https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Арақтың зардабы

22 Nov 2018 0 comment Оқылды: 1728 рет

 

     Бір ғана шөлмек, қаншама зардаб. Бүкіл бәленің көзі-арақ. Арақ ғана емес барлық ішімдік атауы тұнып тұрған қасірет.Адамға қанша зиян келтіретінін есептеудің өзі қиын. Қаншама отбасының күйреуіне себепші болған да, қаншама адамдарды абыройынанда, мансабынанда айырған осы шайтан су. Соның салдары ағайыннан айырып, көрші-қолаңға жағымсыз қылып көрсетеді. Керек десеңіз түрлі аты жаман ауруларға әкеп соқтырады. Қазіргі кезде белең алған бала сүйе алмауда осыдан екенін не әйел , не ер біле бермейді. Неге десеңіз, араққа салынған адамның жыныс органдары әлсірейді, келе-келебелсіздікке әкеп соқтырады.

   Маскүнем адамның бүйрегі мен бауыры, оған қоса жүрек және жүйке ауруларына шалдығады. Тез ашуланып, ұят атауын ұмыта бастайды.Қол жұмсауға дайын, мазасы кетіп, ұйқысынан тыныштық кетеді. Осындай бассыздықтардың болатынын біле тұра, ішімдік ішілу тоқтатылар емес. Қуанышты жағдайларына осы ащы сумен қонақтарын сусындатып, онсыз болмайды деп те айтатындар кездеседі. Ғұдды бір әдет-ғұрпымызға сіңіп кеткендей. Әрине өкінішті...

   Асыл дінімізде ішімдік жайлы: «Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар, бұтқа табыну, бал ашу,- лас, нәжіс шайтанның істерінен», ары қарай аятта «Расында шайтан, арақ және құмар араларыңа дұшпандық, бір-бірлеріңе көреалмаушылық салып,Алланы еске алумен намаз оқып, сауап алудан тосқысы келеді. Әлі де тоқтамайсындар ма?»-дейді.

   Арақты барлық жаманшылдықтың кілті деп пайғамбарымыз(с.а.у)айтып кеткен.Ол қоғамымызды жайлаған індет. Қаншама жастардың өмірлерін қыршыннан қиып, қаншама отбасының шаңырағын шайқалтты. Ол жеке адамға ғана зардабын тигізе қоймай, бүкіл қоғамға, ұлтқа кері әсері тиеді. елдің тыныштығы кетіп, жаның қорқынышпен үрей билейді.

Хазіретті пайғамбарымыз(с.а.у.): «Мас қылатын әр нәрсе хамр. Ал әрбір хамр-харам».Және де Әнәс ибн Мәлік (р.а.)жеткізген хадисте: «Пайғамбарбарымыз (с.а.у.) араққа қатысты он нәрсеге: жасаушыға, жасатушыға, сатушыға, сатып алушыға, ішкенге, ішкізушіге, көтергенге, көтерткенге, сыйлаушыға, арақты сатып ақшасын пайдаланғанға» лағынет айтып, тым қатаң түрде ескерткен. Мұсылман мұсылманға ғана емес, христианға,яһудиге және басқа адамдарға да сыйға беру харам болып саналады.

«Тин» сүресінде: «Расында адамзатты ең көркем бейнеде жараттық» делінген. Ол дегеніміз Алла бізді көркем бейнеде, барлық жаратылыстың абзалы етіп жаратқан. Қаншама қасиеттер дарыған. Сондықтан біз Жаратушымыздың бізге аманат етіп берген денсаулығымызбен қатар рухымызды,тәнімізді таза, көркем бейнеде ұстаумыз қажет. Ислам адамзатты адасудан, зұлымдықтан және екі дүние бақытына жетелейтін мейірімді дін.

Алакөл ауданының бас имамы Әнет Молдахметов

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз