https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Алланың құлдары - олар кімдер?

12 Feb 2019 0 comment Оқылды: 1666 рет

     Буфер обмена01  Əлбетте, ғаламшарымыздағы барша жаратылыс Алланың құлдары. Тіпті жапырақтың өзі Алланың қалауымен ғана жерге түседі. Ұлы Раббымыздың "Бол" дегені сол-ақ екен, Оның бұйрығы бірден бола қалады. Онда еш күмəн жоқ. Расында Алланың нағыз құлдары- олар Ұлы Жаббар Иенің алдында басын иіп, Оның бұйрығын орындаған жаратылыстар.

     Адам (а.с) атадан пайғабарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.с) дейінгі барлық адамзат бір Алланың құлы екендігін ұмытпауы қерек. Аамзат жаратылғаннан бері ең сүйікі Алланың құлдары пайғамбарлар, пайғамбарға еруші сахабалар, хақ дін жолында ғұмырын сырап еткен ғұламалар мен әулие салиқалы құлдары жайында атап өтсек.

Пайғамбарлар жайында Құранда:

«Расында сенен бұрында елшілер жібердік.Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян етпедік» (Ғафыр сүресі, 78-аят).

«Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сендерден ешкімнің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші» (33.Ахзаб,40 аят).

-Аллаһ Құран кәрімнің көптеген аяттарында сахабалар туралы баяндалған:

 «Иман келтірген, һижрат қылған және Аллаһтың жолында күрескендер және (мүһажірлерге) үй-жай беріп, жәрдем қылғандар, міне, солар шындығында момындар болып, олар үшін жарылқау мен ұлы несібе бар». (Әнфал сүресі,74-аят)

Аллаһ тағала олардан разы болғандығы жайлы мына аяттарда былайша баяндалады: «Мұһажир және ансарлардың бірінші, алғашқылары және оларға игі амалдармен ергендер (болса) Аллаһ олардан разы болды және олар да Одан (Аллаһтан) разы болды. Және (Аллаһ) олар үшін астарынан өзендер ағып тұратын, олар мәңгі (тұрақты) қалатын жәннаттарды әзірлеп қойды. Міне, осы-ұлы бақыт» (Тәубе сүресі,100-аят).

 Сахабаларымыз Алланың тыйылғанынан тыйылып қана қоймай, рұқсат берген нəрсесінен де тыйыла білген жандар еді. Бірде Омар ибн Əл Хаттаб (р.а.) базарға жол тартып бара жатқанда, алдынан досы Əбу Бəкір (р.а.) шықты. Олар бір-бірімен амандасып, қал-жағдайын сұрағаннан кейін, Əбу Бəкір (р.а.) Омардан (р.а.) базарға не үшін бара жатқанын сұрайды. Омар (р.а.) ет жегісі келіп базарға жол тартқанын айтады. Сонда Əбу Бəкір (р.а.): "Жегің келген нəрсенің бəрін жей бересің бе?" деген бір ауыз сөзі еді, Омар ибн Əл Хаттаб (р.а.) ұялғаннан қызарып, кірерге жер таппай қалады. Əсілі, сахабаларымыз  Аллаға соншалықты берілген құл бола білу нəтижесінде, олар Ұлы Раббымыздың рұқсат берген заттарынан да тыйыла білген салиқалы жандар еді.

      Адамның ең үлкен мақсат-мұраты және жаратылысының себебі Алла Тағаланы танып, оны сүю, Оның сүйіспеншілігіне бөлену, разылығын табу. Адам осы мақсатпен жаратылғандықтан, соған қажетті сезімдер мен соған ыңғайлы ағзаларға ие болып жаратылған. Алайда Алла Тағаланы сүю және оның сүйіспеншілігін табу оңай шаруа емес. Бұған қол жеткізу үшін соған лайықты амалдар жасау, соған лайықты рухқа ие болу қажет. Алланы сүю және сүйіспеншілігін табу үшін не істеу қажеттігін бізді жаратқан, Раббымыздың аяттарынан және Алланың ең сүйікті пендесі бола алған Пайғамбарымыздан (с.а.с.) үйренеміз. Сондықтан да Алланың сүйіспеншілігін тапқысы келетіндер үшін төмендегі  хадистерді назарыңызға ұсынамыз:

Әбу Хурайра Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.а.с.) былай деп риуаят етеді:

 «Алланың құлдары арасында оған ең сүйіктілері: Күн мен айды аңдитындар, Алланың құлдарын Аллаға сүйдіретіндер және Алланы құлдарына сүйдіретіндер» (Байхақи, әс-сунәнул-кубра)

Осы хадиске құлақ салатын болсақ ең әуелі күн мен айды аңдитындар туралы айтылған. Мұнда муәззиндер, яни азаншылар және құлшылық уақыттарын белгілеушілер жайында айтылуда. Өйткені олар намаз және өзге ғибадаттардың уақытын аңдып, күн мен айдың туып, батуын, әрекетін бақылап отырады және адамдарға олардың уақытын ескертеді.  Олар құдды құлшылыққа шақырушылар іспеттес. Күнді аңду арқылы намаз уақыттарын, айды аңду арқылы қажылық пен оразаның уақыттарын, құрбан шалудың уақытын анықтап, адамдарға білдіріп отыратын адамдар Алланың сүйіспеншілігіне ең жақын құлдар болып табылады екен. Солардың арасында азаншылардың орны ерекше. Себебі ораза мен құрбан, қажылық секілді құлшылықтар жылына 1 рет ғана. Ал намаз күнделікті бес уақыт сергектікті талап етеді.

Абдулла бин Әуфадан тағы да Расулулланың (с.а.с.) мына бір хадисі риуаят етіледі: «Шүбәсіз Алланың құлдарының арасында ең қайырлылары Алланың бұйрығын орындау үшін күнді, айды, жұлдыздар мен көлеңкені аңдитындар».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алланың ең сүйікті құлдары жайындағы хадисінің жалғасында «Алланың құлдарын Аллаға сүйдіретіндер және Алланы құлдарына сүйдіретіндер...» деді.

Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.):Күдіксіз, адамдар арасында Алланың ең сүйікті құлдары бар, дейді.Сахабалар:Уа, Алланың елшісі, олар кімдер?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Олар – Құранның адамдары, Ақиқаттың адамдары, Алланың адамдары, Алланың шынайы құлдары, - деп жауап береді (Ибн Мәжа, «Мукаддима» 16).

   Махмуд Салин деген кісі осы жайлы мынадай оқиғаны айтады: «30 жыл бұрын өзім тұратын қалада бір кісі қайтыс болды.  Оны Құранның адамы деп айтуға болатын еді. Ол жерленген соң сол жерде көлік өтетін жол салыну керек болады. Мәйітті ашқанда олар қатты таңқалады. Себебі мәйіт сол күйі сақталыпты. Ораған ақ мата да әппақ және таза күйінде екен. Осы оқиға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисіне дәлел болса керек: «Алла жерге Құранның адамдарының денесін бұзбауды бұйырған» 

     Иә, жоғарыда айтылға Алланың ең сүйікті құлдары олар салихалы ізгі амал жасаған. Алланы көрмеседе, Алла мені көріп тұрғой деген сенімді бойына сіңірген жандар. Алла жолында жақсылыққа шақырып , жамандықтан қайтарған құлдар еді. Алла олардың жасаған амалдарынан разы болды. Алла разы болған құлдары жайында Құранда :

«Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза» (әл-Бәйинә сүресі, 8аят).»

Мына бес күдік жалған дүниеде Ұлы Раббымыздың разылығын тауып. Аллаға сүйікті құл болу үшін әміріне мойсұнып, тыйғанынан тйылу бұл шынайы мұсылман құлдың сипаты. Пайғабарымыздың мына бір хадисіне ой жүгіртелік « Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді,  бос уақыт және денсаулық». Бес күндік жалған дүниеде Ұлы Раббымызға уақытымызды ысрап етпей, деніміздің  сау хәләмізде Аллаға бойсұнынып ізгі амал жасап сүйікті құл болуды нәсәіп етсін бауырлар! 

Қаратал ауданының бас имамы  Булекбаев Е. А

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз