https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мүлік сүресінің қасиеті

25 Apr 2019 0 comment Оқылды: 4377 рет

Мүлік сүресі қасиетті Құранның 30 аяттан тұратын реттік саны бойынша 67-ші сүресі. Мүлік – билеуші, патшалық деген мағына береді.
Мүлік - Меккеде түскен сүре. Мүліктің мазмұны басқа да Меккелік сүрелер сияқты ақиданың негізгі тақырыптарын қамтиды. Ақидадағы ең басты үш мұраты баян етілген, олар; Өмір сыйлау мен өлім берудегі Алла Тағаланың құдіреті мен ұлылығы, әлемдер Раббысының бірлігін көрсететін дәлелдер және қайта тірілуді өтірікке шығарушы жалғаншылардың ақыры.
Әр сүренің өзінің бір өзгешелігі мен өзіндік қасиеті бар. Алла Елшісінің (с.а.с) Мүлік сүресінің қасиеті мен ерекшелігі жайлы бірнеше хадистері бар.
Пайғамбарымыз( с.а.с. ) былай дейді: «Мүлік сүресін әр күні түнде оқыған кісіні Алла Тағала қабір азабынан сақтайды».
«Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Кім оны оқыса, қияметте оның күнәсі кешірілмейінше шапағат етуін тоқтатпайды. Ол-Мүлік сүресі». (Әбу Дәуіт).
«Мүлік сүресі жамандықтың алдын алушы және құтқарушы. Ол қабір азабынан қорғайды».
«Құран Кәрімде отыз аяттан тұратын бір сүре бар. Кім ол сүрені ұйықтар алдында оқыса, ол кісіге отыз сауап жазылады, отыз күнәсі кешіріледі, отыз дәрежесі көтеріледі. Алла Тағала ол кісіге бір періште жібереді. Ол періште ол кісінің үстіне қанатын жайып ол оянғанша барлық жамандықтан қорғап тұрады. Ол сүре өзін оқыған (кісге азап болмас) үшін күреседі. Ол- Мүлік сүресі».
Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүлік сүресін оқы. Оны жатта! Бала-шағаңа, көршілеріңе үйрет! Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы болады. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан ол кісіні тозақтан құтқаруын тілейді. Алла сол себепті оны қабір азабынан қорғайды».
Асхаби кирамнан бірнеше кісі бір жерге шатыр құрған еді. Бұл жерде бір қабірдің бар екенін білмеген еді. Шатыр астында Мүлік сүресінің оқылып жатқаны естілді. Алла Елшісіне (с.а.с) мұны айтқанда, Ол: «Бұл сүре адамды қабір азабынан қорғайды»-деді.


Алакөл ауданының бас имамы Әнет МОЛДАХМЕТОВ

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз