https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жәннатқа кірмейтін үш топ

28 Mar 2019 0 comment Оқылды: 3004 рет

«Ол кейбіріңді игі һәм сауапты іс істер екен деп,бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірірді жаратты».(Мүлік сүресі 2-аят) осы Құран аяттары біздерге, өмір атты сынақ алаңының мәні мен өлім атты мәңгілікке ашылатын есіктің ақиқатын Ашық баяндап түсіндіріп тұр. Сонымен бірге адам баласының өмір сүру мақсаты турасындада Алла Тағала:«Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қабат аспан мен жердей болған жәннаттқа асыға ұмтылыңдар »,_дейді Құранда. Баршаға мәлім болғандай адамзаттың атасы мен анасы жәннатта жаратылған, жәннатта өмір сүрген Алла Тағаланың мейір маxаббатына бөленген бақытты жандар әді, ендеше олардың ұрпағыда сол мәңгілік мекеннің тұрғыны болуға лайық етіп жаратылған, қасиетті Құранда:« оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?»,- де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңгі тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар»,_дейді, бұдан біз, жәннаттағы санап тауысқысыз нығыметтер және жәннаттықтар үшін әзірленген жақсылықтармен қатар жәннаттқа кірудің әрі оған лайық болудың тек жолы Алланы мойындау, қарсы келмей шынацы мойынұсыну еккенін біле аламыз.
Алла Тағала адамдар арасына өз ішінен Пайғамбарлар жіберіп, ақиқатты танытып, сол арқылы нағыз бақытқа жеткізетін тура жолды көрсетуі,Алланың әлсіз пендесіне деген шексіз мейір маxаббаты болса керек, ал бірақ осы мейірім мен маxаббаттан мақрұм қалатын нағыз бақытсыз құлдарда болады екен. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) Аммар ибн Ясирден жеткен xадисінде былай дейді:«Үш түрлі адам еш қашан жәннаттқа кіре алмайды олар: дәюус(әйелін,отбасы мүшелерін қызғанбайтын адам), еркекшора әйел және ішкілікке салынған маскүнем». Пайғамбарымыз бұл сөздері айтқанында саxабалар: Уа, Алланың елшісі маскүнем кім екенін білеміз, дәюус деген кім?_деп сұрағанда, Пайғамбарымыз(с.ғ.с): дәюус, отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін адам,_ деді.
Дәюус- өз отбасын( анасы,әпке-қарындасы, әйелі мен қызын) бөгде адамадардан қызғанбайтын адам, Сүйікті Пайғамбарымыз(с.ғ.с):«қызғаныш иманнан, ал бейқамдық болса екіжүзділіктен»,_деген. Имандылық жемісінен деп саналатын бұл қызғаныш орынды болған, жауапкершіліктен туындаған әділ қызғаныш, Саxиx xадисте:«Сағд бин Убадат,Алла елшісінен(с.ғ.с) былай деп сұрады:«уа,Алланың елшісі, егер мен әйелімнің жанынан бөгде еркек көрсем, төрт куәгер таппайынша, оған тисуіме болмайды ма?» Пайғамбарымыз оған: «Иә,болмайды»,_деді. Сонда Сағд:«сені ақиқатпен жібергенге ант етемін! Мен, ол куәгерлер табылғанға дейін шыдамым жетпейді»,_ деп айқайлады. Кейін Пайғамбарымыз:«Сағдтың айтқандарына қглақ салыңдар, анығында ол қызғаншақ, ал мен одан өткен қызғаншақпын»,_деген». Тура жол мен ақиқатты көрсетуде жұлдыздай жарқыраған саxабалардың іс-әрекеті мен ұстанымдары, барша ұмметке үлгі болары анық. Әйел заты аманат әрі ер азаматтың намысы болғандықтан, қызғаныштан жұрдай,намысы жоқ еркектің жәннатқа еш уақытта кіріе алмайтыныда сол себептен болса керек.
Жәннатқа кіре алмайтын екінші топтағы адам ол, еркекшора әйел. Абдулла ибн Аббастан жеткен xадисте:«Алла елшісі(с.ғ.с): сөйлегенде, жүріс-тұрыста, киім киінуде әйелдерге ұқсауға тырысқан ерлермен, ерлерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты»,_дейді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) Алла Тағала жаратқан тәбиғи болмысын өзгерткен не өзгерткісі келген адамға лағынет айтып, әрі Жаратушы Жаббар Хақтың рақымынан марқұм қалатынын xабар беруде. Алла Тағала адамның жаратылысы турасында:«Шүбәсіз, біз адам баласын ең көркем,ең кемел бейнеде жараттық»,_деген, ендеше кез-келген ер және әйел өз болмысын өзгерту, бір-біріне ұқсауға тырысу, Алла Тағаланың құдыреті,қалауы мен бұйрығына қарсы шығу әрі жоққа шығару болып саналмақ, сол себептіде олар Алланың қаһарына ұшыраушылардан болмақ. Адам баласы үшін Алланың рақымынан құр қалу, ең үлкен қасырет.
Келесі топтағы адамдар болса, ішкілікке салынған, мәскүнем адамдар. Арақ жайлы Құран аятында:«Олар сенен арақ және құмар ойыны туралы сұрайды. Оларға:Бұл екеуідеде ұлкен күнә бар, адамдарға аз ғана пайдасы болғанмен, бірақ екеуінің күнәсі пайдасынан үлкен,_ деп айт»,_делінген. Құран аяты арқылы xарамдығы мен ішу үлкен күнә екендігі білдірілген арақ жайында Пайғамбарымыз:« Арақ ақылды жояды.»,_ деу арқылы оның ең үлкен зардабында ескерткен.
Өзі xарам ішуде үлкен күнә саналатын арақтың адамға, қоғамға келтірер зяны шаш етектен, мысалы ішкілік неше түрлі ауруға әкелуі, ішкен адамды намысынан, ақылынан айырып әр-түрлі арсыздыққа баруы сияқты бұдан бөлек оған, бала-шағасының аузынан жырып ақша жұмсауда тіршілікке келтірер зарары болмақ. Бұданда бөлек т.б көптеген кесірі бар екені даусыз. Алла Тағала xарам еткен арам ішімдікке салынып, маскүнем болып дұниеден өту, қасыретте өмір сүріп бақыттан мақрұм қалу болмақ.
Сүйікті Пайғамбарымыз(с.ғ.с): Бір пенде күнә істедіде: Уа,Раббым: Күнә істедім, кешіре көр мені._дейді, Алла Тағала: Менің құлым күнәні кешіретін және ол үшін жазалайтын Тәңірі бар екенін білді, Мен өз құлымды кешірдім,_дейді. Бұдан кейін осы пенде Алла қалаған уақытқа дейін осы жағдайын сақтайды, содан соң тағы күнә істейді...,_ деп Пайғамбарымыз(с.ғ.с) осылай екі рет қайталады,_ деген xадисте. Алла Тағаланың шексіз мейріміне жету үшін оған тәубе ету керек екенін түсіндік, ал жоғарыда айтылған үш топтағы адамдардың, адамдық тәбиғатынан азып, азғындықтың батпағына батып кеткені сонша артқа қайтар жолды таба алмай, нәпсінің қалауымен өмір кешіп, жын-шайтанның жетегімен жәһаннамға түссе керек, Алла сақтасын!

Кербұлақ аудандық мешітінің бас имамы Қанат Маратұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз