https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Уақыттың қадірі

27 Mar 2017 0 comment Оқылды: 8718 рет

 

«Сағаттың  шықылдағы емес ермек ....»    Хаким  Абай.

      Уақыт – қымбат, өйткені оның негізгі бағасы – жәннат. Айналып екі келмейтін сол уақыт Алладан өзгеге арналса, онда ол бос ермек, ойын ғана болып қадірінің қашқаны. Исламда  уақыттың қадірін түсініп сауапты істермен  уақыт өткізудің маңызы жоғары. Уақыт – Алла тағаланың пендесіне берген үлкен сыйы. Егер адам уақытының бір бөлігін өткізсе, өмірініңде бір бөлігі кеткені. Кім уақытын бос нәрсеге арнаса, өміріде содан аса алмағаны. Сол себепті мұсылман болған адам, әсіресе, жастар уақытын пайдалы нәрсеге арнап жемісін көруі тиіс. Тіпті, ұйықтар алдында қалай жату керектігі, ол кезде не айтатығындығы, түн ортасында шошыып оянғанда, дәрет алғанда, тамақтанар алдында, үйінен шыққанда және көлікке отырғанда т.б. жағдайларда не айту әрі не істеу керектігіне мән берсе, арнайы дұға оқыса, онда сол пенденің барлық уақыты Алланы еске алумен оған бойсұнумен өтіп жатыр деген сөз.

    Қиямет күні адамнің ең алдымен уақытымен өмірін қалай өткізгендігі қатаң сұралатындығы баршамыз жақсы білеміз. Әбу Бәрзә әл-Әсләми жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с) қиямет күні құлдан төрт нәрсе сұралмайынша екі аяғы қозғалмайтындығы айтылған:

  1. Өмірінде не істегендігі
  2. Алған білімін қалай жүзеге асырғаны
  3. Мал-дүниесін қандай жолмен тауып, қайда жұмсағаны
  4. Дене мүшесімен не істегені

  

  Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) уақытын өте тиімді пайдаланған, парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтарын уағында орындап, еш үзбеген. Сонымен қатар ертелі кеш жасаған дұғалары, мешіттегі уағызы, сахабаларымен сұхбаты, кездескен адамдарына уақыт бөлуі, халықпен жүздесуі, діни рәсімдерді атқаруы, барлығыда оның жоспарына сыйып отырған. Бұның өзі күндік жұмыстарын қаншалықті жүйелей білгенін көрсетеді.

        Қазақ халқы: ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,- деп ерте тұрып ақыретік және дүниелік тіршілікке кірісуге шақырады. Абай атамыз айтпақшы қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын деп адамның бос отыруы – шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік. Ол дереу бос отырған адамның ойына жамандықты салып, азғыра бастайды,  күнәға жетелейді, сол үшін мұсылман адамның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс. Қолы қалт етсе кітап оқып білімін арттыруға, аят, хадис, дұға жаттауға, ата-ананың алдындағы міндеттерін орындауға, жетім-жесір, кедей-кем бағалдарға көмектесуге, жақсылық жасауға, мамандығын жақсы игеруге, қазаларымен қарыздарын өтеуге, араз адамдардың арасын татуластыруға тағы сондай пайдалы істерге жұмсауға дағдыланған жөн. Алла елшісі (с.ғ.с) былай деген: «бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл:

  • Өлмей тұрып өмірдің
  • Ауырмай тұрып денсаулықтың
  • Қартаймай тұрып жастықтың
  • Кедейленбей тұрып байлықтың
  • Көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін біл!» 

Уақытын тиімді пайдаланған сахабалармен мұсылман ғалымдардың өміріне үңілсек алар ғибратымыз өте көп.

  1. 45  жасындақайтыс болған ислам ғұламсы Нәуауидің еңбектерін есептесеңіз 45 жылға сыйғызу қиын. Өйткені, ол уақытын қалай үнемдеуді жақсы меңгерген. Ғылым-білім алуға, құлшылықтарын жасауға, уақыт жеткізу үшін ол кісі тек қана сәске уақытында бір-ақ рет тамақтанған екен.
  2. Имам Малик болса, ғылым-білімге көбірек күш салу үшін үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қысқартқан.
  3. Ибни Ақил былай дейді: «қолым сәл босай қалған кезімде, аяқты созып құры жатқаннан гөрі ойға беріліп, ойша шешілетін біраз мәселелерді шешумен айналысам, егер бір нәрсе есіме түссе, дереу тұрып оны жазамын, 80 жасымда ғылымға деген ынтам 20 жасымдағы ынтамнан әлде қайда жоғары болған.»
  4. Ибнул-Жаузи турасында сөз қозғасақ, ол бүкіл ғұмырын ғылым-білім жазу, пәтуәмен өткізген. Ғылымның түрлі саласында еңбек жазған, кейбірі 20 томға жететін 340-тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерді жазып таусатын. Бір жылда жазғаны 50-60 томға жеткенін шамалаймыз. Ол кісі қайтыс болғанда мәйітін жуатын суды ысытуға, кітап жазу кезінде ұшталған қалам жаңқалары жеткен екен.

      Үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы уақыттың қадірін біліп, оны тиімді пайдалана білген еді. Сондықтан бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулардан сақтанғанымыз жөн. Мысалы, теледидарға босқа кеткен уақытпен ғаламтор желісіндегі бос сөздер, орынсыз ұйқы дер едік. Ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкінген Мұқағали ақынның мына бір ғибратты өлеңін оқиықшы!

       Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

      Ұйықтасын сапарларын тәмамдаған.

      Алдымда сапар жолы тарам-тарам,

      Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.

      Айта берсең уақыттың жаулары өте көп, уақыт ешкіммен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды деп түйген халық даналығын ойға сақтап, қайта айналып келмейтін уақытты тиімді пайдалана білейік.

  

Ескелді аудандық мешіттің

бас имамы: Жұмағалиев.Б.С

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз