Азан-барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Кезінде асыл дініміз қанат жая бастаған дәуірде мұсылмандарды құлшылыққа шақыратын бір белгі. Исылам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәтте айтылмай қалған емес. Сондай-ақ, қиямет күніне дейін әлемнің түпкір-түпкірінде азан даусы жаңғырып, өз міндетін атқара бермек.
Үні құдіретті азан бес уақыт намаз уақыттарының кіргенін хабарлаумен қатар дүниеге келген сәбиге есім қояр кезде де құлағына азан оқылады. Сол азанды күнделікті ең аз дегенде бір рет болса да біз өз ауылымыздан естиміз. Көпшілігіміз оны жай ғана әуезді үн ретінде қабылдаймыз. Үнінің құдіреттілігі сонша жан дүниең рахат табады. Азанның қадірін білген жан қай жерде болмасын тоқтай қалып, қолын жайып Аллаһтан дұға тілейді. Ал кейбір жандар азанды ести тұра мән бермей кете беретіне қатты налыйсың. Азанның сөзі ол жай ғана салмақсыз сөз емес. Ол иманның әсілін, исламның болмысын қамтиды, яғни құдірет те , күш те, басқару да, билік те әр бір істің тағдыры уысында болған Алланы бүкіл нәрселерден ұлықтайды. Азан айтумен бүкіл әлемнің рахметі үшін жаралған сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с) есімізге аламыз. Алла елшісі (с.а.с) кезінде тіпті өзінің Біләл деген азаншысына азан айт деген кезде құр азан айт деп қоймайтын, «Әй Біләл бізге намаз уақытысын кегенін естіртіп рахаттандыр » -дейді екен.Олар азан даусын естіген кезде Біләлдің «Аллаһ әкбар »деп Аллаһты ұлықтағанда, «Хаййә ъалас солааһ» намазға асығыңдар, «Хәййә ъалал фалаах» құтылуға, бақытқа, ізгілікке, жақсылыққа асығыңдар деген сөзін естіген кезде жұмыс істеп жатқандар болса, сондай денелері босап, қолдарындағы кетпендері өздері-ақ еріксіз түсіп кеткендерін білмей қалады. Бұлардың Құдайға деген танымдары жоғарылай бастады сондықтан, құлшылықтары оларға жеңіл бола бастады.
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) азаншылықтың ерекшеліктері туралы көптеген хадистер бар.Бұлардың кейбіріне тоқтала кетейік: Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ,имамдарды тура жолға сал,тура жолдан айырма, азаншыларға кешірім ет!» деп олар үшін дұға жасаған.Сондай-ақ , ардақты Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде кім жеті жыл үздіксіз сауап үмітімен азан айтса, оған тозақ отынан азаттық беріледі» десе,келесі бір хадисінде: «Кім он екі жыл азан айтса,оған жәннәт уәжіп болады.оған әр азаны үшін алпыс, ал әрбір қаматы үшін отыз жақсылық жазылады»,-деген.Сол себепті азаншы міндетін атқару үлкен бақыт.
Азаншының ақыл-есі дұрыс, ер мұсылман болуы. Кәпірге, жындыға және мас кісіге азан шақырту дұрыс емес. Пасық пен жүніп күйдегі адамның азан шақыруы- мәкруҺ тахриман. Бір адамның шақыруы жартысын біреу, келесі жартысын басқа біреу шақырған азанның дұрыстығы жойылады.Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің «Азанды жақсыларың шақырсын және Құранды көп білетіндерің иман болсын! »,- дегенін жеткізген.
Азан аяқталғанда мешіттен қажетсіз шығу. Әбу Шаасәә:
«Әбу Һурайрамен (Аллаһ оған разы болсын) бірге мешітте отырған едік. Азаншы азан айтқанда бір кісі орнынан тұрып, мешіттен шығуға бет алады. Ол мешіттен шыққанша Әбу Һурайра одан көзін алмады. Сосын Әбу Һурайра: «Расында, мынау кісі Әбу Қосимның тілін алмаған болды» [23],- деді деген.
Атамыз қазақ өмірге бір сәби келсе азаншы ма әлде қазаншы ма деп сұрайтын. Немесе азаны жоқ елдің мазасы жоқ дейтін. Немесе Аллаға жағам десен азаншы бол, халыққа жағам десең қазаншы бол дейтін. Осынша азанмен өміріміздің үндесуі тегіннен тегін болмаса керек. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) сөздеріне шүбәсіз сеніп, Алладан және ақыреттен үмітіміз болғаннан шығар. Азанның қадір- қасиетін бағамдай білейк, қадірлі ағайын!
Ескелді аудандық мешіттің
бас имамы:Жұмағалиев.Б.С