Бисмиллаһи рахмани рахим! Алла тағала жаратқан жер бетінде қаншама мөлдір де таза су бар. Алайда, соының ішіндегі ең керметі – зәмзам су. Қазір шөлдеп, салқын ішсек зәмзам су іштік дегенді жиі айтамыз. Расында, адам зәмзам суын ауруына шипа болсын деп ішсе, ем қонады екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Зәмзәмді не мақсатта ішсең, сол үшін болады. Оны емделу үшін ішсең, сені Аллаһ емдейді» деген хадисі бар. Зәмзам су деген қай жерде?
Зәмзәм – Меккедегі қасиетті құдық. Оның пайда болғанына шамамен 5 мың жыл болған. Кағбадан оңтүстік-шығысқа қарай 20 м жерде, Бани Шайба есігінің қара тасқа (Хажар ул-Асуад) қарама-қарсы орналасқан. Үсті күмбезбен көмкерілген бұл қасиетті құдықтың тереңдігі 42 м. Хадистерде Зәмзәм құдығының қасиеті туралы былайша баяндалады: Ибраhим пайғамбардың (ғ.с.) жұбайы Сара ұзақ уақыт бала көтермеген соң, Хажар есімді мысырлық әдемі бір күңді (жарис) күйеуіне некелеп қосады. Хажардан Исмаил пайғамбар (ғ.с.) дүниеге келеді. Алайда, Сара күндесінің мұндай бақытын қызғана бастайды. Сондықтан Ибраhим пайғамбар (ғ.с.) Хажар мен Исмаилды (ғ.с.) алып, Меккеге әкеліп орналастырады. Ашығып қалмасын деп азын-аулақ құрма мен су қалдырады. Ибраhим пайғамбар (ғ.с.) кеткеннен кейін су таусылып, шөлдеген сәби шырылдап жылай бастаған соң, Хажар су іздеп Сафа мен Мәруә төбелері арасында жан ұшырып жүгіре береді. Сол уақытта Жәбірейіл періште аяғының (немесе қанатының) ұшымен Мәруә төбесінен жерді қазып, су шығарады. Кейін жүрhүм жұрты бұл қасиетті құдықты бітеп тастайды. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) атасы Абд ал-Мутталиб түс көріп, Зәмзәм құдығының орнын тауып алады. Аббас әулетінен шыққан халиф Әбу Жафар Мансұр Зәмзәм құдығының айналасына мәрмәр тасын орнатқан. Осман әулетінен шыққан сұлтан Сүлеймен Кануни Зәмзәм құдығы айналасын 1,5 м биік мәрмәрмен қоршап, хауыз салдырды. Зәмзәм суы – қасиетті су. Қағбаға тәуап етіп барған қажылар бұл суды ішіп қана қоймай, өздерімен бірге елдеріне алып кетіп жатады.Бұл рәсім үлкен әдетке айналған.
Зәмзәм Кағбадан шамамен 21м. жерде орналасқан. Әуелде жердің беткі қабатында көрініп тұратын еді. Қажылық етушілердің саны көбеюіне байланысты тауаф жолын кеңейту қажеттілігі туындады. Ал, зәмзәмды төменгі қабатқа көшірді. Бұдан кейін бұлақты толығымен жауып, зәмзәм суы құбыр арқылы шүмектен шығарды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлімдеуінше әлемнің ең пайдалы суларынан болған зәмзәм суының көптеген сырлары, қазіргі технологияның дамыған заманның өзінде де ашыла қойған емес. Бұлағы табылмаған судың теңізден 80 километр алыста болса да және айналасында басқа ешқандай құдықтар болмаса да ғасырлар бойы суы сарқылмай тұруы зерттеушілерді таң қалдыруда. 1,5 метр тереңдікте болған құдықтан қажылықта миллиондаған қажылар су ішсе де, судың деңгейі еш азаймайды.
Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШта жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды. Дәрігер Ахмал әл-Мұхандис былай деп тұжырымдайды: «Зәмзәм суы – ең таза су. Бұл Дүниежізілік денсаулық сақтау (ДДС) ұйымымен дәлелденген. Профилактикалық сараптама нәтижесінде зәмзәм суының таза, түссіз, иіссіз екендігі, аздаған спецификалық дәмі барлығы анықталды. Судағы натрийдің көп мөлшерлігі ДДС-ның барлық талаптарына жауап береді».
Европада лабораторияларда жасалған зерттеулер нәтижесінде зәмзәм суының құрамында өте аз мөлшерде күкірт бар екені анықталды. Ал АҚШта жасалған тест нәтижелері бойынша құрамында микроорганизм және бактерия жоқ су екендігі анықталды. ДДСҰ тарапынан зәмзәм суы әлемдегі ішуге болатын және денсаулыққа пайдалы ең жақсы су ретінде жарияланды. Заманауи зерттеулер нәтижесі зәмзәмнің ең таза су екендігін анықтаған. Ол су болғанымен оның аш адамды тойдыратын, науқасқа шипа болатын қасиеті тағы бар. Бұл жөнінде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жер бетіндегі ең қасиетті су – зәмзәм суы. Ол әрі ас, әрі шипа»,-деген. Бұған қоса, зәмзәм әлемдегі ең киелі жер Меккенің қойнауынан шыққан бұлақ.
3әмзәм суында түрлі ерекше қасиеттер бар. Ол ауруларды емдеп жазады, адамға қуат бітіреді, аштық сезімін басады, т.б. 3. 3әмзәмнің Қағба маңында орналасуы Исламға дейін-ақ оған деген құрмет тұту рәсімін қалыптастырды. Мұхаммедтің (с.а.у.) және «тақуа» халифалардың қалыптасқан 3әмзәмнің даңқына омеялық халифалардың билігі кезінде күмән келтірушілік пайда болды. Абд әл-Мәлік (685 - 705) қасиетті Сабир тауы бұлағының суын пайдалануды бұйырды. Тек 759 ж. ғана Аббас әулетінен шыққан халифа ас-Саффахтың бұйрығымен Зәмзәм бұрынғы қалпына келтірілді.
Зәмзәм суының емге қолдануда айтарлықтай маңызы бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл ерекше судың түрлі ауруларға ем екендігін өзінің көптеген хадистерінде айтқан. Ибн Қайым зәмзәмнің емдік, тойдыратын қасиеті жайында: «Мен және көптеген адамдар зәмзәм суының емдік қасиетін тексеріп көру барысында таңқаларлық жайттарға куә болды. Мен ем ретінде ішкен едім, Аллаһ Тағаланың қалауымен жазылдым. Сол судан ішіп, көпке дейін аштықты сезбеген адамдарға да куә болдым» дейді. Имам Бұхари жеткізген хадисте Айша (р.а.) анамыз былай дейді: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) адауимен де, кирабпен (теріден жасалған ыдыс) де су тасып, ауруларға ішкізді». Зәмзәм суының көптеген қатерлі ауруларды жазғанына адамдар куә болған. Мысалға алатын болсақ, көздегі дақты (кератит) кетіргені, қатерлі ісікті емдегені, несеп жолдарындағы тасты шығарғаны әмбеге аян. Зәмзәм суының қатерлі ісікті емдегені БАҚ беттерінде айтылып та, жазылып та жатты. Әрине барлығына бірдей бұл судан шипа табыла бермес. Шипа беруші Аллаһ Тағала қаласа қарапайым судан да ем қондырады. Алайда бұл жерде зәмзәм суының алар орны ерекше. Қазір зәмзәм суын бүкіл әлем мойындап жатқан жайы бар.
Әбудардан Таласбай,
Қаратал ауданының бас имамы.