https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жанұя жарасымы

25 Nov 2018 0 comment Оқылды: 1679 рет

 

Қоғамның іргетасы-жанұя. Жанұя өзара сүйіспеншілік, махаббат, өзіндік тәртібі бар мекен. Кішігірім мемлекет. Отбасының бақытты болуы ер мен әйелдің тікелей қатысына байланысты. Жанұяны билеуші ,ондағы тәртіпті орнатушы да –еркек. Дініміз де бұл нәрсені бұйырған: «Еркектер әйелдердің басшысы және қорғаушысы» (Ниса 34). Жанұяның бақыты оны құрайтын ер мен әйелдің тікелей міндеттерін орындалуына байланысты. Әйелінің жақсы мінезде болуын қалаған адам, өзі де жақсы мінезде болуы керек. Ерлерге «Әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болыңдар»делінсе, әйелдерге «күйеулеріңе бойсұңындар»деп асыл дініміз белгілеп, көрсетіп берген.Исламда әйел адам күйеуінің разылығын алуы тиіс. Шаршағанда, қиындықты ұмыттырушы, күйзелгенде көңілін көтеруші, көмекшісі болуы керек. Үйге кіргенде жылы шыраймен, жағымды сөздермен қарсы алуы қажет. Ол үйде болған кезде оның көңілін көтеріп,қуанту керек. Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп,сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Бұл жайында: «Қияметте Аллаһ күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды» делінген.

Бақыт бізге сырттан енетін құбылыс емес екені анық. Ол нәрсені біз ұямыздан ұшпай тұрып, өз ата-анамыздың бір біріне деген қарым қатынасынан көріп үйренеміз. Яғни әке мен анамыздың бір-біріне деген құрметтілігі, кешірімшілдігі, сыйластығы. Отбасында алған тәрбиеміз ,біздің өмірлік ұстанымымыз болып қалыптасады. Отбасы-баланы өмірге дайындайтын, дамуына атсалысатын жалғыз мекен. Олай болса баланы жақсы, үлгілі қылып жетілдіру әке-шешенің ортақ міндеттері. Хадис шарифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген.Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар алдарына келген келеңсіз жағдайларда орта жолдан өз бастарының тыныштығын, бақытын ойлап, бала болса да ажырасып жатады. Ұрыс-керісті, мейірімсіздікті, сыйластықты көрмей махрұм өскен баланың болашағына балта шабылады.

   Ислам дініміз бен дәстүріміз бізді бақытты болуға жетелейді. Отбасында әр адамның орны, міндеттері,оларға деген қарым-қатысымыз қандай болу керек екеніне дейін белгіленген. Рухани құндылықтарға ие отбасылар ғана ешкімге тізе бүктіре алмайды .Өмірде кездесетін қиындықтарға төтеп беріп, ащысын да, тұщысын да бірге көреді, одан әрі шыңдалады. Қуаныштарын да бірге тойлайды.

   Ата-ана ұл-қыздарының тәрбиесіне аса мән беруі керек. Балаларының болашағы жарқын болуын қалаған ата- ана, оларға адамгершілікті, ұяңдықты, көркем мінезде болуды үйретуі қажет. Қоршаған ортасын , әсіресе балаларына зиянын тигізетін құрбы-құрдастарымен ара қатынасын қадағалап отыруы тиіс.

   Тұмсықтыға шоқтырмай, аялы алақандарында мәпелеп,бар жақсысын тек балаларына арнаған әке-шеше әлбетте құрметке, мойынсұнушылыққа лайық. Ата-анаға қызмет етіп, разылығын алу адамның өмірін ұзартады. Ол жайында қасиетті кітабымызда: «Аллаға мойынсұныңдар, әке-шешелеріңе мойынсұныңдар» (Бақара 83) деп бұйырған. Хадис шәрифтерде: «Ата- анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады» , «Ата-анасына жақсылық жасаған бала пайғамбарлармен бірге жаннатқа кіреді» делінген.

Алакөл ауданының бас имамы Әнет Молдахметов

    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз