Әлемді өз құдіретімен жоқтан бар еткен, Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Екі дүние сардары адамдардың асылы, Пайғамбарымыз Мухамедке (с.ғ.с) салауаттар мен сәлемдер болсын.
Алла Тағала «Ахзаб сүресінің 56-аятында: Шынында Алла мен оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа иман келтіргендер сендерде оған салауат, сәлем айтыңдар!» - деген. Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айту, Алла Тағаланың біздерге бұйырған ісі. Алла елшісі (с.ғ.с) қызы Фатимаға (р.а) «Адамдар арасындағы ең сараң кім деп ойлайсың?» –дегенде. Фатима (р.а) – анамыз Алла Тағала берген мал, дүниесінен зекет, садақа бермейтін адам шығар – дейді. Пайғамбар (с.ғ.с): жоқ менің атым аталған жерде маған салауатты айтпағандар нағыз сарандар солар дейді. Шындығында екі дүние сардары, әлемнің рақым нұры болған. Біздерге Алла Тағаланың аманаты, қасиеті құранды жеткізген Раббымызды танытқан және бағасы жоқ жәннатпен сүйіншілеген, өз ата-анасынан, балаларынан үмметтерін артықұ көрген, үмметім деп дұға жасап жылап еткен. Үмметіне үлгі болып өз сүннетімен дара жол қалдырған сүйікті елшіге (с.ғ.с) салауат айтпау нағыз сарандық болар еді. Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айту, оның (с.ғ.с) мәртебесін арттыра түсу, ақыретте үмметіне шапағатшы болуын тілеу.
Алла Елшісі (с.ғ.с) «Маған бір рет салауат айтқанға Алла Тағала 10 сауап жазады » - деген. Демек, салауат айтсақ Алла Тағала құзырында сауап алады екенбіз. Ғалымдар бір рет салауат айту парыз, Пайғамбардың (с.ғ.с) аты аталғанда салауат айту уәжіп деген. Ал дұға жасағанда Алла Тағалаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтпасақ дұға қабыл емес деген. Алла Тағала біздің құлшылығымызға мұқтаж болмағандай Алла Елшісі (с.ғ.с) біздің айтқан салауатымызға мұқтаж емес. Салауат айтуымыз Пайғамбар (с.ғ.с) құрметіміз. Ақыретте көп сауапқа кеңелу үшін Пайғамбар (с.ғ.с) Алланың рақымымен шапағат қылсын десек, сараңдық жасамай Алла Тағалаға көп мадақ, Алла Елшісі (с.ғ.с) көп салауат айтайық. Бұл біздің осы дүниедегі және ақыреттегі жемісіміз.
Ескелді аудандық мешіттің
бас имамы: Жұмағалиев.Б.С