https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мұсылманның өзара əдептері!

27 Mar 2017 0 comment Оқылды: 2091 рет

  1. Жолықса салем  беру. Сəлем берумен оған  Алланың сəлемін ,тыныштығын, берекетін, жақсылығын, қалаған боласың. Сəлем берумен  бір-біріне деген  құрмет,  ізет сыйластықты, бауырмалдыкты, суіспеншілікті орнатады
  2. Конаққа шакырса баруы.Шақырган кезде бармаса ортада салқындықтың пайда болуына себеп болады
  3. Кеңес сұрап келгенде дурыс кеңес беру.
  4. Түшкірсе оган Алланың рахымын тілеу
  5. Ауырса барып көнілін сұрау.
  6. Өмірден өтсе барып жаназасына катысу .Өзі нені жақсы көрсе, басқа Мұсылманға да Сол жақсылықты каласын.Өзі нені жек корсе басқа мусылманға соны қалмасын . Мусылман мұсылманға қолымен,тілімен зиян бермейді Мұсылманға тәкаппарлықпен қарамасын.

Хадис : Анас ибн Маликтен  (р.һ.з)П-з(сғс)

Сендердің біреулерің  (толық)иман келтірген болмайды өзіне жақсы көргенін басқа бауырына жаксы көрмеінше. Мұсылман   басқа мұсылманды ғайбат қалмау керек.

Мұсылман бауырын ғайбат қылу өмірден өткен бауырының етін жеумен тең. Тәубе  қылса де тəубəсі қабыл болмайды.Ол үшін оны қай жерде ғайбат қылса  сол жерге барып  оның жақсылығын айту керек жəне одан кешірім сұрауы керек.Одан кейін  Алланың кешірімін үміт ете отырып,  Алладан кешірім  сұрау керек. Қандайда бір жағдайда ұсысып қалса үш күннің ішінде  татуласу керек. Үш күннен кейін  харам. Үш күннен  артық  араздасып жүру (салқындықты) сыйластықты  кетіріп дұшпандыққа жол ашады. Бұл  өз кезегінде қоғамға кері әсерін тигізеді, Мұсылман, мұсылманның үйіне рұқсатсыз кіруге болмайды.,кім болсада кіруге рұқсат сұрауы керек үш мəрте  жауап болмаса қайтсын. Біреудің үйіне сығалап қарамау керек.  Сығалап тұрғанда,  көзін шұқып алса да оған құн төленбейді. Біреудің  дарбазасынан, үнінің есігін ашып сығалау мұсылман бауырыңа көрсеткен əдепсіздігің .

Құранда:Алла тағала  «Нұр сүресінде » 27,28 аятта

-Əй мүміндер!  Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша, əр үй иесіне сəлем  бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Əрине  түсінерсіңдер.  Егер үйден ешкімді таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге:»қайтыңдар,» делінсе қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ.  Алла не істегендеріңді  жақсы біледі.

Мұсылман бауырына  құрметпен қарау керек. Мұсылман өзінен улкенге  құрметпен, кішіге  ізет көрсету керек. Себебі  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) үлкенге  құрмет, кішіге  ізет  көрсетпеген бізден емес. Мұсылман, мұсылманмен кездескенде күлімдеп қараудың өзі садақа.

Мұсылман уәде берсе уəдесінде тұру.Өзіңе жақсылық жасаған адамдарды көрген кезде құрмет көрсету,  ұрсысып қалған адамдарды татуластыру керек. Адамдар  ұрсысуы шашты қырғандай, дініне сондай зиян тигізгендей болады.Адамдар арасында өте үлкен  дұшпандықты тудырады. Мұсылман арасындағы насихатын тыңдап, оған амал жасап, ғылымдарды  құрметтеу керек. Мұсылман адам  бір бауырының  бір айыбын көрсе оны жасыру керек.  Оның айыбын əшкерелемеу керек. Күнə істеп қойып, қысылып жүрсе  ол  адамның айыбын жасыру керек , ал керісінше күнə жасап оған ұялмайтын және жасаған күнəсына өзі оны мақтан көріп басқа адамдарға айтатын адам кірмейді.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кімде кім бір мұсылман бауырыңның айыбын жасырса, надандық уақытында тірідей көмілген қызды құтқарғанмен тең деген. Айыбын ашу өлтіріп көмгенмен тең деген. Бір біріне жәрдемдесу керек. Адамға жəрдемдессе ол адам Алла алдында сауабын алады, мұсылман бауырының алғысын алады.

Мұсылман бауырының малына,  жанына, абыройына, қандайда бір жамандық болуына жол бермеуі керек.

Жаман адаммен кез болғанда оның кез келген жамандығына сабырлық қылсын, өйткені ол жамандығы белгілі адам. Сол себепті онымен тартысып, айтысудың қажеті жоқ. Одан ешқандай абырой таппайсың.

Бір-біріне əр қашан жақсы насихат айтып тұру керек.  Мұсылман дардың   өз араларындағы əдептердің бірі  араларындағы іл сіз, кедей, мұқтаждарға, жетім-жесірлерге көмектесіп тұрулары керек.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с. ) жетімге көмек көрсеткен менімен жəннатта бірге болады деп екі саусағын көрсетіпті. Мұсылман дардың үйлерінің  араларындағы ең жақсы үй, жағдайы болып жетімді қамқорлыққа алып, қамқорлық жасаған үй. Осы айтылған  нәрселер адамдар арасындағы қарым-қатнастарының нығаюына себеп болады.

Ескелді аудандық мешіттің

бас имамы: Жұмағалиев.Б.С

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз