Алла тағала Құран Кәрімде: "Мен жындармен адамдарды тек өзіме құлшылық ету үшін жараттым" дейді.
Демек адам баласының бұл сынақ өмірдегі ең басты міндеті өзін жоқтан бар еткен Алла тағаланы Раббым деп сеніп, Алланың тиған тиымдарынан тиылып, бұйырған әмірлерін орындау болып саналады. Олай болатын болса Алла тағала Құран кәрімде: "Ей мүминдер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және бал ашатын оқтар, лас шайтанның істерінен одан сақтаныңдар құтыласыңдар" дейді. Ендеше мен Алланың құлы, пайғамбардың үмметімін, мұсылманмын деп санайтын әрбір адам өзін арақтан, құмардан, бал аштырудан алыс ұстауы керек. Өкінішке орай қазіргі күнде елімізде бақсы балгерлер көбейіп, өткен өмірі беймәлім болса да қазіргі күнде аруағының абыройы асқақтаған мазарлар көбеюде. Иә, біз қазақ ежелден аруақты силаған, бірақ сиынбаған халықпыз. Шын мәнінде адам баласы жан мен тәннен жаратылған тән қалауын күнделікті өтеп жатырмыз. Шаршасақ ұйықтаймыз, шөлдесек су ішеміз, қарнымыз ашса тамақ жейміз. Бір сөзбен айтқанда тән қалауын өтеуден ешқашан шаршамаймыз. Ал жанымыздың яғни рухымыздың қалауын қалай өтеп жүрміз.
Біздің істеп жүрген амалдарымыз шариғат аясында ма, әлде Алланың наразы болған істері ме? Әрбір адам мұқият ойлану керек. Өйткені Алла тағала Құран Кәрімде: "Ей мүминдер Алла тағаладан қорқыңдар. Ертең үшін не нәрсені келтіргеніне қарасын. Алладан қорқыңдар. Әлбетте Алла істеген амалдарыңнан хабардар" деп бүгінгі істеген әрбір ісімізден ертең сұрақ болатынын ескертеді. Дінсіз мемлекет болса да, дінсіз қоғам болмайтыны баршамызға мәлім. Әрине дінсіз адам да болмайды. Әрбір жан иесі бір жаратушыға сенеді. Қуанғанда қуанышына ортақ болатын. Қиналғанда жәрдем беретін құдіреті күшті Алланы танымаған пенделер қиналған сәттерінде тынымсыз жанына тыныштық іздеп әр нәрсеге бір ұмтылып, шарасыздықтан басын кейде тауға да, тасқа да соғып жатады. Бұл адам баласының әлсіз жаратылғанының белгісі. Бұл туралы Алла Тағала Құран Кәрімде «Өйткені адам баласы әлсіз жаратылған» деп баяндайды. Өмірдің қиыншылықтарына тап болған адам үшін уақытша тыныштандыратын құлаққа жағымды сөздер айтатын бақсы-бәлгерлер ең жақын адамдай көрінері де рас.
Еңсесі түсіп езілген пенде әрқашан жылы сөзге және жанына жылу берер жағымды мейірімділікті аңсайды. Қазіргі кезде халық арасында бақсы-балгерлерге барып соларды жағалап кеткендердің саны көбеюде.
Пайғамбарымыздың хадисінде бақсыларға барудың дұрыс еместігін айтады: «Кімде-кім көріпкелге баратын болса айтқаны рас дұрыс айтады дейтін болса онда ол адам Алланың пайғампары Мұхаммед (с.ғ.а) келтірген дінге қарсы шыққанмен тең. Ендеше кімде-кім Алланың разы болғанын Ислам дініне қарсы келетін болса әлбетте ол адам Алланың азабына душар болады. Алланың азабы болған жерден біз өзімізге тиесілі бақытымызды таба алмасымыз айдан анық. Пайғампарымыз және бір хадисінде «Кімде-кім балгерге барып одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса оның дұғасы қырық күн бойы намазы қабыл етілмейді» дейді. Пайғамбарымыз айтқандай «Дұға мұсылманның қаруы», қарусыз адам кез келген уақытта қапы қалатыны секілді дұғасы мен намазы қабыл болмаған жан да ай далада панасыз қалған сорлы бейбақтай сенделері даусыз.
Бізге көріпкелмін, алысты божаймын , бағыңды ашамын деп жүрген жандардың жасампаз тапқырлығын ислам діні құптамайды. Өйткені Алла тағала Құран Кәрімде «Көктермен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді».
Айша анамыз ол кісіден Алла разы болсын: Бірде бір топ адам Алланың елшісінен сәуегейлер жайлы сұрағанда пайғамбарымыз «Олардың айтатыны шындық емес» деді. Екі әлем сардарына осы сауалды қойғандар «О, Алланың елшісі с.ғ.с! Кейде олардың бізге айтқандары рас болып жатады» деді. Сонда Алла елшісі с.ғ.с оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни балгердің) құлағына сыбырлайды. Ал балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады)» деп айтты деген. Қандай да бір жағдай болып жанымыз бен тәніміз қиналған шақта қажетімізді әлемдердің жаратушысы Алла тағаладан сұрайық. Бізді жарылқайтын рахман және рахим сипаты болған Алла тағала ғана. Өйткені Алла тағала қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде «Біліп қойыңдар жүректер тек Алланы еске алумен ғана тыныштық табады» дейді. Талақ сүресінде «Кім Алладан қорықса Алла оған шығар жол береді» деген.
Дана халқымыз Аллаға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады дейді. Әрқашан бақытымызды адамның қолынан емес әлемдердің раббысы Алланың жолынан іздеуді Алла нәсіп етсін.
Сарқан ауданының бас имамы
Асқар Серікбек