https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Іліммен амалдың өзара байланысы

12 Apr 2017 0 comment Оқылды: 1319 рет

                  

Адам баласына тура жол көрсетуші,ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген қасиетті Құран кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы» әмірімен басталады. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с)ға Жәбірейіл (ғ.с)періште келіп «Оқы жаратқан раббыңның атымен! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің тәңірің ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйреткен.Адамдарға білмегенін үйретті» деген.

Осы Алақ сүресінің алғашқы бес аятыннан білімнің артықшылығын және амалмен байланысын аңғарамыз.

Білімнің мақсаты ол білімнің адамның жүрегіне кіруі және сол жүректің нұрлануы.Сонда ғана адам біліміне Алла разылығын іздеп амал қылады,оның бұйрықтарына бойұсынып қайтарғанынан қайтады.

       Мұсылман адам білім алғаннан кейін ол білімге амал қылуы қажет.Білім мәуелі             алғаш,амал оның жемісі. Хадис шарифте Бір адам білім үйреніп онымен амал етпеген ғалым   қияметте қатты азапқа душар болады деген.

Адам баласы – тәулетіне мың рет құбылып,жүз рет өзгеруге бейім жаратылыс.Әр бір мұсылман біліміне сай амал етіп білім мен амалын ұштастыра білсе  нұр үстіне нұр.

        Білім бола тұра амал етпесе, ол адамның сол білімінің қадырын ұғынбағандықтан ол адам бұл өмірде, қияметте де, үлкен қасрет пен өкініште қалады. Мұсылман адам білім алғаннан кейін ол білімге амал қылуы керек. Көп білген іліміне амал қылса Алла оның білімін сақтайды және оған ол оны білмеген басқа кісіге білімді үйретеді. Сондықтан білімге амал қылу имамның күштілігі.

        Құранда: Нағыз мүміндер Алла еске алынса жүректері қобалжитын оларға Алланың аяттары оқылса имамдары артып раббыларына тәуекел қылатындар  (Әнфал сүресі 2-аят)

        Амалдан бұрын білім болуы керек. Өйткені амалдың шарттарының бірі ілім. Бұл тұралы Құранда былай деген: Шын мәнінде Алладан оның құлдарының ішіннен ілім барлары қорқады.  (Фатыр сүресі 28 – аят)

        Ата - бабаларымыз білекті бірді, білімді мыңды жығада деп ұрпақтарына біліміне сай амал етудің абзалдығы жайлы өсиет қалдырған.

        Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с .ғ. с) Садақаның ең жақсысы ілім үйреніп оны басқаларға үйрету, көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмысқа, теңіздердегі балықтарға дейін ( бүкіл тіршілік иелері ) ілім үйренушілерге оған амал етуші жандарға игі дұға тілейді деген.

 Алла тағала баршамызға қайырлы ілім беріп, соған сай амал етуді нәсіп етсін.

                   

                                          Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Сарпеков Ұлан

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз