Шыншылдықты ту еткен адам жеңілген күннің өзінде еңсесін тік ұстайды, ал шындықтан іргесін аулақ салған адам қанша жеңіске жетсе де, бәрібір мерейі үстем болмайды. Шынайылықтың болмысы әсем, оны әдетке айналдырған адам да сүйкімді. Ол батпаққа түсіп кетсе де, пәк және таза, ал шындыққа қаны қас адам өзін хош иіспен қанша бүркемелесе де, лас һәм сүйкімсіз. Түс пен пішін өзгерсе де, мән өзгермейді. Атақ пен мансап өзгерсе де, табиғат өзгермейді. Адамдарды көбіне алдайтын – түс пен пішін, атақ пен мансап. Әлсізге тізесін батырған залым басым түсіп, үстем болса да, жеңілген болып саналады, ал әділдікті ұстанған адам жеңілсе де, жеңіс соның жағында болады.
Шыншылдық-айтылған сөздің адам ойына және сеніміне сәйкес келуі. Шыншылдық- ол тек қана шындықты пайымдау ғана емес, оны жақсы және жағымды түрде жеткізу. Бұндай талапсыз, адамгершілік тұрғыдан алғанда, шыншылдықтың пайдасы аз болар еді. Шыншылдық - шындықты өз сөзімен ашық жеткізуі. Шыншылдық айналадағы адамдардың сыйластығын қамтамасыз етеді. Тіпті кейбір өтірік айтатын адамдар шындықты ашық айтатын адамдарға сыйластықпен қарайды. Шыншылдық - адамның адамгершілік - ерік қасиетінің бір түрі, оны бала кезден бастап тәрбиелейді; ең алдымен өзің үлгі көрсетуің қажет.
Шыншылдық туралы қанатты сөздер. Шындықпен өмір сүрүміне үлкен өсиет (Сервантес) Тіпті жауың үшін де шыншыл куәгер бол (Орыс мақалы) Парыз шыншылдықпен тығыз байланысты.Адам ең алдымен өз сөзімен және іс-әрекетімен шыншыл болуы парыз (Николай Шелгунов) Шындық бетінен тек қана шындықты жасырған қорқады (Роберт Бернс) Шындық дегеніміз - берген уәдені орындауға талпыну.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шыншыл қасиетіне тіпті дұшпандары да тәнті болған. Алла Елшісіне дұшпан саналатын Әбу Жәһіл, Ахнәс бин Шәрик, Надр бин Харис, кейінірек мұсылман болған Әбу Суфиян секілді ең бір ерекше дұшпандарының өзі Алла Елшісінің шыншылдығын мойындаған екен. Міне, шыншылдық адамға аса қажет қасиет екендігі осыдан аян.
Алматы облысы Текелі қаласы
«Керімбек би» мешітінің
бас имамы Аман АЙтбосынұлы