https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Шафиғи мазһабы

15 May 2019 0 comment Оқылды: 2204 рет

Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи һижри 150 жылында Ражаб айында Палестинаның Ғазза қаласында жағдайы төмен отбасында дүниеге келген. Имам Шафиғи дүниеге келген соң көп ұзамай әкесi дүниеден өткен. Имам Шафиғи екі жасқа келгенде анасының Әл – Харам Меккеге көшті. Әл-Харам мешiтiне жақын жердегі «Шағаб әл-Хайр» деп аталатын ауданда тұрды. Жас бала иама Шафии ең алғаш бiлiмді Меккеден бастады. Анасының баласының оқуына төлейтiн ақшасы жоқ едi. Жас бала дәрістерді жылдам жаттап, тез меңгерiп алатын қабілеті бар еді.
Ол Құранды жеті жасында жаттап алған. Дәрістерді Мекке мешiтiнің ғалымдарынан алды. Ғұламалардан араб тiлiн, граматикасын, синтаксисiн терең меңгерді. Өте аз уақыттың ішінде араб тілін, араб тайпаларының диалектiлерiн меңгерген. Кейін болашақ ғалым Құран, фикҺ, хадис ғылымына көңіл бөлді. Ислами атақтың бәрін өзінің тәлім алған ұстаздарының арқасы деп біледі.Мысалы айтсақ Құран қатысты ғылымды – Исмаил Ибн Константиннен, хадисқа қатысты ғылыды – Суфиан Ибн Уейнадан, Муслим Ибн Халид әз-Зиджиден, Дауд Ибн Абдуррахман әл-Мухаммад Ибн әл-Хасаннан оқыды.
Кейiн аш-Шафии ілімді имам Маликтен алу үшiн Мәдина Мунаууараға көшті. Сол уақытта Имам Маликтен дәрiсіне қатысу үшін алыс жақыннан жан – жақтан көптеген шәкірттерғ аылып келiп қатысып жатқан еді. Имам аш-Шафии болса соның бірі болатын. Меккенiң әмiрі Мәдинаның әмiріне хатта жолдаған аш-Шафиидi имам Маликке шәкiрт етiп алуын өтiнген.Имам аш - Шафии имам Маликтiң “Әл-Муатта” атты еңбегін жаттап алған еді. Имам аш-Шафии имам Маликпен кездескенін былай деп жеткізеді: “Мен имамға шәкiрт болу үшін Мадинаға келгенмін. Мен оны iздеп мешiтке келгенімде имам: “Бiлетiн нәрселерiңдi қайтала, сұрақтарға дайындал! – дедi. Мен оған: – “Мен дайынмын!” – дедiм. Кейін оның “Әл-Муатта” атты еңбегін жатқа айттым. Кейін имам Малик өзiнiң шәкiрттерiне қарап былай деді: – “Егер сендердiң араларыңда ең бақытты адам бар болған болса, ол – осы бала!” – дедi. Кейін аш-Шафии имам Малик дүниеден өткенше онымен бірге болды.Имам Малик дүниеден өткен соң Иеменге көшіп сол жерде қызмет етті. Иеменде оны көре алмаушы топ пайда болып, оны шиаларды қолдаушы деген жала жабылды.
Аббаси әкiмшiлiгi бұйрық шығарып кiсендеп Бағдатқа әкелді. Харун әр-Рашид ол кезде халиф болған кез. Халиф онымен сөйлесін дидарласқан соң терең біліміне, адамгершілігіне танты болып оны босатып, өтірік жала жапқандарды жазалады. Тұтқыннан босап имам Малик Меккеге қайтып келді. Меккеде : тәпсiр, араб тiлi, фиқҺ, хадистен сабақ жүргізе бастады. Кейiнгі уақытын Бағдатта өткізді. Бағдатта ол фиқҺ негiздерiн қамтыған “әл-Худжа” кiтабы жарық көрді.
Һиджри 199 жылын имам Шафии Мысырға қоныс тепті.Имам Шафиғи соңғы уақыттарын Мысырда өткізді. Имам аш-Шафии һиджри 204 жылы ережеп айының соңғы жұмасында дүниеден өтті. Каир қаласында Құрафа әс – Суғра атты қабiрге жерлендi.
Имам Шафиидің еңбектері:
1.«Әз-Зафаран» Намазда қателескен имам жайлы жазылған кітап сол имамның атымен аталған.
2.«Джима әл-Илм» – Бұл кiтаб Пайғамбар (с.а.у) сүннетiн басшылыққа алу міндеттелігіне негізделген.
3.«Әл-Умм» – әш - Шафии мазхаб фиқҺы.
4.«Әр-Рисамә» – Хадис танушылар мен фиқҺ бiлгiрлер қолынан тастамайтын кітап.

Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің
бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз