Сүннет (арабша суннат) –Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у) бойұсыну бұйырылады. Сүннет-парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.
Сүннет үшке бөлінеді;
1.Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет) . Пайғамбардың (с.а.у) үнемі орындап, кейде орындамаған Сүннеттері. Мысалы, таң, бесін, ақшам намаздарының сүннеттері. Осы Сүннеттерді орындаған сауапқа кенеледі. Орындамаған адам жаза берілмесе де, айыпталады.
2.Ғайри мүәккәд Сүннет(бекітілмеген сүннет). Пайғамбардың (с.а.у) кейде жасап, кейде жасамаған Сүннеттері. Намаздыгер мен құптан намазының алғашқы Сүнеттері осыған жатады. Осы Сүннеттерді орындау сауапты, ал орындалмаса, күнә жоқ.
3.Зәуәид Сүннет (артықт сүннет). Осы Сүннеттер Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік үшін орындалса, сауабы көп, орындалмаса күнәсі жоқ, Факихтер омъсы негіздегі бұйрықтардан Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) Сүннеттеріне бойұсынудың қажет екендігін түсіндірген, осылайша Сүннет Құраннан кейінгі екінші түпдеректі қалыптастырған.
Сүннет құрылымы тұрғысынан үшке бөлінеді;
а) ауызша Сүннет;
ә) іс-әрекеттік Сүннет;
б) тақрири Сүннет;
Ауызша Сүннет-Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) сөздері, ол хадис деп аталады.
Іс-әрекеттік Сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) орындаған іс-әрекеттерін білдіреді.
Ал тақрири сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) көрген ісі төңірегінде үндеместен, оны мақұлдағанын көрсетеді. Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у) көрген ісіне қарсы шықпауы сол істі істеуге болады деген сөз.
Риуаят түріне қарай Сүннет үшке бөлінеді;
а) Мутауатыр Сүннет;
ә) ямашхур Сүннет;
б) Ахад Сүннет;
Мутауатыр Сүннет-жалған айтуға келісуі мүмкін болмаған қауымдар тарапынан ұрапқтан ұрпаққа жеткізілген Сүннет. Сол себептен, мутауатыр Сүннеттің жарамдылығы міселесінде фикһтер арасында пікірталас туындамаған.
Машхур Сүннет-бір табақадағы (топ) рави (Пайғамбар сөзін жеткізетін адам) саны бір немесе екі адамнан тұрғанымен, екінші табақаларда көп равилер тарапынан риуаят етілген Сүннет.
Ахад Сүннет-әрбір табақадағы жеке кісілер тарапынан жеткізілген Сүннет. Мұны «Хабар-т уахид» деп атайды, яғни тек қана бір адам риуаят еткен хабар дегенді білдіреді.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) –Құранды алғаш рет түсіндіріп, ондағы үкімдерді алғаш рет орындаған адам. Түсіндіру және орындау кезінде оның илахи бақылауда болғандығы қабылданады.
Кербұлақ ауданының бас имамы Қанат Маратұлы