https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мұғжиза дегеніміз не?

14 Mar 2018 0 comment Оқылды: 1021 рет

Мұғжиза дегеніміз не?


«Мұғжиза»  -   сөзінің   мағынасы   шарасыз,   әлсіз, дәрменсіз  қалдыру  дегенге  саяды.  Аллаһ  Тағала  адам дарды хақ  дініне  шақыру  үшін  пайғамбарлар  жіберді. Енді осы пайғамбарлардың пайғамбар екендігінің дәлелі нендей  болмақ? Әлде, кім көрінген мен пайғамбармын деп   шыға   бере   ме?   Ондайлардың   жалғаншы   неме- се   шынайы   пайғамбар   екендігін   қалайша   ажырата- мыз?  «Мен  -  Аллаһтың  елшісімін»  деп  келген  кісінің қолында ешқандай дәлелі, айғағы  болмаса, оған не деп сенеміз?  Мысалы,   әрбіріміздің  қолымызда  қай  елдің азаматы  екендігімізді  айғақтайтын  төлқұжат,  жоғарғы оқуды бітіргенімізді     растайтын    диплом,    жұмысқа орналасқанымызды  куәландыратын  бұйрық  бар.  Міне, сол  секілді  пайғамбардың  пайғамбарлығын  растайтын дәлелі  -   мұғжиза.  Мұғжиза  Аллаһ  тарапынан  жүзеге асырылып,  пайғамбардың қалаған сәтінде көрсету және айтуы мүмкін болған табиғат заңдылығына қайшы келетін тосын құбылыс. Яғни, мұғжиза деп табиғат заңдылығына қайшы,   ғылыми   тұрғыдан   анықтамасы   жоқ,   екінші рет  қайталанбайтын,  қарапайым   жандар  оны  жасауға дәрменсіз таңғажайып оқиғаларды айтамыз.
Мұғжиза пайғамбардың  пайғамбарлығын  жалғанға шығарған сәтте, оның елшілігінің хақтығына көз жеткізу мақсатында Аллаһ Тағаланың қалауымен жүзеге асады. Пайғамбарлар  өмірінен  қайсыбір  пайғамбарды  мысал ретінде алсақ та, Ол өз қауымына Жаратушының елшісі екендігін айтқанда, көпшілік оның нақ елші екендігін білу үшін «ананы істе», «мынаны істе», «оны айт», «бұны айт» секілді көптеген талаптар қойғандығына көз жеткіземіз.
Аллаһ Тағала  жіберген  елшісін  ешқашан  адамдар алдында ұятқа қалдырмайды. Керісінше, адамдарды сан мәрте ұятқа қалдырып, масқаралағандығы Құранда айты- лады. Пайғамбарлардың ең үлкен мұғжизасы өз заманын- да етек жайған, адамдар үшін одан асып түсетін күшті бір кереметтің болуы мүмкін емес деп сенген құбылыстармен байланысты болған.  Мысалы,  Хазіреті  Мұса  дәуірінде сиқыршылық шегіне жеткенде, Хазіреті Мұса аса таяғын айдаһарға айналдырып, адамдарды аң-таң етті. Хазіреті Иса  дәуірінде емшілік кеңінен тарап, ем-дом жасаудың түрлі  әдістері дамыған. Бірақ   Иса      (а.с.)    олардың ешқашанда қол жеткізе алмайтын: өлген адамды тірілту, тума соқырдың көзін ашу  секілді кереметтерді көрсетіп, қауымын  хақ  дінге  шақырды.  Ал,  Хазіреті  Мұхаммед (с.а.у.) арабтардың әдебиеті мен бәләғаты дүркіреп тұрған кезде, Құран аятымен ақын, шешен, жыраулардың аузына құм құйғандай үнін өшірді171.
Кез-келген оқиғаны мұғжиза ретінде тануымыз үшін,
оның мынадай өзіндік ерекшеліктері болуы тиіс:
1. Мұғжиза негізінен Аллаһтың ісі, пайғамбар тек оған   дәнекер  ғана  болады:  «Ешбір  елші  Аллаһтың рұқсаты болмайынша бір мұғжиза келтіре алмайды» (40.Ғафыр-78).
2. Мұғжиза қалыпты табиғат заңдылықтарына қайшы оқиға.  Мәселен, тастың Пайғамбарымызға сәлем беріп, құрма дінгегінің боздап жылауы және Пайғамбарымыздың саусақтарынан  су  ағу,  т.б.  осы  секілді  жайттар  шын мәніндегі мұғжизалықтың классикалық мысалдары болып табылады.
3. Мұғжизаны елшілік қызметпен келген кісі ғана жасайды.
4. Мұғжиза пайғамбарлық ұлы мақсатты жаю кезінде жүзеге асады.
5.  Мұғжиза  пайғамбардың  қалауына  сай  жүзеге асады. Мысалы, тасты сөйлетемін деп, ағашты сөйлетсе, ол мұғжиза болып саналмайды.
6.  Мұғжиза   қарапайым   пенде   жасай   алмайтын оқиға.
Хазіреті    Мұхаммед    (с.а.у.)     пайғамбар     дүние салғаннан   кейін   біздің   ғасырымызға   дейін   қаншама кісі  өзін  пайғамбармын,  көпшілігі  өзін  Иса  Мәсихпін деп  жариялады. Бірақ, олардың сөздерінің бірде-бірі де көпшіліктің назарын аудара алмады. Себебі, біріншіден, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) ең соңғы пайғамбар, одан кейін ешқандай пайғамбар келмейді. Екіншіден, нақ Иса Мәсих болса, неліктен өзінің хақ пайғамбар екендігін дәлелдейтін мұғжиза көрсетпейді? Демек, олардың ешбірі пайғамбар емес, керісінше адасушы күнәһарлар әрі кәпірлер.
Мұғжиза демекші,  Құрандағы  «аят»  деп  аталатын мұғжизаларға қысқаша тоқталып өтсек:
а) Хазіреті  Ибраһим  Вавилон  патшасы  Намрудты Аллаһқа иман етуге шақырғанда Хазіреті Ибраһимді тау- дай боп жанып жатқан отқа лақтыртады. Сонда Аллаһтың әмірімен от Хазіреті Ибраһимге әсер етпестен, керісінше, жалындаған от пен шоқтың оған салқын болғандығы бел- гілі: «Әй, от! Ибраһимге салқын, зиянсыз бол дедік» (24. Әнбия-69).
ә) Хазіреті Салих Самуд қауымының талабы бойын- ша,  ұрғашы  түйені  жартастың  ішінен  шығаруы  нағыз мұғжизаның өзі болатын. Самуд қауымы сол мұғжизамен шығарылған   қасиетті  малды    сойғандықтан,        Аллаһ Тағаланың азабына ұшырады (қараңыз: 26.Шуғара, 141-158 аят).
б)  Хазіреті Яқуб  пайғамбардың   ұлы   Юсуфтың көйлегін көзіне сүртіп, екі жанарымен қайта қауышуы (қараңыз: 12.Юсуф, 92-96).
в)   Хазіреті   Мұса   пайғамбардың   қолындағы   аса таяғын  айдаһарға айналдыруы (қараңыз: 20.Таһа, 17-21), қолын қойнына салып шығарғанда қолының аппақ болуы (қараңыз: 20.Таһа – 22), Ферғауынның зәбірінен құтылу үшін  Қызыл теңізден өтпек болып аса таяғымен түртіп қалып, теңізді екіге жаруы, одан өтуі және Ферғауын мен жендеттерінің су түбіне кетуі (қараңыз: 26.Шуғара, 61-66). г) Хазіреті Иса пайғамбардың балшықтан құс жасап, үрлегенде оның жанды құсқа айналуы, өлген кісіні тіріл- туі,  анадан  тума  соқырлардың  көзін  ашуы,  алапес  ау- руына шалдыққанды емдеуі (қараңыз:  5.Майда – 110), хауарилердің сұранысына орай көктен дастарқан түсіруі (қараңыз:   5.Майда,   112-115) толықтай   мұғжизалық оқиғалар болып саналады.


Алматы облысы, Қаратал ауданынның бас имамы
Таласбаев Абудардан

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз