https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Түндердің ең ұлығы

28 May 2019 0 comment Оқылды: 659 рет

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мақтау мадақтар, Пайғамбарымыз Мухаммад Мустафаға ең жақсы салауаттар мен сәлемдер болсын.
Рамазан айының түндерінің ішінде қасиетті өте берекелі болған Қадыр түні бар. Құранда ол мың айдан қайырлы деп айтылған. Ал мың ай - сексен жыл және төрт айға тең келеді. Осы түнді құлшылықпен өткізген адам неткен бақытты болып есептеледі. Кім осы түнді құлшылықпен өткізген болса, ол сексен жылдан артық уақытты құлшылықпен өткізген болып есесптеледі. Шын мәнінде бұл Алла Тағаланың құлына тарту еткен сыйларының ішіндегі өте үлкен нығметі.
Дурру Мансур атты кітапта Анастан (радиаллаху анху) жеткізілген хадисте Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтқан: «Алла Тағала Қадыр түнін тек менің үмметіме беріп, бұрынғы үмметтерге бұл сый болмаған». Осы ерекше сыйға ие болудың себебі бірнеше хадисте әр – түрлі келген. Кейбір хадистерде бұрынғы өткен үмметтердің өмірлерінің ұзақтығымен өзінің үмметінің өмірінің қысқалығының себебінен жақсы амалда теңесуді қанша қаласада, тең келе алмайтындығынан Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) қайғырған кезде, Алла Тағала осы түнді берген. Сол Қадыр түнінің артықшылығы жайында Құранда толық бір сүре түседі. Ол Қадыр сүресі:
إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ
«Расында біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік». Яғни Құран Ләухул махфуздан осы түні көкке түсірілген.Тек, бұл ұлық болған Құранның Қадыр түнінде түсуі, осы түннің басқа түндерден артықшылығына жеткілікті еді, бірақ бұл түн тағыда басқа көптеген берекемен құндылықтарды қамтиды.
وَمَا أَدْرَاكَ مَا لَيْلَةُ الْقَدْرِ
«Қадыр түнінің не екенін білесіңбе?»Яғни бұл түннің ұллылығымен артықшылығын, және қаншама берекемен құндылық барын білесіңба?Кейін біраз құндылықтарын айта кетеді.
لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر
«Қадыр түні мың айдан қайырлы». Бұл түндегі құлшылықтың сауабы мың ай бойы құлшылық қылудың сауабынан асып түседі, және қаншалықты асып түсетіні беймәлім.
تَنَزَّلُ الْمَلائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ
«Періштелер және Рух(Жебрейіл алейхис сәләм) ол түні Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі».Жер бетіндегі ұсақ тастардың санынанда көп болып періштелер түседі. Өйткені сол түні береке мен рахмат көп түседі, ал әрбір береке мен рахматты періштелер алып түседі. Көпшілік тәпсіршілердің айтуы бойынша Рух ол - Жебрейіл (алейхис сәләм). Басқа періштелерден артықшылығы себебінен оны бөлек айтқан.
سَلامٌ هِيَ حَتَّى مَطْلَعِ الْفَجْرِ
«Ол бейбітшілік түні, таң рауандағанға дейін жалғасады». Бебітшілік түні дегені сәлемнің көп болғаны себебінен. Өйткені періштелер әрбір мүміннің қасынан өткенде сәлем айтады.Бейбітшілік түні дегеннің екінші мағынасы - жаманшылықтан, арсыздықтан тыныш түн. Ол түннің берекесі түннің қандайда бір бөлігінде емес, бәлкім түні бойы таң рауандағанға дейін берекесі жалғасады.
Қадыр түнінде құлшылық қылудың артықшылығы жайында Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтқан: «Кім Қадыр түнінде иманмен, сауабына үміт етіп (құлшылыққа) тұрса, оның өткен күнәларының бәрі кешіріледі». Құлшылыққа тұру дегеніміз - намаз оқу, құран оқу немесе зікір қылу сияқты басқада ғибадаттармен айналысу кіреді. Сауабына үміт ету дегеніміз - біреуге рия қылып көрсету үшін емес, керісінше, ықыласпен Алла Тағаланың разылығын алу және сауабына кенелу ниетінде болу.Осындай Алла Тағаланың мейірімі төгіліп тұрған кезде жалқаулық танытып, сауабынан құр қалу нағыз мақұрым болған адам. Бұл жайында Анас радиаллаху анху айтады Рамазан айы кірген кезде Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтқан:«Міне Рамазан айы кіріп келді, бұл айда мың айдан қайырлы болған бір түн бар, кім сол түннен мақұрым болса онда ол барлық жақсылықтан мақұрым болғаны. Ал одан мақұрым болатын тек ең бақытсыз ғана».Осы хадисте айтылғандай ақіреттің сауабына мән бермей өткінші дүниенің аз ғана құны үшін түнін ұйқысыз өткізіп жүрген қаншама адамдарды көрсе болады. Ал ақиқатында сексен үш жылдың құлшылық сауабына кенелуі үшін бір ай бойы сергектік таныту нағыз жүрегінде ақіретке деген үміті бар және құлшылықтың дәмін татқан адамдардың үлесі болып табылады.
Еліміздің барлық мешіттерінде Мамыр айының 31- нен Маусым айының 1- не қараған түн- қасиетті Қадыр түні күтіледі. Сол түні мешіттерімізде уағыз- насихаттар және діни сұрақ- жауаптар секілді ізгі амалдар өткізілмек.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз