https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Мешіт – тәрбие мектебі

21 Mar 2017 0 comment Оқылды: 1025 рет

 

Адам ұлы жаратылыс. Алайда, сол ұлылықты жоғалтпай өмір сүре білу, оданда үлкен табандылықты талап етеді. Мейлі оның әлеуметтік жағдайы қандай деңгейде болса да.  Жаратқан иеміздің бүкіл әлемді мінсіз, көркем әрі белгілі бір заңдылықтарға бағынған жүйелі етіп жаратуы түсінген пенде үшін басқа ешбір дәлелді қажет етпей-ақ өзі жаратқан пенделерінің де бойынан жан-жақты дамыған толыққанды, кәміл ұшқыр ойлы көркем пендесін көргісі келетіндігінің айқын дәлелі. Сол үшінде Алла Тағала он сегіз мың ғаламды адам игілігіне арнап жаратты. Әрбір адамның сол биік дәрежеде өмір сүргенін Тәңіріміз жақсы көреді. Алайда адам өмірінде әрбір ісіне ықтияттық қылмаса, күйбің тіршілік адамды рухани әлсіретіп, Жаратушыдан алыстата береді. Иманнан алыстаған сайын пенденің ойлау жүйесі бұзылып, өмір сүру барысында қарапайым нәрселерге қатты маңыз беріп, ал өте маңызды деген ахирет құндылықтарына немқұрайлы қарайды. Бұндай жағдайлар көбейген сайын қоғамның адам ретінде таза өмір сүруі қиындай түседі.

Ал, Ислам діні қандай салада жұмыс істесеңізде имандылығыңызбен адамилық қасиетіңізді сақтай отырып өмір сүруіңізді басшылыққа алады. Бүгінгі таңдағы адамдық құндылықтарды насихаттайтын бірден-бір орын мешіттер болып табылады. Жалпы адамдық құндылықтар деген, тақуалық деген ұғымды қамтыйды. Ал, тақуалық деген ұғымның өзі, Алла Тағала болмысынан ұлық етіп жаратқан кәміл адам болып қалыптасу деген сөз. Яғни адамилық қасиеттерді толық қамтыған Құран Кәрімдегі талаптарға сай өмір сұру. Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) бүкіл өмірі тәрбиелі адамдардан құралған біртұтас қоғам қалыптастыруға арналды. Бүкіл халық пайғамбарды (с.ғ.с) еске алғанда қала тұрғызғанын немесе патшалық еңбегінде емес, бәлкіде адамдармен ең жоғарғы деңгейдегі әдептілікке негізделген қарым-қатынастарды қалыптастырғандығын мақтанышпен таңдана айтуда.

Адамдық құндылықтар туралы сөз қозғалғанда әркім өзінше пайымдайтыны бар. Алайда бір ақиқат бар екені белгілі. Міне осы ақиқат пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегесімен әрдайым сәйкесіп отырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз бойындағы Құдайдан дарыған ақиқатпен ұштасқан қасиеттерді  сахабаларына үйретіп кеткен.

Алла елшісінен тағылым алған сахабалар өмірде қандай салада жұмыс істеседе әлемді таңғалдыратындай адамдықтың биік шыңын бағындыра білді. Өмір сүру барысындағы әрбір ұғымның өлшемін белгілеп, қияметке дейін келетін адамзатқа ақиқаттың шеңберін көрсетіп берді. Ахирет күні жан төзгісіз азаптан аулақ болып, бұл дүниедегі ізгіліктерге қателіксіз қол жеткізгісі келген адам үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с) және тәрбиелеген сахабаларының өмірі әртүрлі кезіккен сұрақтарына дұрыс шешім бола алады.

Ондай болса, Ислам дінінің басты ұстанымдарының негізі тәрбие екені белгілі болды. Демек мешіт тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, сонымен қатар адамды тәрбиелейтін, жан-жақты жетілдіріп дамытатын, кәміл адамдар дайындайтын тұтас қоғам болып дамытатын ұлы мектеп.

Бұл ойымызды мешітке келіп, Алла Тағаланың алдындағы міндеттерін орындаушы жамағаттар тереңірек сезіне білуі ләзім. Себебі парыз болған міндеттерді орындаушы адамның екі дүниенің жақсылығына бөленуге деген үмітінің артқаны сайын, ол адамға жауапкершілікте арта түседі. Кез-келген мешітке келуші жамағаттың маңайындағы адамдар оның сөйлеген сөзін, жүріс тұрысын бақылап жүреді. Егер оның іс-әрекеті әдептілікке сай, мінез-құлқы көркем болса немесе ізгілікке тырысып жүргенін байқаса, онда сол адамдардың оған сүйсіне қарап, Ислам дініне деген құрметі арта түспек. Ал егер мешітке барып жүргенімен, естіген уағыздары бойынан көрініс таппай оғаш қылықтар байқалса, қаншама адамдардың мұсылмандыққа деген теріс пікірін қалыптастырады. Аллаға сенген пенде үшін бұдан үлкен жауапкершілік жоқ.

 Негізінен әлем халықтарының өркениетінің дамуына үлес қосқан белгілі ғалымдар мешіттен тәлім алған тұлғалар екені белгілі. Кешегі қазақ зиялылары да ілімдерін мешіттен бастаған.

Сонымен қатар, мешіттер кез-келген салаға сын айтып, дұрыс бағыт беретін білім ошағы. Оған бірер мысал келтіре кетейік. Бүгінгі таңда саналы адамдардың көпшілігі елдің қамын жеп, халқының жарқын болашағы үшін және отаным деп еңбек етуі ұлы істерден. Алайда, мешіт ізгі іс жасаушы адамдардың тек бұл дүниеде ғана емес, Алланың алдындада ісінің сауапты әрі ахиретте де өзіне пайдасы тиюі үшін сол істеп жатқан істерінің Жаратушы Алла Тағала разылығы үшін атқаруы керек екендігін толықтырып бағыт береді.

Келесі бір мысал ретінде бір ауқатты адам қиналып жүрген жүз адамға тұрғын үй сыйлады делік. Бұндай үлкен сауапты істі жасаған адам өзіне Жаратушының міндеттеген бұйрықтарын орындамаса, бұл амалдары салыстырмалы түрде бес уақыт намаздың бір парызының сауабына тең келе алмайтындығын айтып бағыт беретін орын тағыда мешіт болып саналады.

Себебі, Алла Тағала қандайда ізгілікті істердің иманмен ұштасқанын қалайды. Сонда адам баласының беделі бұл дүниелік қана емес, ахиреттікте болмақ.

Бүгінгі таңда да Алланың сүйіктісі болуды әрі ахирет күні дәрежесінің жоғары болуын қалаған әрбір мешітке келуші жамағат пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бастау алған жоғардағы аталған биіктікке талпына білуі міндет. Сонда ғана ел арасында дінімізбен мешіттеріміздің абыройы  асқақтары сөзсіз.

                                                                                                                                                                           ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы:

Серікхан Рымханұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз