https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ібілістің азғыру жолдары

14 May 2017 0 comment Оқылды: 1150 рет

Бір күні Абдулқадир Жайлани сапарға шығып, сахараны бірнеше күн кезіп өтеді. Жолда су таба алмай қатты шөлдейді. Осылай шаршап-шалдығып бір жерде отырғанда кенет бұлт қаптап, одан шық тәрізді бір нәрсе түсе бастады. Шайтан азғыру ниетімен оның көзіне көкжиектен жарқыраған нұр тәрізді бір бейнеде көрініп: «Ей Абдулқадир! Мен сенің Раббыңмын. Саған харам еткен нәрселерімді халал еттім» деп айқай салады. Сонда Адбдулқадир Жайлани: «Аъузу билләһи минаш шайтонир рожим (Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын). Ей лағнет атқыр! Менен алыс жүр» деп жауап қатады. Сол сәтте жарқыраған нұры қара түтінге айналады. Соңынан Ібіліс: «Уа, Абдулқадир! Ілімің себепті құтылдың. Расында осы тәсілмен 70 адамды тура жолдан тайдырған едім» деген екен.

Абдулқадир Жәйләнидің дұрыс сенімі мен білімі әзәзілдің арбауынан құтылуға себеп болды. Өйткені Алла нұр, дауыс тәрізді жаратылыстың сипатынан пәк. Ол жөнінде Алла Тағала «Шура» сүресінде: «Алла Тағалаға ұқсас еш нәрсе жоқ» дейді. Оған қоса Құранда харам деп келген нәрселердің үкімі қияметке дейін өзгермейді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз