https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Имандылыққа шақыру жолдары

08 Jun 2017 0 comment Оқылды: 2895 рет

 

                   Әлдебір мүминді өзге адамдардан айыратын ең маңызды қасиеттердің бірі – мейірімділік. Жаратушыға деген махаббаттан жаратылысқа көрсетілетін мейірімділіктің көрінісі ретінде жасалатын қызметтердің ұлығы Иманға шақыру болып табылады.

Адамдарды жақсылыққа шақыру, қателіктерін түзетіп білместікпен үйрене алмаған шындықтарды, туралықтарды үйрету, рухани ішкі жан дүниелерін биіктетіп Аллаһқа жөнелдіру олар үшін атқарылуы тиіс ең үлкен қызметтердің бірі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) иманға шақыру қызметінің маңыздылығын төмендегі

мына хадисінде атап көрсетеді. «Аллаһқа ант етейін, Хақ Тағаланың сен арқылы бір кісіні тура жолға түсіруі, (дүниедегі ең бағалы, құнды дүние болып табылатын) қызыл түйелердің иесі болуыңнан хайырлы» (Бұхари)

.      Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елді Хақ Тағалаға насихат етудегі жігері мен қайратын Хазірет Әли (р.а.) былай деп жеткізеді.

             «(Уа, Мұхаммед!) сен әуелі жақын туыстарыңа ескерту жаса!» (Шура сүресі, 214-аят) аяты түскенде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мені шақырып алды. Маған қарап: «Ей, Әли! Ұлық Аллаһ, ең жақын туыстарыма ескерту жасауымды әмір етті. Қатты мұңайып қалдым. Өйткені мен, қауымыма бұл істі айтар болсам, міндетті түрде жағымсыз нәрселер естимін. Ей, Әли! Бізге бір қазан ас дайында. Оған қойдың бір санын сал. Сүт әкеліп қой. Артынша Абдулмутталибтің ұлдарын шақыр. Олармен сөйлесейін. Аллаһтың әмірін, оларға жеткізейін», - деді. Хазірет Әли Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұйрығымен әзірлеген асты, әлгі туыстарына тарту етті. Бір кісіге әрең жететін тағамның, қырық кісіге жеткендігін көрген Әбу Ләһаб: «Таң қаларлық жайт! Мынау бізді сиқырымен баурап алды. Шынында, бүгінгі сиқырдан асқан сиқыр көрмедік», - деп Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) сөз бермеді. Әбу Ләһабтың сөздері Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) қатты тиді. Ләм-мим деп жақ ашпады. Отырғандар тарап кетті. Бірақ Аллаһ Елшісі (с.а.у.) тап болған қиыншылықтарына мойымастан, міндетін сабырлықпен жалғастырды. Ертеңіне туыстарын қайта жинады. Дәл сондай қиыншылыққа қайтадан душар болды. Соған қарамастан ол, оларды Исламға шақырды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл әрекетінен сабырлылықты, сый сияпаттылықты және мұның жылышырай мен атқарылуы керектігін байқаймыз. Өйткені кез келген жан сый-сияпаттың құлы.

           Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні Сафа төбесіне шығып Құрайыш руының барша атасын шақырды. Олардың барлығы Сафа төбесінің маңына жиналды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) биік бір жартастың үстіне шығып: «Уа, Құрайыш! Мына таудың етегінде яки анау сайда дұшпанның атты әскері тұр, сендерге шабуыл жасамақшы. Дүние-

мүліктеріңді талан-тараж етпекші деп айтсам, айтқан сөзіме нанармедіңдер?» - деді.

Құрайыштықтар еш ойланбастан: «Иә, сенеміз. Өйткені сені осы күнге дейін шыншыл деп білеміз. Сенің өтірік айтқаныңды еш есітпедік те көрмедік», - десті. Қарсы алдындағы жандардың бұл құптауынан кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) оларға төмендегі мына ақиқатты жеткізді: «Олай болса мен қазір сендерге, алдарыңда азабы қатты қияметтің бар екендігін, Аллаһқа иман келтірмегендердің сол қатты азапты тартатындығын айтпақшымын. Мен, сендерге сол азапты ескерту үшін жіберілдім.

              Пайғамбырымыздың (с.а.у.) ішкі жан сарайының кемелдікке жеткені соншалық, барша адамзат баласын тура жолға түсіруді қалаған еді. Сондықтан ислам дінін жер-жиһанға жаю үшін өзінің саналы күллі ғұмырын сарп етті. Өзіне жүктелген иләһи міндетті мүлтіксіз атқару,оны адамзаттың асқар шыңы етті. Міндетін атқаруға кедергі болатын дүниелік ұсыныстардың бәрінен бас тартып, Аллаһқа құлшылық етуді бірінші жолға қойды. Мүшріктер Әбу Талибті араға салып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) міндетінен бас тартуын талап етті. Мұны естіген Аллаһ Елшісі: «Ағатай! Уаллаһи, мүшріктер Аллаһтың дінін жаюдан бас тартуым үшін маған оң қолыма күнді, сол қолыма айды берсе де, мен бұл міндетімнен бас тартпаймын. Аллаһ Тағала оны барша әлемге жаяды, осылайша менің

міндетім тәмамдалды. Яки осы жолда құрбан боламын»,-деді.

           Сонымен қатар, Хақ Тағаланың разылығына қол жеткізуге себепші болатын

берекелі әрі ізгі іс. «(Адамдарды)Хақ Тағалаға (оны бір деп, ғибадатына) шақырған, ізгі іс істеген, әрі мен мұсылмандарданмын деп айтқан (кісіден) сөз тұрғысынан кім артық бола алады?» (Фуссилат сүресі, 33-аят). Ұлық Раббымыз, салих құл болуымызды қалап:  «Сендердің араларыңнан игілікке шақыратын, жақсылық жасауды әмір етіп, жамандық атаулыдан тыйатын бір топ болсын! Міне солар мұратына жеткендер (болып табылады) », - дейді (Әли Имран сүресі, 104-аят).

Пайғамбарымыз (с.а.у.) ізгілікке шақыру қызметінің маңыздылығын төмендегі мына хадисінде атап көрсетеді. «Аллаһқа ант етейін, Хақ Тағаланың сен арқылы бір кісіні тура жолғатүсіруі, (дүниедегі ең бағалы, құнды дүние болып табылатын) қызыл түйелердің иесі болуыңнан хайырлы» (Бұхари).

             Әбу Бәкір (р.а.) байлығының көпшілігін құлдарды азат етуге,олардың тура жолға түсуіне жұмсады. Кез келген момынды сүйіндіру, құлдық міндетін еш нәрсеге алаң болмай өтеуіне қол ұшын беру Әбу Бәкірдің (р.а.) сүйікті ісі болатын. Әбу Бәкірдің (р.а.) байлығын осындай кейіпте сарп ететіндігін әкесі Әбу Куһафа (р.а.) жақтырмайтын.

Бір күні ұлына қарап: «Ұлым! Сен әрдайым нашар, әлсіз құлдарды азат етіп жүрсің. Құл азат етуді тоқтатпасаң, ең болмаса күштілерін азат ет. Басыңа іс түсіп жатса, сені қорғап қалады», - деді. Әбу Бәкір (р.а.): «Әкешім! Менің мақсатым Хақ Тағаланың разылығына қол жеткізу. Мен оларды азат етудің сауабын Аллаһтың құзырында алуды қалаймын»,-деді. Хазірет Әбу Бәкірдің осы және де өзге игі істеріне орай, төмендегі мына аяттар түсті. «(Дүние-мүлкін Аллаһ жолында) жұмсап, тақуа болғанға, әрі көркем сөзді (кәлима-таухидтті һәм жәннаттың бір екенін) растағанға (игі іс жасауды, құлшылықты) жеңілдетеміз» (Ләйіл сүресі, 5-7 аяттар).

              Пайғамбарымыз (с.а.у.) төмендегі мына хадис-шәріпте былай дейді: «(Адамдарды) тура жолға шақырған жан, (оның сөзіне құлақ асып) соңынан ергендердің сауабындай сауап алады. Бұл сауап, оның соңынан ергеннің сауабын аз айтпайды.  Ал (адамдарды) жаман жолға шақырған жан, (оның сөзіне құлақ асып) соңына ергендердің күнәларындай күнәға батады. Бұл күнә, оның соңынан ергеннің күнәсін

азайтпайды» (Мүслим).

            Демек, адамдарды жақсылық, игілік жасауға шақырудың мол сауабы бар екен. Ал жаман жолға шақырудың, бастаудың күнәсі тек бір кісімен ғана шектеліп қалмай, қоғамды бұзады ағайын! Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмбетіне әрдайым насихат қызметін мүлтіксіз атқаруды, оның үлкен жауапты іс екендігін айтып отырған. Бұл жайлы сөз қозғалған хадис-шәріптерге көз жүгіртейік: «Менен бір аят болса да, адамдарға жеткізіңдер!»

(Бұхари).

         «Бізден бір хадис естіп, оны басқаларына жеткізу үшін сол күйінде жаттаған кісінің Аллаһ Тағала жүзін нұрландырсын! Өйткені бізден естігенімен, одан артық оны (хадисті) түсінетін, әрі іске асыратын көптеген жандар бар»  (Тирмизи) .

         Адамзат баласын жамандық атаулыдан тыйылуға шақырып, жақсылық жасауға үгіттеу, Хақ Тағалаға деген иманымыздың деңгейін көрсетеді. Төмендегі мына хадис-шәріп соған ишарат етеді. «Араларыңнан кімде-кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін.(Қолымен түзетуге) шамасы жетпесе тілімен түзетсін. (Тілімен түзетуге) шамасы жетпесе, жүрегімен жек көрсін. Бұл (яғни тым болмаса жүрегімен жек көру) иманның ең әлсіз халі» (Мүслим).

         Бір күні ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға мынадай мысал келтірген болатын:

        «Бір кемемен сапар шеккен жолаушылар екіге бөлініп, бір бөлігі кеменің үстіңгі қабатына, ал бір бөлігі кеменің төменгі қабатына орналасты. Кеменің төменгі қабатына жайғасқандар: «Су алып келу үшін қайта-қайта жоғары шығып, үстіңгі қабаттағылардың мазасын алып жүрміз. Оның орнына, кеменің табанын тесіп, суды сол жерден алайық», - десті. Бұл жағдайда, егер үстіңгі қабаттағылар, төменгі қабаттағыларға кедергі жасамаса, барлығы батып кетеді. Ал егер олар төменгі қабаттағыларға кемені тесудің үлкен қателік екендігін түсіндірсе, һәм өздерін һәм өзгелерді тұншығып батудан құтқарып қалады» (Бұхари)

        Имандылыққа шақыру қызметіне кірісер кісі ел арасында, білімі, көркем ахлағы, ізгі амалдары арқылы танылуы ләзім.Өйткені сауатсыз кісі міндетті түрде қателіктер болады.

Хақ Тағала Құран Кәрімде исламға насихат етудің әдісін былай деп баяндайды.

« (Уа, Мұхаммед! Адамдарды) Раббыңның жолына даналық пен көркем үгіт арқылы шақыр! Әрі олармен ең көркем түрде күрес» (Нахыл сүресі, 125-аят).

        Хазірет Әли (р.а.) хикмет пен дұрыс уағыз-насихаттың құндылығын былай деп жеткізеді. «Адамдарды терең ойға шомдыратын хикметті сөздер арқылы насихат етіңдер. Сонда ғана көңілдері тыншиды». Хақ Тағаланың жолына, игілікке насихат ету ісінде біздің міндетіміз ешнәрседен тайынбастан, үмітсіздік пен босаңсуға жол берместен, шектен шықпай қызметті жалғастыру болып табылады. Сонымен қатар істің жемісін, нәтижесін Аллаһтан күтіп, тәуекел етуден тұрады. Өйткені Хақ Тағала мұсылманды тек өзі және жанұясынан ғана емес, маңайындағы ортадан да жауапты еткен. Мұсылманның басты парыздарының бірі, жақсылық жасауға шақырып, жамандықтан тыюды мүлтіксіз орындауы қажет. Аллаһ Тағала бұл парызды орындағандарға, өзіне һәм маңайындағы жандарға екі дүниенің бақытын тарту ететіндігін уәде еткен.

Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің

бас имамы Данағұлов Алмас

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз