https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ораза хикметтері

15 May 2019 0 comment Оқылды: 917 рет

Күллі әлемнің Раббысы Алла Тағалаға мақтау мадақдар және Пайғамбарымыз Мухаммад Мұстафаға ең жақсы салауаттар мен сәлемдер болсын.
Рамазан айы он екі айдың ішіндегі ең ұлық, берекелі ай. Бұл жайында Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) былай деген: «Өте берекелі болған Рамазан айы кіріп келді. Бұл айда Алла Тағала сендерді өзінің ерекше назарына алады және мейірімін төгіп, күнәләрді кешіріп, дұғаларды қабыл қылады. Алла Тағала сендердің жақсы амалға жарысқан еңбектеріңе қарап періштелердің алдында мақтан тұтады. Ендеше Алла Тағалаға өздеріңнің ең жақсы амалдарыңды көрсетіңдер. Ал ақиқатында бақытсыз адам ол осы айдың өзінде Алла Тағаланың мейірімінен мақрұм болғаны». Осы айда мұсылман адам Алла Тағаланың Құранда айтқан: «Ей иман келтіргендер, бұрынғыларға парыз етілгендей сендергеде ораза парыз етілді ,тақуа болуларың үшін» парыздарының бірі оразаны ұстайды. Жыл бойы ораза ұстау қиын болсада, адамдар Рамазан айының сауабын білсе еді, олар Рамазан айы жыл бойы жалғасуын қалар еді деп хадистерде келген . Сол үшін сахабалар Рамазан айы кірген кезде қуанып, бітер кезде жыл бойы жалғасса екен деп қайғырған. Тіптен сапарда қиыншылықтары себебінен ораза ұстамауға рұқсат етілседе, сахабалар «Алла Тағала олардан разы болсын» ол қиыншылықтарға қарамай, бұл айдың сауабына деген құштарлықтарынан оразаларын үзбеген. Таңнан кеш батқанға дейін тағамнан және сусыннан ораза кезінде тыйылуының хикметі - бай мұсылман адам кедей мұсылманның жағдайын түсініп, оған садақа беруінде. Сол үшін Рамазан айы үлкен сауаптарға кенеліп, Алла Тағаланың мейірімі мен рахымына бөленетін ай. Рамазан айында адамдар жақсы амалдарға, ғибадаттарға ыждағаттық танытады. Өйткені Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтқан: «Рамазан айы кірген кезде жәннәт есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылып, шайтандар кісенделді» деген. Бұл айда сауаптар еселеніп жазылатыны жайында Пайғамбарымыз (Алла Тағаланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтқан: «Ей адамдар, өте ұлық және берекелі айдың кіріуі жақын қалды. Бұл айда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Алла Тағала бұл айдың оразасын парыз етіп, ал түнгі тарауих намазын нәпіл еткен. Кім бұл айда Алла Тағалаға жақындау мақсатында жақсы амал істеген болса, басқа айда парыз амал істегенмен тең. Ал кім парыз амалын орындаған болса, ол Рамазаннан тыс айда жетпіс парыз амалын орындаған болып есептеледі. Бұл сабырлық айы, ал сабырлықтың сыйы ол жәннәт. Бұл басқаларға қамқор болатын ай. Бұл мұсылманның ризығы артатын ай. Кім ораза ұстаған адамның аузын аштырған болса, ол оның күнәларының кешірілуіне және тозақ отынан босатылуына себепкер болады. Оған сол ораза ұстаушылардың сауабы өздерінен кеміместен жазылады. Сонда сахабалар: «Йа, Алланың елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) бәріміз ораза ұстаушылардың аузын аштыратындай тағам таппаймыз ғой» дегенде Пайғамбарымыз: «Алла Тағала сол сауапты бір құрма,бір жұтым су немесе су аралас сүткеде береді» деп жауап қайтарды. Осы айдың бірінші бөлігі мейірім, екінші бөлігі кешірім, ал соңғы бөлігі тозақтан босатылу болып есептелінеді. Кім Рамазан айында қол астындағыларына жеңілдік жасаса, Алла Тағала оны кешіріп, тозақтан босатады. Сондай-ақ бұл айда төрт нәрсені көбейтіңдер, екеуі Раббыларыңды разы қылу үшін одан кейінгі екеуіне сендер мұқтажсыңдар. Раббыларыңды разы қылатын екеуі – ләә иләһә илләАллаһ деп куәлік берулерің және Алладан кешірім сұрауларың, содан кейінгі сендер мұқтаж болған екеуі -Алла Тағаладан жәннәтті сұрауларың және тозақтан пана сұрауларың.
Алла Тағала баршамызды тозақ отынан сақтап, Фирдаус жәннәтін нәсіп етсін және де Рамазан айын құлшылықпен өткізуге жәрдем берсін.

Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің
бас имамы Данағұлов А.С.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз