Рамазан он екі айдың сұлтаны болатын себебі, бұл айда мұсылмандарға жол басшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Бұл турасында Бақара сүресінің 185 аятында «Рамазан адамдарға тура жолды нұсқаушы, бекем тұтанатын жолбасшы ретінде, ақ пен қараны айырушы Құран түсірілген ай», - деп айқындаған. Бұл аят мұсылман өміріндегі екі маңызды мәселеге ишара. Біріншісі: Рамазан айы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) құран аяттары келе бастаған ай және Құранның көп бөлігі рамазан айларында түсірілген. Екіншісі: Рамазан айы басталуымен әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл есі дұрыс мұсылман ораза ұстауы парыз.Ораза ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және түрлі жаман іс әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Рамазан айы кей жылдары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады. Рамазан айы 29 күн болған кезде де толық болып есептеледі. Өйткені парыз болған нәрсе сол айда толығымен ораза ұстау. Сүйікті Пайғамбарымыз тоғыз мәрте Рамазан оразасын тұтқан. Бұл Рамазанның төртеуі 29, ал бесеуі 30 күн болған.
Рамазан айы – мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Ислам таңы осы айда атып мың айданда хайырлы болып есептелетін Қадыр түніде осы айдың ішінде. Осындай ұлы айды Аллаһ тағала мұсылмандарға тарту еткен.
«Қасиетті Рамазанның- басы мейірім, ортасы- кешірім, ал соңы- жаһаннамнан азат болу» Мұхаммед с.ъ.у.
Бір күні Пайғамбарымыздың сахабасы Әбу Умәмә: «Я, Алланың елшісі! Маған жаратушы Аллаһ тағала сыйға бөлейтін бір амал үйретші» дегенде, Пайғамбарымыз (с.ъ.у) «Саған оразаға жармасуды насихаттаймын. Өйткені, ол теңдесі жоқ құлшылық» деп жауап берді. Себебі ораза ұстаушы адам өзін ең бірінші сабырлыққа тәрбиелейді. Сәлман Фарси Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ның шағбан айының соңғы күндерінің бірінде оқыған құтпасын былай деп жеткізді: «Ей. Мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрәк айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келеді. Ол ішінде мың айдан да хайырлы Қадыр түні бар ай. Бұл ай, Аллаһ тағаланың күндізін оразамен, түндерін нәпіл тарауих намазымен өткізуді бұйырған мүбәрәк ай. Бұл айда кімде кім, бір хайырлы іс жасаса, басқа уақыттарда бір парызды орындаған адамдай сауап алады. Ал, бір парызды өтеген адам, басқа айларда жетпіс парызды өтегендей сауапқа ие болады. Бұл ай сабырлықтың айы. Ал сабырдың сыйы жәннат» деді. Ораза ұстаған адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аштықпен шөлге шыдай білген адам, аяқ асты тап болатын түрлі қиындықтарға сабырлық танытуға шамасы жетеді. Хадис Шарифте «Ораза сабырдың, ал сабыр болса иманның жартысы» деген. «Аллаһ тағала қашанда сабыр етушілермен бірге» Бақара сүресі 153аят. Рамазан айында тәубеге келген адамның, Аллаһ тағала басқа он бір айда жасалған күналарын кешіреді» Мұхаммет с.ъ.у. Рамазан айының қадірін ұғына алғандар сансыз нығметтерге бөленеді. Оған бейқам қарағандар Алланың мейірімінен құр алақан қалып қояды. Жәлаладдини Руми айтады: «Жүрек көзі соқыр жандарды ешқандай құлшылық нұрландыра алмайды» Пайғамбарымыздың хадисінде олардың жағдайы тіпті қорқынышты айтылған: «Жәбірейіл (а.с.) маған көрініп Рамазанға жетіп, бірақ күналарының кешірілуіне ұмтылмаған адам, Аллаһтың мейірімінен аулақ кетсін!» деді. Мен «Әмин» деп жауап бердім деген еді.Сондықтан Рамазан айын кешірім, рахым айы деп түсініп, біліп білмей істеген күнә, кемшіліктерімізден жарылқану тілей отырып ораза ұстайтын болсақ, сыйы жәннәт болмақ.
Аллаһ тағаланың алдында ұстаған оразамыз бен Рамазан айы әдемі бір бейнеде келіп, ұстаған адамға шафағат ету үшін жаратушыдан рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол жайында былай деді: Қиямет күні болғанда Аллаһ тағаланың алдына Рамазан айы бір әдемі, көркем бейнеде келер, сол кезде Аллаһ тағала «Я Рамазан айы, сенің не тілегің бар?» деп сурар. Рамазан айы айтар: «Я. Раббым. Сенің бұл құлың денінің сау кезінде, сенің разылығың үшін, мені қастерлеп, ораза тұтып, сол арқылы саған құлшылық етті. Енді сол құлыңды тозақ отынан сақтап, бастарнына нұрдан тәж киуіне, қабірден тоқ болып тұруына нәсіп ет. Оларды жәннатқа кіргізе гөр» деп тілек тілейді. Сол кезде Аллаһ тағала айтар: «Сені қадірлеп орза тұтқан құлдарымды менің алдыма келтір. Мен сенің тілегіңді қабыл еттім. Жәннатқа өзің баста» дер. Рамазан айы өзі бастап жәннатың әр-Райиан атты есігінен кірер. Деген.
«Жәннатта ар-Райиан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді» Мұхаммед с.ъ.у.
Аллаһ тағала Бақара сүресінің 183 аятында: «Ей, иман келтіргендер! Егер тақуалықтан үміттерің болса. Сендерден бұрынғыларға парыз болғандай сендерге де ораза тұту парыз болды» деген. Абу Жаффар былай деп риуаят етті. «Бұрынғы қауымға түскен ораза құфтан намазынан келесі түнге дейін тамақ ішу, жұбайы мен қатынаста болу сияқты нәрселердің бәріне тиым салынған. Ал Мұхаммед (с.ъ.у) үмбетіне Аллаһ тағала бұлардан күндізгі уақытта ғана тыиды. Осынша жеңілдетілген оразаны бір ай ғана уақыттың ішінде үзбей ұстауға тырысайық.
Кербұлақ ауданының бас имамы Қ.Маратұлы.