https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тәубе намазы.

21 Feb 2018 0 comment Оқылды: 12020 рет

                               

«Адам баласының бәрі қателік жасайды. Солардың ішіндегі ең жақсылары жасаған қателіктері үшін тәубе ететіндері», - деген (Ибн Мажа, зуһд 30). Демек күнә істемейтін, қателікке бой алдырмайтын пенде болмайды.

Тәубе намазы – пенденің қате-күнә істері үшін Алладан кешірім сұрап оқылатын нәпіл намазы. Бұл намазды кейде «аууабин намазы» деп те атайды. Тәубе намаз жайлы Әли (р.а.): «Маған Әбу Бәкір (р.а.): «Мен Алла елшісінен: «Кісі күнә жасап қойса, артынша тез дәрет алып намаз оқып Алла тағаладан кешірім сұраса, күнәсін кешеді»,– деп айтты да, – «Ал, олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды» деген Али имран сүресінің 135 аяттын оқыды»,- дегенін естідім», –деп риуаят еткен.

Әрине, бұдан қалаған күнә амалдарды жасап, тәубе намазын оқыса болады екен деген жансақ пікірден аулақ болу керек. Кейбір күнәларді істеп жатқанда бұл жалғаннан имансыз кетіп қалу қаупі бар екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қоса тәубе намазымен бірге тәубенің қабыл болу шарттары да қоса орындалуы тиіс, олар:

1.Жасап жатқан күнәсін тоқтату;

  1. Жасаған күнәсі үшін өкіну;
  2. Сол күнәні қайта жасамауға уәде беру;

4.Соңғысы, күнә басқа бір кісіге қатысты жасалса, зардап шеккеннің ризалығын алу. 

Намаз пендені Жаратушысына жақындататын ең төте жол және Алла тағаладан жарылдау тілеп тәубе етуде намаз ең маңызды дұға түрі екені мәлім.

Тәубе намазын қалаған адам мұқият және бабымен дәрет алып, тәубе ету ниетімен екі ракағат намаз оқиды. Себебі, намаз – дұға-тілектің ең ұлығы. Сондықтан, намаз оқығаннан кейін, істеген қате-кемшіліктері үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, тәубе етеді. Екі ракағаттан бөліп, екеу, төртеу, алтау, сегіз ракағат етіп оқыса болады.

Жаратушы Алла баршаларымыздың тәубелерімізді қабыл етсін.                                                                                          

                                                                                         Ақсу аудандық мешіті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз