Бізді мұсылман қылып жаратқан Жаратушыны танығаннан кейін оның нығметі мен ақысы төле десе төлей алмайтын қанша мүмкіндіктер берген Раббымызға алғысымызбен ризашылығын білдіру әрбір мұсыманға міндет деп білем. Алла Тағала Құранда Ибраһим сүресінің 7-аятында былай дейді: « Сол уақытта Раббыларың: Егер шүкір етсеңдер арттыра берем. Ал еген қарсы келсеңдер, азабым тым қатты» деп ескертеді. Осы аятқа қарасақ Алланың берген нығыметтерін бағалай білу оған шүкір ете білуі әр мұсылманға міндет. Алдымен Аллаға шүкір ету үшін адам бірінші жақындарына туыстарына достарына алғыс айтуды үйренуі керек. Оған Қасиетті құранда Рахман сүресінде 60-аяттта: « Сендерге жасалған жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарыңдар!» деген аяти карима дәлел болады. Қарасаңыз жақсылыққа жақсылықпен жауап беру адамдар арасында сыйласымдылықты, адамгершілікті, бағалай білуді көреміз. Бір біріне жақсылққа жақсылықпен жауап берген әлбетте ол Аллаға да алғысын шүкіршілігін жасай алады. Ең алғаш жақсылықты туыстармыздан бастау керек дегенге келсек. Құранда Лұқман сүресінің 14 аятында Алла былай деп баяндайды: «Адамдарға; ата – анасына қарайласуды бұйырдық....... Маған және ата – анаңа шүкір ет. Қайтар орның мен жақ» Міне, Құранда Ата-анаға алғыс айтуды, Аллаға шүкір етуді қатар бекерге қоймағанын көреміз. Алғыс айтуға ең лайықты жандар ол ата-анамыз тұрады. Алғысқа жайында Құран аяттарына мәндес Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерде көптеп кездеседі соның бірі «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды»(Тирмизи, Әбу Дәуіт). Алғыстың түрлері Ауызша айту, ең көп таралған түрі десек қателес болмаймыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасалған жақсылыққа артығымен жасауды ұнатқан. Екінші кезекте айтар едік адамдардың басқаларға материалдық жағынан көмек, білім беру, қол ұшын созу, сыйлық, мұқтаждықтарын өтеуді жастқызсақ болады. Үшінші түріне келсек Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер сендерге жасалған жақсылық үшін, Ансар бауырыңның жасғана жақсылығы үшін Аллаға дұғада болсаңдар, сендерге әрі алғыс сауабы беріледі, әрі Ансар бауырыңның жасаған жақсылығындай сый беріледі». Әрі маңызды әрі сауапты іс. Бір нәрсені ұмытпауымыз керек жақсылыққа алғыс күтпеуіміз керек. Жасаған жақсылық жауапсыз қалмайды. Адамдар арасында алғыс айтып тұрк таптырмайтын құрал десекте болады. Адамның жан дүниесі тазаланып, жүргі жұмсарып, мейірімділігін оятатын маңызды да сауапты іс. Әрқашан бір бірімізге алғысымыз, Аллаға шүкіріміз көп болсын Әмин.
Текелі қаласы «Керімбек би»
мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы