https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Құран оқымаған он нәрседен құр қалады

23 Jun 2019 0 comment Оқылды: 1215 рет

Күллі әлемнің Раббысы, аса Үстем, екі дүниенің Патшасы, көркем сипаттардың иесі Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар, және жәннәтпен Сүйіншілеуші, тозақпен Ескертуші, қараңғылыққа жарқыраған шырақ, Аллаға шақырушы, күллі әлемге рахмат болып келген Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафаға Алла Тағала мен періштелердің және адамдардың салауаттары мен сәлемдері болсын.
Құран оқу – Алла Тағалаға жақындататын амалдардың ең ұлығы болып есептеледі. Өйткені құран Алла Тағаланың адамзатты бұл дүние және ақыретте де бақыттылыққа жетелеуші ретінде түсірілген кәләмі. Хаббаб ибн Аратти (Алла одан разы болсын) бір кісіге: «Шамаң жеткенше Алла Тағалаға жақында, және біліп қой, Алла Тағалаға оның кәләмінан артық ұнамдырақ амалмен жақындай алмайсың»,- деп айтқан. Яғни Құран оқып, оған амал ететін болсақ мол сауапқа кенелетініміз сөссіз. Ал керісінше Құранды артымызға тастайтын болсақ, онда оның зиянын тек өзіміз тартып, көп нәрседен құр қалатынымыз да өзіміз. Сол себебті Құран оқымаған адам мына он нәрселерден құр қалады:


1. Алла Тағала Құран кәрімде: «Кім менің насихатымнан (Құраннан) бет бұрса, оның тұрмысы таршылықта өтеді, қияметте біз оны соқыр күйде тірілтеміз. Ондайлар: « Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Көзім көруші еді ғой!» - дейтін болады. (Алла): «Иә, солай. Саған аяттарымыз келген еді, сен оны тәрк еткен едің, ал бүгін сен де сол сияқты тәрк етілесің»,- деп айтқандай адам баласы Құран оқымаса, тіптен оған көңіл бөлмесе бұл дүниеде және ақыретте де таршылық көріп құрдымға ұшырағандардан болады.
2. Пайғамбарымыз صلى الله عليه و سلم хадис шәрифінде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, және оны басқаға үйреткендерің»,- дегендей Құранды үйренбесе, оны оқымаса үшін адамдардың ішіндегі қайырлысы болудан құр қалады.
3. Тыныштықтан, рахматтан құр қалады. Бұл турасында хадисте: « Қандай да бір қауым Алла Тағаланың үйлерінің біріне жиналып Алла Тағаланың кітабын оқып, және оны бір – біріне үйретсе, оларға тыныштық түсіп, рахмат жауып, періштелер қоршап алып, және Алла Тағала оларды өзінің қасындағы періштелердің алдында еске алады»,- делінген.
4. Алла елшісі صلى الله عليه و سلم айтқан: « Кім Алла Тағаланың кітабынан бір әріп оқыса, оған ол бір жақсы амал болып жазылады. Ал бір жақсы амал он есеге көбиеді. Алиф, Ләм, Мим бір әріп деп айтпаймын, бәлки Алиф бір әріп, Ләм бір әріп, Мим жеке бір әріп». Сондықтан да Құран оқымаған адам хадисте айтылған сауаптардан мақұрым қалады.
5. Құранды үнемі оқыйтын адамның жүрегі тыныштық тауып, мазасыздықтан, күйгелектіктен және де әр- түрлі кеселдерден шипа табады. Ол туралы қасиетті Құран кәрімде: «Біз мүминдерге шипа және рақым болатын Құран аяттарын түсіреміз»,- делінген.
6. Кімде- кім кәһф сүресінің алғашқы он аятын жаттаған болса, бір риуаятта сонғы он аятын жаттаса, Дәджалдың фитнасынан сақтанады.
7. Қабір азабынан сақталудан құр қалмауы үшін әрдайым мүлік сүресін оқып жүруі керек. Бұл жайында Хакимнің риуаятындағы: « Мүлік сүресі қабыр азабынан сақтаушы»,- деген хадисі келген.
8. «Құран оқыңдар, өйткені ол қиамет күні оқыған адамға шапағатшы болып келеді». Осы хадис құранның оқып жүрген адамға жәннәтқа кіргенге шейін шапағат етуші екеніне дәлел. Ал қарсы жағдайда адам құранның шапағатынан құр қалатыны белгілі.
9. Қиамет күні әке- шешесінің басына тәж кигізілуінен құр қалмауы керек. Бұл жайында: «Кімде –кім құранды оқып, ондағыға амал қылса, оның ата – анасының басына жарығы күннің жарығынан да асып түсетін тәж кигізіледі»,- деп хадис келген.
10. «Құран оқушыға: «оқыда көтеріл, дүниеде оқығаныңдай оқы, оқып болған соңғы аятың сенің дәрежең болады»- делінеді». Осы хадиске сай дәрежеден құр қалмауымыз үшін әрдайым Құранды тилауат етіп, жаттап жүруіміз керек.


Құран оқушыға берілетін барша сыйдан құр қалып қалмай, өмірімізді Құранмен өткізуімізді Алла Тағала нәсіп етсін.

Данағұлов Алмас 

"Нұр" мешітінің бас имамы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз