Алла Тағала адамды жаратқан кезде барлық періштелерге оған сәжде қылыуын бұйырған уақытта тек шайтан ібіліс сәжде қылудан бас тартады. Содан кейін ол лағынетке ұшырайды. Сол себепті ол адамға қас дұшпан болып келеді. Сөйтіп ол адамдардың бәрін өзімен бірге тозаққа алып кіретінін ант етеді. Құранда: Мен олардың алдыларынан, арттарынан, оң жақтарынан және сол жақтарынан келемін-дейді шайтан. Сондықтан шайтан адам баласын әр уақытта азғырып, уасуәс қылыуда. Ал адам баласына шайтанның азғыруынан, зыянынан сақтануы керек. Шайтан ең бірінші адамға жақсы амалды істетпеуге тырысады. Керісінше жаман істерді, Алла Тағала тыйым салған амалдарды безендіріп, соны істеуге итермелеп, бар күнін салып азғырады. Ал бұл азғырудан құтылу үшін адамға иманның күші керек. Өйткені адамды жақсы амал жасауға иманның күші ғана итермелейді. Оны мешітке келуден, уағыз тыңдаудан, жамағатпен бірге болудан алады. Пайғамбарымыздын Аллаһтың оған лгілігімен сәлемі болсын хадисінде келгендей: Қандайда бір үш адам ауылда немесе далада болып, оларға намаздың уақыты келсе олар азан шақырып намаздарын жамағатпен бірге ақысын, қалай атарынан бөлінген жалғыз қойды қасқыр аңдып тұратын болса, дәл солай жамағаттан бөлінсе еріншектік басып, ықыласы кетіп және басқа нәрселермен алданып кетуі мүмкін. Сондықтан жамағатпен бірге болсаңыз әлгі нәрселердің бәрі кетіп, Алла Тағаланың жәрдемі болады. Ал енді жақсы амагды істеуге кіріскен кезде шайтан ол амагдың сауабын кемсітуге, ықыластың бұзылуына, тіптен қабыл болмауына жұмыс жасайды. Бұндай азғырудан құтылу үшін қандайда бір ғибадатты, жақсы амалды істер алдында бекем Алла Тағаланың разылығы үшін деген ниет керек. Жәнеде тек басында ғана емес амагдың ортасында, соңында ниетін туралап тұруы керек. Содан кейін шайтанның азғыруынан сақта-деп Аллаһ Тағаладан дұға қылу керек. Бір сахаба келіп Пайғамбарға(c.а.с) Аллахтың оған игілігімен сәлемі болсын шайтанның азғыруынан қалай құтыламын-деп сұрағанда, оған: Ағузу биллаһи минаштайтанирражим (Алла Тағаладан қуылған шайтанның сақтауын сұраймын)-деп айтып сол иығыңа үш рет үрле деген. Тағыда шайтанның азғыруларының бірі-қорқыту. Ол мысалы адам біреуге садақа немесе магының зекетін берейін деген кезде оны шайтан кедейлікпен қорқытады. Яғни оған берсең өзіңде азайып қалады немесе кедей болып қаласың деп қорқытуы. Ал бұндай азғырудан құтылу үшін ризықты беретінде алатында Алла Тағала екендігіне жәнеде садақа берілген мал-мүлік көбейтіледі-деген аяттарға толық нық сенім болуы керек. Жәнеде шайтан адам баласын кешіктіру, үміттендірумен азғырады. Мысалы: кәзір әлі жассың, намаз оқымайақ қой, шыққанда оқыйсың немесе садақаны байығанда бересің т.б. Бұндай азғырудан құтылу үшін тағдырға толығымен иман келтіру керек. Кімнің қанша өмір сүретінін, қанша ризық жейтінін, алдын ала не болатындығын текқана Алла Тағала ғана біледі. Сондықтан біздерге қамшының сабындай болған қысқа ғана пәни дүниеде шайтанның азғыруына ермей, керісінше Алла Тағаланың разылығына жетелейтін жақсы амагдарды істеп, бірақ-рет берілетін өмірімізді тиімді пайдалануымыз керек. Қай үйде Алла Тағаланы еске алып құран оқылып тұрса ол үйден шайтан қашып, берекені, тәрбиелі, ынтылағы жарасқан үйге айналады. Алла Тағала баршамызды шайтанның азғыруынан сақтап, өзі разы болатын амагдарды істеуімізге жәрдем берсін. Амин.
Ескелді аудандық мешіттің
бас имамы: Жұмағалиев.Б.С