Ғылымхал түсінігі Түркі халықтарында мұсылман адамның білуі міндетті болған ислам дінінің негізгі діни қағидалары қамтылған кітаптарға берілген анықтама атауы. Алайда бұл сөздің түбірінде өте өзекті мағыналар бар. Ғылымхал араб тіліндегі (илми һәл) сөз тіркесінен шыққан. Бұл сөз тіркесі «тұрмыстық тіршіліктегі таным» деген мағынаны білдіреді. Терминдік түсінігі, «мұсылман адамның өмірінің әр кезеңінде әуелі Алланың өзінен нені қалағандығын әрі орындауы қажетті амалдар мен міндеттелгендігін білу» деген мағына береді. Араб тіліндегі анықтамасы Түрік халықтарына енуімен «илми һәл» тәрізінен біріктірілген «ғылымхал» түрінде жазылып, айтылып кеткен. Өмір сүріп отырған ортамызға орай мынандай мысал негізінде түсінсек болады. Өзге діннен ислам дініне өтіп мұсылман болған бір адамның өмірінің алғашқы кезеңінде үйренуі міндетті болған білім, иман негіздері болмақ. Бесін намазының уақыты кіруімен бұл адамға әуелі дәреттің қалай алынып, намаздағы атқарылатын амалдарды білуі қажет болады. Әлгі адам жұмаға жеткенінде жұма намазының шарттары мен сол күні не орындауы керектігін білуі керек. Рамазан айының атуы мен оразанның негізгі ұғымы мен қалай ауыз бекіту және де сол айды қалай өткізу керектігін білуі міндетті. Егер әлгі адамның дінді қабылдағанына біл жылдың жүзі болып, әлеуметтік жағдайы жақсы болса, зекетке байланысты негіздер мен қатар қажылық қағидаларын білуі қажет. Үйленіп отауын құрғысы келсе діндегі отбасылық өмірді реттейтін ережелер мен ерлі-зайыптылар арасындағы өз ара құқықтар мен жауапкершіліктерді білуі міндетті. Сауда саттықпен айналысқысы келсе, сол салаға қатысты қағидаларды да қарастыруы керек. Бұл анықтамадан түсінгеніміздей ғылымхал мұсылман адамның тұрмыс тіршілігін белгілі бір тәртіп негізінде реттеп, салауатты өмір салтын үйретуде. Сол себепті исламдық білім тәрбие беру саласында жазылған ғылыми еңбектерде мынандай анықтама берілген «ең құнды білім ғылымхал, ең қасиетті қимыл хафзы хәл» деген. Хафзы хәл мұсылман адамның ғылымхалды оқу негізінде үйренген білімен өнегелі өмір салтын қалыптастыруы. Демек ғылымхал тек теориялық танымдар жиынтығы емес, салауатты әрі үйлесімді өмір сүрудің негіздерін қалыптастыратын кемелденген ғылым негізі болмақ. Шындығында Хз Пайғамбардың «Білім талап ету – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» (Ибн Мәже, Мукаддиме,17) хадис шәрипінде байандалған білім ол - ғылымхал ілімі.Түрік халқының танымал ақыны, ойшыл Ахмет Нежіп Фазлының:
Таудай кітап жансада,
Өкінбеймін мен оған,
Ғылымхал жалғыз қалсада,
Табылады бәрі одан. сөзіндегі мағынаға мән берер болсақ, мұсылманның өміріндегі ең өзекті ілім екендігін аңғаруға болады. Ғылымхал мазмұндық тұрғыдан кәләм (иман негіздерін зерттейтін ілім) мен фиқһ (шариғат ілімдері) ілімдерін қамтиды. Кәләм - исламның иман негіздерін бұлтартпас дәлелдер мен қорғауды мақсат тұтқан білім саласы. Фиқһ ілімі адамның әуелі өзі үшін әрі отбасы қоршаған ортада орын алған мәселелерді реттейтін мамандық саласы. Ғылымхалдың негізгі қамтығын мәселелері, әр бір мұсылманнның білуі міндетті кәләмдық әрі фиқһи тақырыптардан құралған. Ғылымхалға сай амалдарды атқаруы қажетті деп танылған мұсылманға «мүкәлләф» есімі беріледі. Мукәлләф жайлы келесі жазба да баяндалады.
Ислам құқық саласы бойынша теология ғылымдарының докторы,
профессор, Кашиф Хамид Окырдың «Гүнжел коныларла илми хал» кітабынан.
Кітапты Түрік тілінен тәржімаланған, теолог, Тимур Нүсіпханұлы.