https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Дүние - алдамшы

06 Mar 2019 0 comment Оқылды: 1681 рет

Алла Тағала адамзатты тәрбиелеу мақсатында белгіленген міндеттерді орындауға, кейбір тыйымдарды істемеуге бұйырады. Соның бірі алдамшы өмірде құлдарының дүниеге қызығып оған құмар болуын қаламайды Құрани Кәримде көптеген аяттарда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) – ның көптеген хадистерінен бұл сұм дүниенің арбауына түсіп соңында қапыда қалғандарды да кездестіруге болады. Қазақ бабаларымыз бекерге айтпаса керек алдамшы өмір, жалған өмір, қамшының сабындай қысқа ғұмыр деп. Құранда Хадид сүресінің 20 – шы аятында бұл өмірдің өте қысқа, жалған мәңгі емес екенін баяндайды: «Біліп қойыңдар! Анығында дүниедегі өмір бір ойын, ермек, сән қуу, өзара мақтанысу, сондай-ақ мал мен бала санын көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр секелді. Сосын қурап, сап –сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ақыретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі». кейде сауда кәсібінде осындай алдаудың сан түрін көреміз. Және Әли Имран сүресінің 14 - ші аятында бұл дүние адамға ұнамды, тартымды, сүйкімді, жағымды екеніні баяндалады: «Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын, күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде ең жақсы мекен Алланың қасында». Бұл аяттан адамның адамның сұлулыққа, байлыққа жақын екенін көреміз қанша жақсы көргенмен, ақыреттегі өмірді ұмытпауы керектігін ескертеді. Сахабалардың айтуынша, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл дүниеге еш құмартпады. Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) әңгімелеуінше, расулалла ши үстінде ұйықтайтын. Бірде оянғанда, бір жақ қырына із түскенін байқап: «Уа, Алланың елшісі, сізге бір жайлы төсек алайық», - деп өтіндік. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Мен (жайлы төсек іздейтіндей) дүниеге құмартқан жан емеспін. Осы өмірде ағаштың көлеңкесінде сәл саялап, содан кейін сапарын жалғастырған жолаушыдаймын», - деп жауап берген. Кейде дүниенің артынан ергендердің ет жақындарынан, жолдастарынан, бет бұрып, қызылды жасылды дүниеге бола қатынастарын үзгер жайында көп естиміз. Уағыз – насихат айтылса құлақ аспай жақтырмайтындар да баршылық. Құранда Алла аятта ескертіңдер ескертуде пайда бар дейді. Өйткені насихат тыңдаған адам ақырет есебімен ойлап, оған қалай жауап беретінін ойлап өмірін жалғастырады. Тек осы өмірдегі Аллаға деген шынайы имам, ізгі амалдарымыз пенденің бұл дүниенің арбауына түспеуге көмек береді. Өмірдің жалған екенін дұрыс түсінген пенде барлық істе ақыл таразысына салып зерделейді. Дүниеге құмартпай. Ұрпағын адал несібемен асырауға талпынады. Құлшылыққа қатты мән беріп уақытында орындауға тырысады.Өмір сүріп жатқан ортасына, қоғамға пайдалы болуды көздейді. «Бұл дүниенің мысалы, ұшып өткен құспен тең» дегендей өмірдің өте лезде көзді ашып жұмғанша өтіп кететінін естен шығармаған жөн. Адамзаттың абзалы ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына: «Алланың атымен ант етейін! Мен сіздерге кедейлік үшін емес, дүниенің соңынан түсіп кете ме деп алаңдаймын. Бізге дейін өткен қауымдар дүниемен жарысқаны секілді, сендер де дүниемен бәсекеге түсіп, оларды дүние соңында жойып жібергені сияқты, сендерді де жойып жібере ме деп қорқамын», - деп өз үмметінің тағдырына уайымдаған көреміз. Алдамшы дүниеге қызықпай, бұл дүние – ақыреттің егіні екенін ұмытпай сауапты амалдарымызды көбейтейік.

Алматы облысы Текелі қаласы
«Керімбек би» мешітінің
имамы Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз