https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Қаржысыз жасалатын садақалар

03 Apr 2019 0 comment Оқылды: 915 рет

Садақа – міндетті түрде қаржылай беру емес қолындағы бар нәрсемен бөлісіп беру садақа, азын-аулақ ақша болса да, жылы сөз, жітімнің басын сипау, жолаушыларға кедергі болып жатқан тасты алып тастау да садақа. Садақ ислам дінінде абзал іс. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Алладан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» – деген.
Садақа беруде көп адам мән бермейтін жағдаяттар көп кездесіп жатады соның бірі Ықылас. Амалдардың ең абзалы – ол ықылас. Ол ғибадаттың діңгегі. Бір хадисте «Алла сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды» – деген. Яғни ықылас пен ниет бірінші орында тұруы керек. Мұсылман әрдайым бұл амалдарды атқару алдында Алланың разылығын қалап, сауабынан үміттенуі керек. Себебі ықылас болмаған жерде амалдарда жойылады.
Мұсылмандар ықыласты болған жағдайда, ол көптеген сауаптарға кенеліп, амалдары қабыл болады. Қолға түскен заттың бәрін садақаға бере беруге болмайды. Садақа беруші адал кәсіппен, маңдай терімен тапқан қаржыдан беруі тиіс. Тартып алған, ұрлап алаған және өзінің жеке заты емес затты беруі сауап емес, күнә болуы бек мүмкін. Бұл садақаның сауабы болмағанымен ақыретте сұрағы мен жазасы барын ұмытпау керек. Себебі Алла пәк және таза, адал нәрселерді қабыл етеді. Ал енді садақаны кімге береміз дегенде мұқтаж, пақырлар мен міскіндер, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім-жесір, қарызға батқандарды жатқызуға болады.
Садақаның түріне мал дүниенің сауын беру. Өзіне жарамсыз сынық, ескі, істен шыққан, ескі-құсқы заттарды садақа етіп бере Алланың алдында да адамның алдында ұят нәрсе. Берген садақасын міндетсінбеуі керек ол саабын жояды. Құран Кәрімде Алла Тағала Бақара сүресінің 262 аятында «Мал дүниелерін Алла жолында жұмсап, кейін бергендерінде міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы – олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды». Садақ тек сауап емес ризығымыздың берекелі, өміріміздің ұзақ болуына да септегін тигізеді.
Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Ризығы берекелі және ғұмыры ұзақ болуды қалаған адам туысымен қарым-қатынасын үзбесін», – деген. Садақаны Алланың разылығын көздеген, ықыласы дұрыс, бергені үшін міндетсінбеуі керек. Ауруға ем іздесек, өміріміздің ұзақ болғанын, ризықтың берекелі, сауаптарды үміт етсек садақа беріп жүрейік.

Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің
бас имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз