Тақуалығымен өнегелі тұлға болған Ибраһим ибн Әдхамнан замандастары: «Өміріңізді қалай өткізіп жүрсіз?» – деп сұрайды.
Сонда ол кісі: «Менің қолымда үш мінісім бар, өміріме соны пайдаланамын. Алланың берген мол нығметіне жолықсам, «шүкір» атты мінісіммен, егер бір қиындыққа кезіксем, «сабыр» атты мінісіммен, ал ғибадатқа қауышсам «ықылас» деген мінісіммен қарсы аламын», – деп үш ауыз сөзбен мағыналы жауап қайырған екен.
Дайындаған Қайырбек Отызбаев,
қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы