Шағбан сөзінің тілдік мағынасы «көптеген жақсылықтардың бастауы» дегенді білдіреді. Сансыз сауапқа толы қасиетті Рамазан жақындағанын сүйіншілейтін бұл мүбәрак айды ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше ықыласпен қарсы алып, құлшылыққа толы өткізетін болған. Алдағы Рамазан айына дайындық жасап, айналасындағы сахабаларын соған үндеген. Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте:
Жан-тәніңді жаманшылықтан тазартып, пейіл-ниетті таза ұстау – кез келген сәтте нәпсіге қиын тиетіні белгілі. Тойымсыз нәпсіні тізгіндеп, тұқыртып отырудың ең тиімді тәсілі – ораза ұстау екендігін де тағы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бізге қалдырған хадис-өсиеттері мен өмірлік үлгі болатын сүннеттерінен анық аңғарамыз. Айша анамыздан (р.а.) жеткен мына хадис осы сөзіміздің айғағындай:
Алла елшісінің (с.ғ.с.) Шағбан айында көп ораза ұстауының хикметін білу үшін бірде саңлақ сахабалардың бірі Усама (р.а.):
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Жан-тәнімізді түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, айлардың сұлтаны Рамазанды кіршіксіз пәк жүрекпен қарсы алуға талпынуымыз қажет. Қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық, жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту, көпшіліктің алдында біреудің айыбын көзге басып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғауды дағды айналдырып, дайындық жасауымыз тиіс.
Сүйікті Алланың елшісі (с.ғ.с.) Шағбан айындағыдай айлардың ешбірінде жиі ораза ұстамайтын және былай деп өсиет қалдырған:
Ендеше, берекеге толы Шағбан айын бекерге өткізіп алмай, күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық жасаған дұрыс. Бұған қоса, сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар арнаған жөн.
Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шағбан айына келгенде: