https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бәрат қасиетті түні

25 Apr 2019 0 comment Оқылды: 800 рет

Аллаһ Тағаланың мейірімінің шексіздігі соншалық, бізге қаншама қасиетті күндерді, түндерді сыйға тартқан. Сол түндердің бірі Пайғамбарымыз ең көп ораза тұтқан Шағбан айының Бəраат түні. Бұл түні күллі мұсылман қауымы ізгі, сауапты істерді барынша көптеп істеп қалуы тиіс. Пайғамбарымыздың мынадай хадисі бар: «Шағбан айының жартысы болған кездегі түнді құлшылықпен өткізіңіз. Күндіз ауыз бекітіңіз. Өйткені, Алла тағала күн ұясына батқан шақта, жер бетіне шуағын түсіріп: «Кешірім тілеуші бар ма екен, кешірейін. Рызық сұраған бар ма екен, рызық берейін. Ауру сырқауға ұшыраған бар ма екен, оған шипа берейін. Бар ма екен, бар ма екен, бар ма екен деп таң шапағы атқанға дейін жалғастырады». Бәраат түнін сауапты өткізу үшін, бұл түнді ұйқысыз өткізген абзал. Егер кімде кімнің шамасы жетсе, бұл түнді тек құлшылықпен өткізгені жақсы. Алайда кімнің бұған шамасы жетпесе, ол адам осы түннің кез келген бөлігін құлшылыққа арнай алады. Құлшылыққа түннің екінші бөлігін арнап, мына ғибадат түрлерін атқарса болады: - Намаз. Намаз – осы түнде атқарылатын ең абзал құлшылықтың бірі. Себебі, намаз-діннің тірегі, құлшылықтың мəйегі. Намаз ракағатының белгіленген саны жоқ, алайда ракағат саны көп болғаны нұр үстіне нұр. Сондай-ақ әр намаздағы рукуғ, қиям, сәжде де ұзағырақ болғаны абзал. Намазда Құраннан ұзақ аяттар оқылғаны жақсы. Егер кімде кім ұзақ сүрелерді есіне түсіре алмайтын болса, бір ракағатта қысқа бір сүрені бірнеше рет қайталауына да болады. - Тиләуәт. Қасиетті Құранды оқу – осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады. Намаз оқып болған соң, я болмаса басқа уақытта шамаңыз жеткенше Құран оқыңыз. - Зікір. Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Сондай- ақ зікірді жүріп бара жатқанда, төсекте жатып және де жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта да оқуға да болады. - Дұға. Бұл түні бізге көп пайда әкелетін ғибадаттың бірі. Осы түні Алла Тағала дұғамызды қабыл етеді деген үміт бар. Дұға – ғибадат. Алла Тағала жасаған әрбір дұға үшін сұраушының мұқтаждығын өтеп қана қоймай, сауап та жазады. Тіпті сұраған нәрсесі қол жетімсіз болса да, ол адам жасаған дұғасы үшін сауаптан құр қалмайды. Сонымен қатар дұға барлық ғибадаттың өзегі болып табылатын Алла мен адамның байланысын арттырады. Міне осылай біз ақыреттік азығымызды да дайындаймыз. Себебі, қыстың қамын ойлаған құрт-құмырсқа секілді, адам да Ақыреттің қамын ойлап, игі істерді барынша көп жасап қалуы тиіс.

Қаратал ауданының бас имамы Булекбаев Ерік

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз