оған иман келтіреді. Ахида сенімі бойынша жәннат пен тозақ жаратылған және қазір бар, Алланың қалауымен мәңгі қалады, ешуақытта жоғалып кетпейді деп иман келтіру иманның бір бөлігі. Сондықтан пенде тозақ пен жәннатқа сенбейінше иманы дұрыс болмайды.Алла Тағала бұл өмірде пенделерін бостан-босқа жаратқан жоқ. Оларды ақыреттегі мәңгілік өмірге жаратты. Пенде бұл дүниеден өтуімен не жәннаттық болады, не тозақтық болады. Кім дайым нығметті қаласа бұл өткінші өмірде өзінің жастық шағын, денсаулығын, байлығын, уақытын жақсы амалдармен өткізуге тиісті. Алла Тағала Құранда: «Содан кейін сендер, сөз жоқ, өлесіңдер. Сосын сендер қиямет күні, сөз жоқ, қайта тірілесіңдер»-дейді. Жәннат иман етіп, Алладан қорыққандардың орны. Сондықтан мәңгілік өмірде бақытты болуымыз үшін бұл қамшының сабындай қысқа өмірде ақыретіміз үшін амал етуіміз керек. Алла Тағала Құранда: «Негізі, дүние тіршілігінің рахаты ақыреттің жанында (түкке тұрғысыз) аз»-делінген. Жәннат Алла Тағаланың салих және әміріне бойсынған пенделері үшін дайындаған үлкен нығметі. Алла Тағала Құранда: «Һәм тақуаларға: «Раббыларың не түсірді?»,- делінгенде, олар: «Игілік» дейді. Көркем іс істегендерге осы дүниеде жақсылық бар. Ал ақырет жұрты одан да қайырлы. Тақуалар жұрты (жұмақ) қандай керемет. Олар (тақуалар) кіретіндері – астарынан өзендер ағатын Адын бақтары. Онда олар үшін қалаған нәрселер бар. Алла тақуалардың тартуын осылай береді-деді. Жұмақ пен оның нығметтері, әрі оған кіргендер онда мәңгі қалады. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с) мына бір хадисі жаннатың биіктігі мен ұзақтығын білдіреді: «Жәннатта жүз дәреже бар. Ол дәрежелердің бірі мен екіншісінің арасы жер мен көк арасының ұзақтығындай. Фирдаус жәннаты – олардың ең үстіңгі қабатында. Жәннаттың төрт өзені осы жерден шығады. Оның үстінде Аршы бар. Алладан жәннат сұрасаңдар, осы Фирдаусты сұраңдар». Бұл хадистерден аңғаратынымыз, жәннаттың адамның ой- қиялынан әлдеқайда биіктігі. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген бір хадисте: «Жәннатқа алғаш кірушілер толған айдай жарқырап кіреді. Олардан кейін кіруші топ жарық сәулесі жағынан ең үлкен жұлдыздай болып кіреді. Жәннат иелері кіші дәрет те, үлкен дәрет те сындырмайды, түкірмейді, мұрнын босатпайды. Денесінен шыққан терлері миск жұпары болады. Жұбайлары қара көзді хор қыздарынан болады. Пайғамбарымыздың мына хадисінде: «Жәннат иелері денесі түксіз, жүздері сақалсыз, көздері сүрмелі болады. Олардың жастық шақтары қайтпайды, киімдері ескірмейді» Жәннат иелерінің жүректері бір кісінің жүрегіндей тату болатыны, онда көре алмаушылық, жаулық, дұшпандық болмайтыны туралы мәліметтер де бар. Жәннат нығметтері мен қазыналары туралы хадистер де өте көп.«Рахман» сүресінде айтылғандай: «Раббының құзырына шығудан қорыққан кісіге екі жәннат бар»-делінген.Жұмаққа кімдердің кіретінін Құран Кәрім көптеген аяттарынан көруге болады: «Ал бейіш тақуалардан алыс болмайды, таяу жерде тұрады. Оларға: «бүкіл тәубеге келгендер мен сақтанушылар үшін уәде етілген (жәннат) міне, осы. Олар Рахманды көрмей-ақ иман етіп, тәубелі жүрекпен келеді. Жәннатқа сау-саламат кіріңдер, мәңгілік күні осы» делінеді-«Қаф» сүресінде. Бұл аяттарда тақуалық, өзін күнәлі істерден сақтаушы, ғайыпқа иман етуші, тәубелі жүрек туралы сөз болған. Демек, жәннатқа аман-есен кіруді қалаған кісілердің осы сипаттарды көбейткені абзал. Кейбір аяттарда жәннатқа Алланың үкімдері мен Пайғамбардың әмірлеріне бойұсыну арқылы кіруге болатыны айтылған: «Кім Аллаға және елшісіне бой ұсынса, астынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы»-делінген «Ниса» сүресі, 13- аяты. Олай болса, Жаратушы Иеміздің бұйырған істерін орындап, тыйым салғандарынан іргемізді аулақ салуымыз керек. Негізінде, адамдарды Алла тағалаға ізгілік, туралық, жомарттық сияқты қасиеттер жақындатады, сөйтіп оларды сүйікті құл болу мәртебесіне көтереді. Ал Алла тағала сүйген құлы туралы құдси хадисте былай дейді: «Егер оны жақсы көрсем, онда оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын». Ендеше, амалдарына дұрыс қарап, Алла тағала көрсеткен тура жолдан айнымай жүрген құлдарды ұшы-қиыры жоқ нығметтер мекені күтіп тұр. Жаннатқа кірушілер туралы Құран Кәрімнің «Зүмәр» сүресінде: «Ал Раббыларына қарсы келуден сақтанып жүргендер, топ-тобымен жаннатқа жеткізіледі. Жәннатқа жетіп, есіктері ашылғанда, оның сақшы періштелері: «Сәлем сендерге. Сендер жақсы болдыңдар, жақсы өмір сүрдіңдер енді мәңгі қалу үшін мұнда кіріңдер», — дейді. Шындығында да, мәңгілік бақыт сарайының қызметші періштелерінен осы сөздерді есіту де зор ғанибет. Алла Тағала Құранда:«Раббыларыңның кешіріміне, кеңдігі жер мен көктей болатын, тақуалар үшін әзірленген жәннатқа ұмтылыңдар»-деген. Алла Тағала хадис қудусиде: «Салиқалы пенделерім үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының ойына келмеген нәрселерді әзірлеп қойдым»,-делінген.Кімде-кім жәннатқа кірсе одан шықпайды, онда мәңгі қалады. Алла Тағала Құранда: «Оған (жұмаққа) бейбіт күйде кіріңдер. Міне, осы –мәңгілік күн». Хадисте: «Жәннатқа кіргендерге жаршы: «Сендер бұнда дендерің сау болып, ауырмайсыңдар. Мәңгі өмір сүріп, ауырмайсыңдар. Жас болып, қартаймайсыңдар. Дайым нығметте болып, жаманшылыққа ұшырамайсыңдар»,-деп жар салады. Кейін Алла Тағаланың мына аят каримасын оқыды:«Сонда (оларға): «Істеген (ізгі) істерің үшін  мұраға алған жұмақтарың осы»- делінген.
Я Алла! Сенің разылығыңды және жәннатыңды сұраймыз. Сенің қаһарыңнан және тозағыңнан пана тілейміз. Жәннатқа жақындататын сөздерді, амалдарды орындауымызға жәрдем беруіңді сұраймыз.

Көксу ауданы «Балпық би» мешітінің имамы Е. Ерімбет

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз