https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тағдырыға иман келтіру парыз

28 Mar 2017 0 comment Оқылды: 6990 рет

                                     

Он сегіз мың ғаламды жаратқан Аллаһ тағала барлығын, біз білетін білмейтін дерді, бір тәртіп, өз шеңберінен шықпайтын жүйеменен жаратқан және жаратқандарының тағдырын түгелімен ләухүл махфузда яғни тағдыр тақтасына жазған. Бұл турасында Сәбә сүресінде   «Ғайыпты Алла біледі. Жер көктегі кішкентай нәрсе Алладан жасырын қалмайды. Тіпті көзге ілінбес кішкенесі болсын, одан үлкені болсын Тағдыр тақтасына жазылмай калған ештеңе жоқ»- деген. Ал осы тағдыр сөзінің мағынасы өлшем, көлем деген ұғымды білдіреді. Барлық нәрсенің, ол тіпті жанды не жансыз болсын, бар кезін не тірі кезін «қадер» десе, осылардың сынуын, жоқ болуын, не қайтыс болып іске асуын «қаза» дейді. Өлшеніп жазылып қойған тағдырдан ешкім артық бір нәрсе таба алмайды. Тіпті бүткіл адам баласы жабылып, басыңа ай орнатып, күн туғызамыз десе де, Алланың бұйыртқанындай ғана жасай алады. Және осылардың барлығы жиылып жеті қабат жердің астына кіргіземіз десе де, ол да жаратушының жазғанындай болмақ.  Дана халқымыздың «Жазымыштан озымыш жоқ деген» ғибратты сөзі осыдан шыққан. «Барлық нәрсенің қоры Біздің қолымызда және Біз барлық нәрсені белгілі мөлшермен түсіреміз» Хижр сүресі 21 аят. Және бүкіл жаратылыстың тағдыры жазылған тақтаны ешкім оқи алмайды. Бір адам тағдырына риза болмай, не болмаса болашағын ертерек білгісі келіп, Алланың ісіне араласып жүрген балшыларға баруы мүмкін. Бірақ Құран кәрімнің Табағұн сүресі 18 аятында «Ғайыпты да ашық істі де білуші, үстем әрі хикмет иесі Алла ғана» деген. Бір адам х.з. Алиден «Маған тағдырдың не екенін айт деп сұрағанда, ол қараңғы жол. Онымен жүруші болма, тағдырдың қандай болатынын сен біле алмайсын» деп жауап берді. Бірақ әлгі адам сұрағын қайта қояды. Х.з. Али «Сен түбіне жете алмайтын терең теңіз» деді. Адам үшінші рет сұрады сол кезде х.з. Али «Тағдыр дегеніміз, Аллаһ тағаланың сыры, ол сен үшін құпия. Тағдыр мәселесін қазбалама» деп жауап берген. Сол себепті түпсіз терең құпияны Жаратушы Алладан басқа ешкім біле алмайды. Қасиетті құранда: «Ғайыптың кілттері Алланың қасында, оларды Одан басқа ешкім білмейді» Әнғам сүресі 59 аят. Сүріп жатқан өміріміз бұралаң бір белестерден турады. Бірде жайлы, бірде жайсыз, бірде бар, бірде жоқ. Бар кезінде шүкір етіп, жоқ болғанда сабыр сақтау ол да міндетіміз. Себебі қашанда біздің қалағанымыз бола бермейді. Адамдар амал етіп бір іске ұмтыламыз, ал нәтижесі Алладан. Егер бір адам жаман істі ойлап істеуге әрекет етіп, оны Алла жаратса, адам сол жаман ойын іске асырып күнәһар болады. Ал жақсы істі ойлап әркет етсе және оны Аллаһ тағала жаратса адам соны жүзеге асырып сауап табады. Сол үшін әр мезетімізде жақсы ойда және басымызға түскен қиыншылыққа сабыр ете білу қажет, өйткені біз үшін не нәрсенің хайырлы екенін Аллаһ тағала өте жақсы біледі. Кейде басымызға түскен қиындық соншалықты ауыр болып көрінгенімен арты берекетті, хайырлы болуы әбден мүмкін. Олай болса тағдырымызға ризашылықпен сабыр етіп өмірімізді Алланың қалауына тапсырсақ өкінбейтініміз анық. «Сендерге ұнамаған бір нәрсе сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Және сендер жақсы көретін бір нәрсе сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер» Бақара сүресі 216 аяты. Тағдырымызға не жазылғанын білмеу, ол да Аллаһ тағаланың адам баласына деген мейірімі мен сүйіспеншілігі. Егер әр адам, басына келер қиындық пен өлер шағын алдын ала біліп отырса, онда бұл өмір сынақ болмайтын еді, әрі адамдар өмірден түңілген қалпы, еш нәрсеге қызықпай, Құдайға құлшылығым жақса болды, бәрібір өлемін ғой деген үмітсіздікте болар еді. Сол үшін пайғамбарымыз «Адамдар үш нәрсені білмейді, 1) Қиямет күнінің қашан болатынын, 2) Ризық несібенің қашан және қай жерден бұйырарын, 3)Қашан өлетінін» деген. Адам қашан көз жұмарын білмегеннен кейін, өлім аузына келіп тұрса да, жазылам, өмір сүрем деген үмітін жоғалтпайтындығы осыдан. Бірақ Жаратушы әрбір тіршілік иесіне бір өлім жазғаныны ақиқат. Осы өмірінің соңын қаза десек, қаза орындалғанға дейін тағдырына жазылғандарын көріп бітпей көз жұмбайды. Ұшып жүрген шыбын да көрер күні біткен де бұрышта  тұрған өрмекшінің торына түсіп жем болады. «Аллаһ тағала пендесінің бір жерде жан тапсыруын жазса, сол жерден қажетін шығарып қояды»- деген пайғамбарымыз Мұхаммет с.ғ.у.

                                                                   

      Талдықорған қаласы «Жетісу»   

                                                                  мешітінің бас имамы  

                                                                  Мүтебаев Қанат Маратұлы    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз