https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Басқа елге еліктеу

29 Mar 2018 0 comment Оқылды: 1818 рет

 

Құрани Кәримде Алла Тағала "Бiр-бiрiңдi танып-бiлулерiң үшiн, мен сендердi ұлт пен ұлысқа бөлiп жараттым" дейдi... "Әлде Құранда осыған үндей ма? Әрине жоқ Керiсiнше, онда біздің көп ұлт, ұлыс болуымыз бір – бірімізге еліктеу емес араласып құраласу екен. Қазақ ұлтының кей кездері басқа ұлттарға жалаң еліктеу деп екінің бірі айтып жүргені жасырын емес. Әркім өз күйбең тіршілігімен жүріп бұл төбелі сөздің төркінін білмей, бар қазаққа келген қайғы-қасіретті еліктегіштердің мойнына артып қойғандай. Жалпы, еліктеу дегеніміз не? Еліктеген дұрыс па, бұрыс па? Осы күрмеуі қиын мәселе жайлы сыр шерткенді жөн көріп отырмын. Ғылыми анықтамасы басқалардың мінез-құлқын өзіне көшіру процесі. Қазақшаландырғанда үлгілеу, пір санау, қадір тұту дегенге келеді. Еліктеу- адамзатпен қатар туған, қанына сінген қасиет десем шалыс баспағаным. Сөзіме тұздық ретінде ұрпағы үшін жерұйықты іздеген ата-бабамызды айтсақ болады. Сол сұм заматтада еліктеу болғанын талай тарихшымыз тайға таңба басқандай анықтап, синтездеді. Азуы алты қарыс Алпамыс, ереуіл атқа ер салған Махамбет, жайдың атқан тасындай жарқындаған Бауыржан бабаларымыз болашақ үшін бастарын бәйгеге салып, сүрінбес сара жол салды. Қара қазақты қаз тұрғызған Ыбырай Алтынсариндай, артынан өшпес мұра қалдырған, қаламы жүйрік классик Мұхтар Әуезовтей, артық сөзді қажет етпейтін дана Абайдай асылдың сынықтарын тәңірдің өзі, тарихтың өзі, тағдырдың өзі алаштың иығына артты, жүрегіне жүктеді, тұлғасына табыстады. Бұларға еліктемеген, жолын қуғысы келмеген адам кемде-кем шығар. Қаншама ғасырлар бойы қан-қасап қырғындарды, жүз жылдық жойқын жойылыстарды бастан кешкен, қаймақ- қалқулардан азап шеккен ұлы қазақ даласында кеше еліктегендер бүгін шәкірт болып, жылдан-жылға саны артып отырды. Жоғарыда айтылған алыптарға еліктегендер жаман болған жоқ, олар тек еліктеп қана қоймай, өзіне елді еліктеттіре білді. Еліктеу арқылы бір заттан екінші зат туып отырды. Ал, қазіргі таңдағы ахуал қандай? Еуропамен уланған жастарымыз кімдерге еліктеп жүр? Турасын айтсақ, бүгінгі ұрпақ шет елге еліктейді, шет елді сүйеді, шет елді оқиды, шет елді арман етеді. Осыдан барып, қазақты артқа итеретін, қазақтың ең жаман қасиеті — еліктегіштігі болып шыға келеді. Бұл қалай? Мысалы, әлемде жапондар да біз сияқты өте еліктегіш халық. Бірақ екі ел арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Жапондықтар еліктей отырып, ел мүддесіне нұқсан келтіретін, ұлт дәстүріне қайшы келетін әрекеттерге аяқ баспайды. Мейлінше, отандық дүниелерге еліктегенді дұрыс санайды. Ал, қазекеңдікі еліктеу емес, көшіру. Ол нағыз дәрменсіздіктің дәл өзі. Тіпті қанша шет елдің өнімі болса да, қазақылықтың исі шығып тұруы керек. Ата-дәстүрімізге, мәдениетімізге, дінімізге, ділімізге зияны тимесе, басқалардың үздiк өнерiн үйренiп, өзiнше жол iздеп, сөйтiп жаңа сапалы дүние тудыру – еліктеудің айрықша белгiсi. Бұл барлық елдерде бар үрдiс. Еліктегіш қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына күйінуі тиіс. Басқа ұлтқа еліктегенше өз ұлтымыздың қадір қасиетін мақтан тұтып қадірлей білейік.

 

Талдықорған өңірі Текелі қаласы «Керімбек би»

                                             мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы

              

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз