Абай атамыз: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», - деп айтқандай, Алла Тағала адам баласының жаратушысы, әрі оған берілген барлық нығметтің иесі болғандықтан, адамның негізгі махаббаты да Аллаға арналуы керек. Құранда Алла Тағала мүміндерді былай сипаттайды Бақара сүресі, 165 – аятта:
والذين امنوا اشد حبا لله
«Ал, мүміндар, Алланы қаттырақ жақсы көреді». Алланы шынайы жақсы көру – иманның дәмін татуға себепші болатын сипаттардың бірі. Аллаға ұнамды сөздерді көп айту. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Сендерге Алла Тағаланың қай сөзді барлығынан артық көретінін айтайын ба? Ақиқатында, Алланың ең сүйікті сөзі: Субхана-Ллахи уә би-хамди-хи! «Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауларға лайық». Және бірде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ләә иләәһә иллаллаһу уәхдәһу ләә шәрийкә ләһу ләһул мулку уә ләһул хәмду уә һуә ғәләә кулли шәйъин қодийр», «Кім бір күнде жүз мәрте «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ: ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ Оның күш- құдреті барлық нәрсеге толық жетеді», - десе, ол он құлды азат еткендей болады, оған жүз жақсылық жазылады және оның жүз күнәсі кешіріледі. Бұл оған сол күнгі шайтанға қорғаныш болады. Осы жағдай кешке дейін жалғасады. Бұны содан көбірек жасаған кісіден басқа ешкім ол келтіргеннен абзалырақ нәрсе келтіре алмайды. Ал кімде – кім күнде жүз рет «Субханаллаһи уә бихәмдиһи» «Кім бір күнде жүз рет «Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауларға лайық» десе, оның қателері тіпті теңіз көбігіндей көп болса да өшіріледі». Ал егер «Субханаллаһи уәлхамду лил- ләһи уә лә иләһә илләл-лаһу уаллаһу әкбар» «Алла пәк, Ол барлық мақтауға лайық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла Ұлы – деп айту маған күннің нұры түсіп тұратын барлық нәрселерден де жағымдырақ (Имам Мүслім)».
Алла Тағалаға сүйікті сөздер «Субханаллаһи, уәлхамду лилләһи, уә лә иләһа илләллаһу, уаллаһу әкбәр» Пайғамбарымыз (ﷺ ): «Сөздер ішінде Алла Тағалаға ең сүйкімдісі төртеу: «Алла пәк, барлық мақтау Аллаға лайық, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла Ұлы). Осылардың қайсысымен бастасаң да оқасы жоқ» - деген (Имам Мүслім). Баршамызды Алла Тағала өз рахымына бөлеп сүйікті құлдарынан етсін Әмин.
Талдықорған өңірі «Еркін ауылдық» мешітінің
бас имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы