https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Сабыр жəне намазбен Алладан жəрдем сұрау

01 Mar 2018 0 comment Оқылды: 3782 рет

Қасиетті Құранда:"Сабыр жəне намазбен жəрдем тілеңдер.Расында намаз ынталылардан басқаға ауыр келеді" деп, анық көрсетті. Көмек сұраудың озық үлгісіне дейін бізге ұғындырып берген Жаратқан Иемізге сансыз шүкір етеміз. Сабыр жəне намазбен...

Адам баласы сабырлы болып, намазды толық орындау арқылы ғана кемелдікке жете алады. Құран аяттарында алдымен сабырдың, содан соң барып намаздың айтылуы тегін емес. Құлшылықта сабыр өте қажет. "Бақара" сүресінің 153- аятында сабырлы адамның өзімен бірге екен Алла Тағала былай келтірді:"Уа, иман келтіргендер! Сабыр жəне намаз арқылы менен жəрдем сұраңдар. Алла сабырлылармен бірге". Сабырдың 3 түрі бар:

1.Басқа түскен бəлекетке сабыр.

2.Құлшылықта сабыр.

3.Күнə жасамауға сабыр.

Алла Елшісі(с.а.с.):"Сабырлық таныту- ол Алладан берілген сый. Алланың алдында сабырлықтан артық сый жоқ",- деді. Аллаға ғана жалбарынып, дұға етіп, тəуекелге бел байлауымыз қажет. Барлық сынақ Алладан, одан тек Алла ғана құтқарады.Сондықтан сабырмен жəрдем сұрау керек. Алладан басқа ешкімге шағымданбаған жөн. Құлшылықта сабыр сақтау- қиыншылықта
да, қайғы- қасіретте де сабыр сақтауға үйретеді. Керісінше де солай. Ал енді намазбен жəрдем сұрау туралы қысқаша түйіндесек,

Құран Кəрімнің "Мүминун" сүресінде:" Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай мүміндер намаздарында іштей жалбарынады.Олар намаздарына ұқыпты".(1,2,9-аяттар).

Намазбен жəрдем сұрау кедейліктен құтқарады. Арсыздықтан тыяды. Намазбен жəрдем сұрау барлық жетістіктің, дүние жəне ахиреттің жемісі. Намазбен жəрдем сұрау барлық күнəларды жуып- шаяды. Намазың дұрыс, толық болса, сөзсіз игілікке қол жеткізесің. Періштелер сенің күнəларыңнын кешіруін сұрайды. Алла Тағалаға ең ұнамды амал да намазда жасырылған. Намазбен жəрдем сұрау-қорған, шайтаннан сақтанасың. Адамның Аллаға жақын уақыты да намаз уақыты. Намазбен жəрдем сұрау- шүкірліктің көрінісі.

"Əнфал" сүресінің 2-4- аяттарында:" Сөзсіз мүміндер, Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тəуекел қылады. Сондай- ақ олар, намазды толық орындап, оларға берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Міне солар, шынайы мүміндер. Олар үшін де Раббыларының қасында да дəрежелер жəне жарылқау əрі көркем несібе бар". Исламның бес тірегінің бірі, дініміздің діңгегі- намаз оқып, ол арқылы жəрдем сұраудың теңдесі жоқ. Ал "Сабыр түбі- сары алтын" деп, ата- бабамыз сабырдың  маңыздылығын мақалына арқау етті. Аяттар мен хадистер сабыр жəне намаздың мəнісін түсіндірді. Бізге оны орындау- парыз. Намаздың қадірін білмей немқұрацды қарацтындар көптеген жазаларға ұшырайды. Өмірлерінің берекесі болмайды. Иман келтіргннен кейінгі ең үлкен міндет, парыз- намаз. Жəрдем сұра Алладан, сабыр жəне намазбен, періште дəрежесінде құлшылыққа ұмтыл! Оның бəрінде сен үшін қайыр бар. Барлық сынақта Алланың даналығы бар.

Ескелді аудандық мешітінің бас имамы Жұмағалиев Б.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз