Шейх Шағрауи хазрет көпшілікке дәріс оқып тұрғанда, олардың алғысынан өзінің көңілінде зор сүйінішті, даңғойлықты байқады. Дәріс аяқталғаннан соң, көлікке мініп, үйге қайтты. Жолда бір мешіттің жанынан өтіп бара жатып, жүргізушіге: «Тоқта!»-деді. Жүргізуші таңғалып: «Ұстаз, намазға әлі уақыт бар ғой»,-деді де, тоқтады. Шайх хазрет көліктен түсіп, мешітке кірді. Мешіттің дәретханасына кіріп, оны толығымен тазалап шықты. Сосын көлікке мінді де кетті. Мұны көрген жүргізуші: «Неге былай істедіңіз?»-деп сұрады. Сонда шайх хазрет: «Сабақта нәпсім сәл шіреніп, менменсіп қалып еді. Оны кеміту үшін осылай істедім»,-деді. Алла Тағала шайх хазретті рақым еткей!
Дайындаған: Хасан Аманқұлов