https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Нәпсінің түрлері

29 Шілде 2017 0 comment Оқылды: 6493 рет

 

Адамға нәпсі не үшін керек.

Бұл сұраққа данышпан хәкім Абай атамыз: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді қуат таппайды. Біреу – білсем екен демекілік...»- дегендей нәресте ең әуелі тәндік қажеттілікке мұқтаж. Сондықтанда нәпсілік қасиет ақылдан әуелі дамиды дейді.

Демек өмірге келгеннен бастап иман ақыл – нәпсі адамның бойында бірге дамиды. Нәпсі адамның қалауы қызығушылығы нәпсінің жетегінде кеткен адам өкініште жермен де болып қалуы мүмкін.

Сондықтанда нәпсіге ерісе бермей жүгендеп ұстаған жөн. Ата-бабаларымыз бұрыннан-ақ «нәпсі деген бәле дүр, жанған отқа сала дүр» деп нәпсінің жамандыққа күнә іске апаратын тұстарын айтып кеткен. Құран Кәрімнің Жүсіп сүресінің 53- аятында нәпсі жайлы былай деген: «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақта Раббым мархабат етсе ол басқа. Күдіксіз раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді».

Нәпсі ұятпен арды білмейді. Сол үшін нәпсіні тәрбиелеп жөнге салып отыру керек.

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәбук жорығынан қайтып келе жатып: «Кіші жиһаддан (яғни жорықтан) үлкен жиһадқа (яғни нәпсі күресіне) оралдық»,- деп айтқан.

Ғұлама Әл-Хасан әл-Басри де: «Жиһаддың ең үлкені нәпсімен күреу» деп өсиет еткен.

Нәпсінің түрлері бірнешеге бөлінеді:

1). Жамандыққа бұйырушы нәпсі. Бұл барлық адамда кездесетін нәпсі. Нәпсінге ерік берсең ол тек рахатты аңсайды. Құлшылыққа енжар етеді. Даналардан қалған ғибыратты сөздерде де нәпсі жайлы баяндап кеткен.

«Расында, шаһуат (нәпсі құмарлық) патышаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады. Жүсіп пен Злиханың қиссасын көрмейсіз бе?- деп ой тастайды. Жүсіп пайғамбар нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады деген болатын.

  1. Сыншы нәпсі. Бұл жақсы адамдардың бойынан табылатын нәпсінің түрі. Құран кәрімде: «Сөгіс беруші нәпсіге серт – деп айтылады. Сыншы нәпсі- шынайы мұсылманның нәпсісі. Тура жүріп тұратын адам үнемі өзінің іс әркетіне сын көзбен қарап қателіктерін түзетуге тырысады. Күн сайын есеп беріп нәпсінің қалауларынан бойы мен ойын қашық ұстауға тырысады. Ғұлама ғалым Мүжәхит сыншыл нәпсі жайлы: «Ол жаманды істеп қойса, неге істедің деп жазғырады. Ал жақсылық амал істесе, неге көбірек істемейсің деп сөгетін нәпсі»-деген. Хазіреті Омар (р.а)-да «Есеп алынбай тұрып өзіңе өзің есеп бер»-деп ескерткен .

3.Жаны жай тапқан нәпсі. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Әй орныққан нәпсі» - деп әмір етілген. Бір кісі Пайғамбарымызға келіп «Әй орныққан нәпсі» деген аятты оқып береді. Мұны естіген Әбу Бәкір (р.а) « Уа Алланың елшісі! Бұл қандай тамаша аят» деп таңырқайды сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Уа Әбу Бәкір! Расында періште бұл сөзді саған айтады» деген болатын.

«Ақыл қойшы, иман қой, нәпсі бөрі

Бөріге қой алдырмас ердің ері»- деп нәпсіні бөріге ұқсатады. Бөріге бет алды жем болып қалудан сақтандырады. Айта берсек нәпсінің түрлері көп. Нәпсінің жетегінде кеткен жан, әзәзілдің азғыруына ілесіп, соның шаш бауын көтеріп сойылын соғуды ғажап емес. Сол үшін нәпсіге абай болып оң бағытпен жүргеніміз қажет. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Аллам, мен сенен жәй тапқан, сенімен кездесетін күнге иман еткен, тағдырға риза болған, бергеніңе қанағат еткен нәпсі сұраймын» деп дұға еткен.

Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Сарпеков Ұлан

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз