Алланың, адам баласына бұйырған, парыз қылған амалдардың барлығынан тек ол дүниенің емес, алдымен осы дүниенің пайдасын көруімізге болады. Соның бірі, ораза ұстау. Бұл ғибадаттың пайдасын қазір мұсылман емес, батыс ғалымдарының өзі мойындауда. Рамазан он екі айдың сұлтаны болатын себебі, бұл айда мұсылмандарға жол басшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Бұл турасында Бақара сүресінің185 аятында «Рамазан адамдарға тура жолды нұсқаушы, бекем тұтанатын жолбасшы ретінде, ақ пен қараны айырушы Құран түсірілген ай», -деп айқындаған. Бұл аят мұсылман өміріндегі екі маңызды мәселеге ишара. Біріншісі: Рамазан айы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) құран аяттары келе бастаған ай және Құранның көп бөлігі рамазан айларында түсірілген. Екіншісі: Рамазан айы басталуымен әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл есі дұрыс мұсылман ораза ұстауы парыз.Ораза ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және түрлі жаман іс әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Рамазан айы кей жылдары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады. Рамазан айы 29 күн болған кезде де толық болып есептеледі. Өйткені парыз болған нәрсе сол айда толығымен ораза ұстау. Сүйікті Пайғамбарымыз тоғыз мәрте Рамазан оразасын тұтқан. Бұл Рамазанның төртеуі 29, ал бесеуі 30 күн болған.
Рамазан айы – мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Ислам таңы осы айда атып мың айданда хайырлы болып есептелетін Қадыр түніде осы айдың ішінде. Осындай ұлы айды Аллаһ тағала мұсылмандарға тарту еткен. Адамзаттың асылы Мұхаммед с.ъ.у.
«Қасиетті Рамазанның- басы мейірім, ортасы- кешірім, ал соңы- жаһаннамнан азат болу» деді.
Рамазан рухани тіршілікке тәрбиелесе, Ислам өмір бойы тақуа болуға тәрбиелейді. Ораза күндеріміздің ең жемісті сәттері сәресі уақытына жасырылған. Себебі, сәресі уақыты – Аллаһ Тағаланың құлдарын арнайы шақырумен күтетін сәттері. Құл Раббысынан келген осынау ұлы шақыруға ұмтыла асығуы қажет. Сүйікті Пайғамбарымыз «Сәресіде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында берекет бар» деген. Сәресі тамағы ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып дұға етіп Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрау керек.
Ораза ғибадатын бітіріп,кешкі ауызашар уақытына жеткен адам одан да көп қуанышқа кенеледі. Ақшам намазы кірген кезде аузы берік адамның оразасын ашуға асығуы сүннет. Пайғамбарымыз (с.ъ.у.) «Ауыз ашуға асығыңдар» деп ескерткен Әнас Ибн Малик «Пайғамбарымыз (с.ъ.у.) намаз оқымай турып, бар болса бірнеше жас құрмамен ауз ашатын. Егер жас құрма болмаса, кепкен құрмамен ашатын, олда жоқ болса таза сумен ашатын» дейді Ұстаған оразасының сыйын алу үшін қиямет күні Аллаһтың алдына барған кезде одан да үлкен құанышқа кенеледі.
Сонымен қатар Пайғамбарымыз ауызашар уақытындағы дұғалардың кері қайтарылмайтынын, Аллаһ тарапынан қабыл болатынын айтқан.
«Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан уақытта, екіншісі Аллаһқа қауышқан уақытта». Мұхаммет с.ъ.у.
Тарауих – «тынығу», «демалу», «рахаттану» деген мағыналарды білдіреді. Ол Рамазан айына ғана тән құптан намазынан кейін оқылатын 20 рәкаттық намаздың атауы. Тарауих намазы бекітілген – сүннет. Рамазан айында тарауих намазын оқу ислам рәмізіне жатады Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Аллаһ Рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет қылдым. Кім Аллаһ Тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қайтарымын тек Аллаһтан ғана күтіп ораза ұстап, намаз оқыса (тарауихты) анасынан жаңа туғандай күнәлары кешіріледі» деп мұсылмандарды тарауих намазын оқуға құлшындырған. Тарауих намазы жалпы жамағаттпен оқылады бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әуелде бұл намазды жамағаттпен оқыса да кейіннен парыз намазға баламасын деген сақтықпен жалғыз да оқыған.
«Рамазан айының қасиеттеріне сеніп сауабынан үміт етіп, тарауих намазын оқыған адамның барлық күналары кешіріледі» Мұхаммет с.ъ.у.
Рамазан айында себепсіз ораза ұстамау ол күнә, әрі жазасы ауыр. Бірақ кімде кім мынандай жағдайларда болса оразасын бұза алады, кейін қазасын өтеуі міндетті:
- Қауіп төнген жағдайда, өлтіру немесе денесіне зиян келтірумен қорқытылған кісі
- Аяғы ауыр және бала емізетін әйел кісі ораза ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен қорықса ораза ұстамаса болады.
- Ауру адам ораза ұстаған жағдайда ауруының ұзақ созылып кетуіне байланысты қорықса оразасын бұза алады, бірақ денсаулығы жақсарғаннан кейін қазасын өтеу қажет.
- Рамазан айында ең аз дегенде 90 км қашықтықа жолға шықан жолаушы оарза ұстамаса болады. Сапар аяқталуымен орзаның қазасын өтейді. Бірақ сәресіге тұрып ниет еткен болса, бұза алмайды. Оның үстіне 21 ғасыр, дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз, жол машақаты жоқ, 90 шақырымдық жерге бір сағаттың ішінде жетіп барасыз. Жоқ қиындық туады деп қорықса, рамазаннан кейін күніне күн, орынын толтырады. Ораза ұстау қиындық туғызбаса жолаушының оразасын бұзбай ұстағаны қайырлы. Бұл Аллаһ тағаланың ораза ұстаған құлдарына берген жеңілдігі.
«Егер біреулер ауру болып, не болмаса жол сапарда жүрсе, онда басқа күндері қазасын өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» Бақара сүресі 185 аят Ораза ұстауға күші жетпейтін, қуаты кетіп әбден қартайған және жазылуына үміті жоқ адамдар ораза ұстамауына жеңілдіктер бар, бірақ рамазан айының әр күні үшін фидия (құн) береді. Фидияның құны пітір садақаның құны сияқты. Бұл фидияны Рамазан айының басында, ортасында не аяғында беруге болады. Фидияны бәрін жинап, қаласа бір адамға беруге болады не болмаса жағыдайы жоқ бірнеше адамға беруге болады.Мұндай жағдайдағы адамдар фидия беруге шамасы жетпесе Аллаһ Тағаладан кешірім сұрайды. Ораза ұстауға әлі жетпейтін қариялармен денсаулығы көтермейтіндер келешекте ораза ұстай алатындай денсаулығы жақсарса, ұстай алмаған оразасының қазасын өтеулері керек. Ал ораза ұстауға денсаулыға бола тұрып ораза ұстамай, құн төлей салудың үкімі болмайды. «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін» Бақара сүресі 184 аят
Пайғамбарымыз (с.ъ.у) бір хадисінде «Адам баласының барлық амалының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін артық беріледі. Аллаһ тағала айтады: «Оразадан тыс. Өйткені ораза мен үшін. Оразаның сауабын өзім беремін. Себебі Рамазан айында пендем мен үшін шаһуаты мен тамақтан тиылды» дейді. Оразаның мақсаты адмды рухани тұрғы да жетілдіру. Өйткені, ораза ұстаған адам таң атқаннан кешке дейін тек тамақ ішу ғана емес, бос сөзбен жағымсыз іс әрекеттен де тиылуы қажет. Пайғамбарымыз(с.ъ.у) сендерден ораза ұстаған адам жаман сөз айтпасын, дауласпасын, біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын», деп сабыр сақтасын деген. Себебі ораза ұстаған адамның ауыз бекітіп жүргенін Алладан басқа ешкім білмейді.Егер намаз оқитын болсақ, не зекет беріп, қажыға барсақ оны басқалар көре алады.Ал ораза жаратушы мен құлдың арсындағы байланыс, ол адмды ешкім көрмесе де, Алланың көріп тұрғанына сеніп, өзін, асқазаны қалап тұрған дәмді тағамдар мен, жағымсыз іс қимылдардан тыйып, көзіне көрінбеген Құдіретті күшпенен сырласқандай сезімде болады. Мүбарак хадисте, «Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаңдар» Мұхаммет с.ъ.у.
Кейбір адамдардың пікірінше ораза денені әлсіретіп, еңбектенуге кері әсер етеді. Шындығына келген де, Алланың бұйрығына бұлайша жұмыр басымызбен сылтау етіп ойлап тапқан кінәларды тағу жөнсіз. Себебі, ораза жанның тазаруы мен рухымыздың күшейуіне мүмкіндік береді, әрі сапалы еңбек ететіндей рухани қуат дарытады. Сонымен қоса, ораза ескіден келе жатқан дәстүр қартайған шал кемпірлер ғана ұстайды деп түсінетіндер де жоқ емес. Алайда, қазіргі күннің медицинасы бұл пікірдің орынсыз екенін дәлелдеді. Оразаның денсаулық, сондай ақ рухани, қоғам және тәрбие салалары үшін тигізер пайдасы өте мол деп отыр. Өйткені, ораза әр жылдағы қателіктерді жөндеп, әлеуметтік дерттің бетін қайтару мақсатында үлкен роль атқарады. Әрі отыз күн оразада адам бойындағы жіңішке қан тамырлары жыл бойы жиналған қалдықтардан тазарады. Бұл өз кезегінде қан айналымының қалпына келуіне ықпал етеді. Нәтижесінде адамның ойлау, жаттау,сабырлық қасиеттері артады. Жаратылғандардың ең жоғарғы деңгейін иеленген адам дүниеге пәк, күнасыз келеді. Алайда денемізбен бірге келген нәпсі оны түрлі күнаға итермелеп, Құдайға деген құлшылықтан да алыстатады. Ғибадаттардан қашып, басқалар сияқты бос жүрген жоқпын, жұмысым бар,ораза ұстасам кім істейді деп, таудай сауаптардан да құр қалатындар бар. Жәлаладдини Руми былай дейді. «Жүрек көзі соқыр жандарды ешқандай құлшылық нұрландыра алмайды»
Бір күні Пайғамбарымыздың сахабасы Әбу Умәмә: «Я, Алланың елшісі! Маған жаратушы Аллаһ тағала сыйға бөлейтін бір амал үйретші» дегенде, Пайғамбарымыз (с.ъ.у) «Саған оразаға жармасуды насихаттаймын. Өйткені, ол теңдесі жоқ құлшылық» деп жауап берді. Себебі ораза ұстаушы адам өзін ең бірінші сабырлыққа тәрбиелейді. Сәлман Фарси Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ның шағбан айының соңғы күндерінің бірінде оқыған құтпасын былай деп жеткізді: «Ей. Мұсылмандар! Ұлы әрі мүбәрәк айдың көлеңкесі төбелеріңе жақындап келеді. Ол ішінде мың айдан да хайырлы Қадыр түні бар ай. Бұл ай, Аллаһ тағаланың күндізін оразамен, түндерін нәпіл тарауих намазымен өткізуді бұйырған мүбәрәк ай. Бұл айда кім бір хаиырлы іс жасаса, басқа уақыттарда бір парызды орындаған адамдай сауап алады. Ал, бір парызды өтеген адам, басқа айларда жетпіс парызды өтегендей сауапқа ие болады. Бұл ай сабырлықтың айы. Ал сабырдың сыиы болса жәннат» деген. Ораза ұстаған адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аштықпен шөлге шыдай білген адам, аяқ асты тап болатын түрлі қиындықтарға сабырлық танытуға шамасы жетеді. Хадис Шарифте «Ораза сабырдың, ал сабыр болса иманның жартысы» деген. «Аллаһ тағала қашанда сабыр етушілермен бірге» Бақара сүресі 153аят. «Рамазан айында тәубеге келген адамның, Аллаһ тағала басқа он бір айда жасалған күналарын кешіреді» Мұхаммет с.ъ.у. Рамазан айының қадірін ұғына алғандар сансыз нығметтерге бөленеді. Оған бейқам қарағандар Алланың мейірімінен құр алақан қалып қояды. Пайғамбарымыздың хадисінде олардың жағдайы тіпті қорқынышты айтылған: «Жәбірейіл (а.с.) маған көрініп Рамазанға жетіп, бірақ күналарының кешірілуіне ұмтылмаған адам Аллаһтың мейірімінен аулақ кетсін!» деді. Мен «Әмин» деп жауап бердім деген еді.Сондықтан Рамазан айын кешірім, рахым айы деп түсініп, біліп білмей істеген күнә, кемшіліктерімізден жарылқану тілей отырып ораза ұстайтын болсақ, сыйы жәннәт болмақ. Аллаһ тағаланың алдында ұстаған оразамыз бен Рамазан айы әдемі бір бейнеде келіп ұстаған адамға шафағат ету үшін жаратушыдан рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: Қиямет күні болғанда Аллаһ тағаланың алдына Рамазан айы бір әдемі көркем бейнеде келер, сол кезде Аллаһ тағала «Я Рамазан айы, сенің не тілегің бар?» деп сурар. Рамазан айы айтар: «Я. Раббым. Сенің бұл құлың денінің сау кезінде, сенің разылығың үшін мені қастерлеп ораза тұтып, сол арқылы саған құлшылық етті. Енді сол құлыңды тозақ отынан сақтап, бастарнына нұрдан тәж киуіне, қабірден тоқ болып тұруына нәсіп ет. Оларды жәннатқа кіргізе гөр» деп тілек тілейді. Сол кезде Аллаһ тағала айтар: «Сені қадірлеп орза тұтқан құлдарымды менің алдыма келтір. Мен сенің тілегіңді қабыл еттім. Жәннатқа өзің баста» дер. Рамазан айы өзі бастап жәннатың әр-Райиан атты есігінен кірер. Деген. «Жәннатта ар-Райиан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді» Мұхаммед с.ъ.у. Және осы айда пітір садақасы бар.Пайғамбарымыз Мұхаммет с.ъ.у. «Кімде кім Рамазан айында ораза ұстап, бірақ пітір садақасын бермесе, ол кісінің оразасы жермен көктің арасында ілініп тұрар» Пітір садақасы өз уақытында, Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Айт намазы оқылғаннан кейін пітір садақа жәй садақа болып есептеледі. Х.з. Осман а.р. өз заманында ұмытып кетіп Рамазан айында пітір садақасын бермеген еді. Бірақ уақыт өткеннен кейін есіне түсіп, пітір садақасының кәффараты үшін деп бір құлды азат етті, сол кезде Пайғамбарымыз с.ъ.у. «Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсеңде пітір садақасының сауабын таба алмайсың», «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас»деді. Және бір хадисінде: «Кім пітір садақасын берсе, ол пендеге Аллаһ тағала он жақсылық береді» деп айтқан. Бұған тоқталар болсақ: Тозақ отынан азат болар, барлық күналарынан тазарар, тұтқан оразасы қабыл болар, ол кісіге жәннатқа кіру уәжіп болады, Аллаһ тағала ол кісінің осы жылғы істеген істерін қабыл етер, қиямет күні Пайғамбарымыздың шапағатында болады, Сират көпірінен мүдірмей өтер, таразыда сауап жағы басым болар, ол кімінің аты сауап кітабіна жазылар. Шын ниетімен пітір садақасын берген адамға Аллаһ тағала осындай сауабы мол жақсылықтар береді. «Пітір садақа сәһу сәждесі сияқты, сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жерін толықтырған болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерін толықтырады» Мұхаммет с.ъ.у. Аллаһ тағала Бақара сүресінің 183 аятында: «Ей, иман келтіргендер! Егер тақуалықтан үміттерің болса. Сендерден бұрынғыларға парыз болғандай сенднрге ораза тұту парыз болды» деген. Абу Жаффар былай деп риуаят етті. «Бұрынғы қауымға түскен ораза құфтан намазынан келесі түнге дейін тамақ ішу, жұбайы мен қатынаста болу сияқты нәрселердің бәріне тиым салынған. Ал Мұхаммед (с.ъ.у) үмбетіне Аллаһ тағала бұлардан күндізгі уақытта ғана тыйды. Ұстаған оразаларыңыз Әрраиян жәннәтына жетелесін.
Талдықорған қаласы «Жетісу» мешітінің бас имамы Қанат Маратұлы