https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жетімнің ақысы

16 Nov 2017 0 comment Оқылды: 3055 рет

                                          

Дана халқымыз “жетім көрсең жебей жүр,, деген ұлағатты бойына терең сіңірген. Сондықтан жетім-жесірлерін ауқатты адамдар қанатының астына алған. Дінни тұрғыда «жетім» деп әкесі қайтыс болғани балиғат жасына толмаған баланы айтады.Әкесі бар болып анасы қайтыс болған болса ол жетім деп аталмайды.Жетімді бағып-қағу,шексіз сауапәрі құлшылықболып жаннатқа жетелейтін амалдардың бірі болып табылады. Ал жетімнің ақысын жеу үлкен күнә болып табылады және ол тозаққа жетелейтін амалдардың бірі болып есептеледі. Бұған Аллаһтың кәләмі Құранда былай деп байан етіледі Ниса сүресінің 10-айатында  “Жетімдердің малын зұлымдық істеп жеп алғандар ішіне от жұтып алған болады.Олар сөзсіз тозаққа тасталады”-дейді.Тафсиршілерб.л айатты: Қиямет  күнінде жетімнің малын жеген  адамдар аузы-мұрнынан,құлақтары мен көздерінен от лаулап шығып тұрған бойда тіріледі. –деп тәфсірлеген.

Жетімнің ақысын жеу Алла Тағаланың лағнетіне ұшыратады.Имам Бұхаридің хадис жинағында Әбу Хұрайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте айтылады:«Пайғамбарымыз(с.ғ.с):  «бәлеге жолықтырар жеті түрлі күнәдан сақ болыңдар», -дегенде, одан:  «Аллаһтың елшісінен(с.ғ.с)  Олар нелер?», -деп сұралды. Сонда ол: «Аллаға серік қосу,  сиқырлау,  нақақ адам өлтіру,  өсімқорлық,  жетім ақысын жеу,  соғыс майданынан қашу,  мұсылман ар-намысты әйелді зина жасадың депайыптап,жала жабу», -деп жауап берді».

Демнек қарап отырсақ жетімнәің ақысын жеу үлкен күнә болып жетімнің ақысын жеген адам қиямет болғанда қарны отқа толып тозақ отына тасталады. Яғни ол адамның іші мен сырты от азабына тап болады. Бұған дәлел Имам Мұслимнің сахихндағы «миғраж» туралы хадистен үзінді келтірейік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)былай дейді: «бір кезде бір топ адамдармен бетпе-бет келіп қалдым.Олардың бастарына басқа бір адамдар отырырп алған еді.Ол кісілер олардың сақалын жұлып жатты, ал сол араға қолдарымен шоқ боп тұрған тастарды көтеріп келген тағы бір топ кісілер келіп қосылды да,сол шоқ боп тұрған тастарды сақалдары жұлынған адамдардың ауыздарына бірінен соң бірін салды. Ауыздарынан кірген шоқ тасарттарынан шығып жатты. Мен: «О, Жебірейілперіште! Бұлар кімдер?»,- деп сұрадым. Ол: « Олар жетімдердің мал-мүлкін зұлымдықпен жегендер. Олар қарындарына тек от толтырып алғандар» деп жауап берді», -дейді. Айаттармен хадистерге қарасақ жетімнің ақысын жеу қандай азапқа тап қылатынын көріп отырмыз. Ал біздің ата-бабаларымыздың даналық сөздерінің өзінде «Жесірін қаңғыртпаған. Жетімін жылатпаған»-деп айтып кеткен. Қай қоғамда болсын,жетім-жесіріне қайрымдылық жасап қамқор болса, ол қоғам көтеріледі, өсіп-өнеді. Жетіммен жаратушы Аллаһ Тағаланың арасында перде болмайды.Қорта келгенде жетімге қамқорлық жасаған адамға Алла Тағала разы болмақ.Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Жесір мен жетімге көмектесу Алла жолында жихад қылғанмен тең»,- дейді (Имам Бұхари мен Мұслимнен жеткен).

Ендеше, жетімдерімізді жебеп,оларға қамқор болсақ Алла ТАғаланың разылығына жетіп сауапқа кенелумен қатар көптеген нығыметтерге жетеріміз анық. Алла тағала баршамыздан разы болған құлдардан болуға нәсіп етсін, жетімнің ақысын жеп азапқа ұшырағандардың қатарынан емес. Әмин!

Ескелді ауданының бас имамы
Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлы 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз