https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Әбу Ханифа ақидасында жаннат пен жаһаннам жаратылып қойған ба?

30 Jan 2019 0 comment Оқылды: 630 рет

Өйткені, Алла мүминдер үшін «Ол (жаннат) тақулар үшін дайындалған»[1]», кәпірлер жайында «Ол (жаһаннам) кәпірлер үшін дайындалған»[2], – деген. Сонымен қатар, олардың ешқашан жоқ болмайтын бақи екендіктерін айтып, «Олар жаннаттықтар сол жерде мәңгі қалады»[3], «Жаһаннамдықтар сонда мәңгі-бақи қалады»[4] деген аяттарды дәлел ретінде келтірген[5].

Имам Әбу Ханифа «әл-Фиқһул-әкбарда» қабірде рухтың адамға қайтарылатындығын, қабірдің қысатындығын, қабір азабын кәпірлердің барлығының тегіс, ал мұсылмандардың күнәһарларының кейбірінің тартуының ақиқат әрі мүмкін екенін айтқан.  Өйткені, Құранда бұған ишараттар жасалған[6]. Қабір азабына сенбейтіндер жәхмияға қарастылар[7].

Адамдардың өлгеннен кейін тірілулері мен амалдарының тартылуы да ақиқат. Имам Ағзам әл-Уасияда: Алла тағала адамдарды өлгеннен соң қайта жазасы мен жақсы амалдарының қарымын беру үшін қайта тірілтеді. Өйткені, Алла тағала «Алла қабірдегілерді міндетті түрде қайта тірілтеді»[8] деген. Сонымен қатар, Құранда«Қиямет күні үшін әділдік таразыларын құрамыз»[9] деген аяттар мен басқа да хадистерді сөздеріне дәлел ретінде келтіреді.

Ал басқа бір дереккөздерде болса, жаннат пен жаһаннамның мәңгілік еместігіне, жаратылған барлық нәрсенің міндетті түрде жоқ болуы қажеттігіне сенетіндігі риуаят етілген[10]. Алайда, мұндай көзқарасты айтқан кісінің Жәхм ибн Сафуан екендігі әрі Әбу Ханифаның оны қатты сынға алғанына қарағанда, бұл көзқарастың да Әбу Ханифаға тән еместігін аңғару қиын емес[11].

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы



[1]    «Әли-Имран» сүресі, 133-аят

[2]    «Бақара» сүресі, 24-аят

[3]    «Бақара» сүресі, 82-аят

[4]    «Бақара» сүресі, 157-аят

[5]    Беязизаде, 148-150-б.

[6]    «Тәубе» сүресі, 101-аят, «әт-Тур» сүресі, 47-аят

[7]    Беязизаде, 150-151-б.

[8]    «Хажж» сүресі, 7-аят

[9]    «Әнбия» сүресі, 47-аят

[10]  Бағдади, Тарих, 13-т., 399-400-б.

[11]  Шевки Явуз, 148-б.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз