https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Фил сүресі

11 Oct 2017 0 comment Оқылды: 9173 рет

 

Меккеде түскен, 5 аяттан тұрады.

            Бұл сүреде “Піл қаумы немесе піл әскері” қиссасы жайлы сөз қозғалады. Бұлар қасиетті Қағбаны қирату ниетімен келген кезде Алла олардың көздеген мақсаттарын іске асырмай, өз үйін жаудан қорғайды. Әбраһаның әскеріне топ-топ құс жібереді. Бұл құстар саусақтарымен тастар алып келеді. Олардың алып келген тастары оқ сияқты өткір еді. Нәтижеде құстар Әбраһаның әскеріне тастан оқ жаудырып жермен жексен етеді. Аталмыш піл оқиғасы әз пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) дүниеге келген 570 жылы болғанды. Бұл – пайғамбарымыз болмастан бұрын оның пайғамбарлығының хақ екендігін білдіретін оқиғалардың бірі.

Рахман, Рахим Алланың атымен

  1. (Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның піл иелеріне қалай (не) істегенін көрмедің бе?
  2. Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?
  3. Оларға топ-топ құс жіберді.
  4. Құстар, оларға балшықтан жасалған тастар атып;
  5. Нәтижеде оларды желінген топан тәрізді қылды.

          Сөздік

         “Әбабил” – топ-топ, қаз-қатар тізілген. Жауһари былай дейді: Бұл сөз жекеше түрі жоқ көпше түрдегі сөздер қатарына жатады. “Түйелер топ-топ болып келді” дегенде осы сөз қолданылады.

“Сижжил” – “тас болып қатып қалған балшық” деген мағынаны білдіреді.

“Асф” – Егін орылып біткен соң қалатын сабан мен бидайдың топаны үшін қолданылады. Жел осы топанды оңға-солға шашып ұшырғаны үшін осы атау берілген-ді.

 Аяттардың тәпсірі

  1. Уа Пайғамбар! Ұлы Алланың Қағбаны қиратпақшы болған піл әскеріне не істегенін көзбен көргендей нақты білесің бе? Бұл жайлы мағлұматың бар ма? Тәпсірші ғұламалар былай дейді: Риуаят бойынша Иемен әміршісі ерні жырық Әбраһа Сана қаласына бір шіркеу салдырып Қағбаға келетін қажыларды соған шақырып, мол саудаға, байлыққа кенелмек болады. Бұны естіген Кинана тайпасының бір адамы Әбраһаны келеке қылып мазақтау үшін түнде шіркеуге кіріп дәрет сындырып, әбден ластап кетеді. Бұған қатты ашуланған Әбраһа Қағбаны қиратуға ант етеді. Пілдерге мінген, төрт қаруы сай әскермен Меккеге келеді. Аталмыш піл әскерінің алдында бастап келе жатқан үлкен піл бар-ды. Әбраһа Меккеге жақындағанда халық одан қорқып тауға қашты. Ұлы Алла Әбраһаның әскеріне қара құстар жіберді. Әр құстың аузында бір тас, аяғында екі тастан бар еді. Құстар осы тастармен Әбраһаның әскеріне тасборан жаудырды. Жауған тастар адамның басынан кіріп арқасынан шығып, қырып салды. Нәтижеде Жаратушы иеміз оларды түп тамырымен жоқ қылды. Аталмыш піл оқиғасы адамдар үшін үлкен сабақ. Әбус-Суғуд былай дейді: “Рабыңның қалай істегенін көрмедің бе?”  деп Алла тағаланың күш-құдіретінің шексіз екендігіне ишарат етілуде.
  2. Алла оларды жойып жібермеді ме? Олардығң Қағбаны қирату жоспарларын күл қылып, жоққа шығармады ма?
  3. Олардың үсітінен Алла топ-топ өз әскерлері – құстарды жіберді. Бұл құстар әр тараптан оларды қоршады. Бұл құстардың қандай құстар екендігі беймәлім. Тарихи деректерде бұл құстардың бұрын-соңды сол маңайда болмаған, үлкенді-кішілі, қара, жасыл, ақ түстерге оранған өзгеше екендігі және олардың Йемен мен теңіз жақтан дауыл- дай қаптап келіп, барлығын талқандап өте шыққандығы жайлы баяндаған.
  4. Құстар оларға балшықтан жасалған,  тас сияқты қатты кішкентай тастар жаудырды. Аталмыш тастардың өткірлігі сонша, оқ сияқты тиген жерін тесіп кетеді. Кімге барып тисе бірден өлтіретін.
  5. Оларды жел ұшыратын және жан-жануар шайнап тастаған жапыраққа айналдырды. Алла осылайша олардың түгелдей көзін құртты.       Сонда оларды желінген егін тәрізді қылды». Бұл аяттағы– асфин» сөзін – тәпсіршілер «егін топаны» деп түсіндіріп бұл хақында бірнеше көзқарастарын білдірген.
  6. Науқаннан кейінгі егін даласында қалып, желге ұшып, мал жеген егін топандары. 2. Қиқымдалып желге ұшқан сабан. 3. Төгіліп, құрт-құмырсқа жегендіктен шұрқ тесігі шыққан жапырақтардай денелері боратылған оқтардан сау тамтығы қалмаған Әбрәһә әскерінің өлімі бейне- ленген. Міне, Ұлы Жаратушы піл иелерінің, жеңілу тұрмақ, бізге біреулер қарсы тұрады-ау деген ой бір сәт санасы- на кірмеген Әбрәһә мен оның қалың қолын бір демде жусатып, жермен-жексен етіп, «құрт-құмырсқаға жем болып, желге ұшқан егіндей» күлін көкке ұшырды. Аталмыш оқиға Аллаһ елшісінің дүниеге келуіне елу күн қалғанда болған. Бұған тарихи деректер де куә.

Бұл оқиға Ұлы Алланың қасиетті Қағбаға берген маңызы және дұшпандарды қирату арқылы құрайыш тайпасына сыйлаған нығметінің нышаны. Осыған орай құрайыш тайпасы да Пайғамбарымызды мойындап Аллаға шүкір ету керектігін естеріне салуда. Сонымен қатар бұл оқиғада Алланың дін дұшпандарынан кек алуға құдірет күшінің толық жететіндігіне дәлел бар.

Талдықорған қаласы

«Нұр» мешітінің бас имамы:   

                                  Алмас Сағидоллаұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз