Шайтан - адамзат жаратылғаннан бері түрлі жамандықтарды, күпірлікке бастар һарекеттер мен түрлі деңгейдегі күнәларды барынша сүйкімді етіп көрсетті. Адамдар арасында өшпенділік пен дұшпандық отын жағу, бауыр мен бауырды,ері мен зайыбын, қоғам мен тұлғаның арасына іріткі салу- мұның бәрі шайтанның ұлық мақсаттарына кіретін істер. Соларды жүзеге асыру қамымен адамды алдап-арбап, дұрыс жолдан тайдыруды көздеді және дегеніне үнемі жетіп отырды. Шайтан қаншалықты жамандықты молынан жасаса,соншалық аталары Ібілістің құзырында мәртебелері арта түседі. Сол себебті мүмін адамдар шайтанның Алланың құзырында адамды азғырам деп берген уәдесін орындалмас үшін мықты құрал, Ол – Дұға.
1. Алланың атымен шайтанның азғыруынан сақтанып жүру.
رَبِّ أًعُوذُ مِنَ الشَّيَاطِينِ وَأَعُوذُ بِكَ رَبِّ أَن يَحْضُرُونِ
Мағынасы: «Раббым! Өзіңнен шайтандардың азғыруынан сақтанамын. Өзіңмен, Раббым, олардың қасыма келуінен сақтанамын».
2. Кәфирун және Ықылас сүрелерін оқып жүру.
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ (1) لَا أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ (2) وَلَا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ (3) وَلَا أَنَا عَابِدٌ مَا عَبَدْتُمْ (4) وَلَا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ (5) لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ (6)
Оқылуы:
Құл яа ай-юхәл каафирун. Ляа а-буду маа та-будуун. Уә ляа әнтүм аабидууна мааа а-буд. Уә ляа әнә аабидунә маа абәдтум. Уә ляа әнтум аабидуунә маа а-буд. Ләкум дииникум уә лиядиин.
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ (1) اللَّهُ الصَّمَدُ (2) لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ (3) وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ (4 (
Оқылуы: Құл һууәллаһу ахад. Аллаһус- сомад. Ләм ялид уә ләм юуләд. Уә ләм якулләһу куфуан әхад
3. Фалақ және Нас сүрелерін оқу.
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ (1) مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ (2) وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ (3) وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ (4) وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ (5)
Оқылуы:
Құл а-уузу бираббиль фаляқ. Мин шәрри маа халяқ. Уә мин шәрри ғаасиқин изаа уақаб. Уә мин шәррин-наффаасаати филь уқад. Уә мин шәрри хаасидин изаа хасәд.
بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ (1) مَلِكِ النَّاسِ (2) إِلَهِ النَّاسِ (3) مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ (4) الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ (5) مِنَ الْجِنَّةِ وَالنَّاسِ (6)
Оқылуы:
Құл а-уузу би раббин-наас. Мааликин наас. Иляһин наас. Мин шәрриль уасуаасиль ханнаас. Әлләзи юуасуису фии судуурин наас. Мин-әльжиннәти уән наас.
4. Аятул – Курсиді оқу.
اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لَا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلَّا بِمَا شَاءَ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَلَا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
Оқылуы: «Аллааһу ләә иләәһә иллә һуал-хаййул-қаййуум, ләә тә’хузуһу синәту-уәләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уәмәә фил-‘ард, мәң зәлләзи йәшфәъу ъиндәһу иллә би’изниһ, йәъләму мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә йухиитуунә бишәй’им-мин ъилмиһи иләә бимәә шәә’ә, уасиъа курсийуһус-сәмәәуәәти уәл-‘арда, уә ләә йә’удуһу хифзуһума уа һуал-ъалийул-ъазиим».
5. Ұйқыға жатарда Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқып жату.
آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ وَقَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ (285) لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا أَنْتَ مَوْلَانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Оқылуы: «Әәмәнәр-расуулу бимәә уңзилә иләйһи мир-раббиһи уәл-му’минуун, куллун әәмәнә биләәһи уа мәләә’икәтиһи уа кутубиһи уа русулиһ, ләә нуфарриқу бәйнә aхәдим-мир-русулиһ, уа қаалуу сәмиънәә уа атаънәә ғуфраанәкә раббәнәә уа иләйкәл-масиир * Ләә йукәллифуллааһу нәфсән иллә усъаһа, ләһә мәә кәсәбәт уа ъаләйһә мактәсәбәт, раббанәә ләә ту’әәхизнәә ин-нәсиинә әу ахта’нәә, раббанәә уа ләә тәхмил ъаләйнәә исраң кәмәә хәмәлтәһу ъаләлләзиинә миң қаблинәә, раббанәә уа ләә тухаммилнәә мәә ләә таақатә ләнәә биһ, уаъфу ъаннәә уағфир ләнәә уархамнәә әңтә мәуләәнә фансурнәә ъаләл-қаумил-кәәфириин».
Әр күнімізде Алла Тағалаға жүргенімізде, турғанымызда, жатқанымызда сыйынып дұға құлшылығымызды уақтылы жасап, көзімізді жаманнан қорғау. Тілімізді ғайбаттан,өсек-өтіріктен сақтау. Жанымызды жақсы сөз, құран, азан, уағыздар тыңдаға ұйыр ету. Мұсылман пенде күнсанап өзін біліммен жетілдіріп отыруға баулы. Сонда Шайтанның жанталаса жармасып, адасуға апарар жолын кесетін рухымызды құлшылықпен жаңырта жүріп жаннатқа баралық.
Алла тағала шайтанны кесірінен сақтасын! Әмин!
Шәріп Серік
Панфилов ауданының бас имамы