Сүренің мәтіні:
Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын.
1. Құрайыштың бейбітшілігі үшін
2. Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі
3. Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын
4. Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған
Құрайыш Мекке жерін мекен еткен рудың атауы. Мұхаммед (с.ғ.с) осы құрайыш тайпасынан шықты. Пайғамбарымыздың үйретуі бойынша жер бетіндегі барлық мешіттер Алланың үйі деп аталады. Аллланың үйлерінің ең ұлығы Кағба. Құрайыш руы сол қасиетті үйге келушілерге келгендерге қызмет көрсететін, әрі Кағбаны қорғайтын ру болған. Құрайыш тайпасы қыста оңтүстікке, жазда солтүстікке қарай сапар шегіп сауда жасайтын. Яғни оңтүстікте Иемен жеріне баратын. Ол жақтың жері жылы, төрт мезгілде де егін егілетін. Ауа райы жылы болғандықтан сауда саттық тоқтамаған. Ал жазда солтүстікке яғни қазіргі Сирия болған Шам жеріне сауда қылатын. Ол жерде Византия тайпасынан қалған християндықтармен сауда жасайтын. Олар Құрайыштықтар келгенде оларға құрмет көрсетіп, ешқандай кедергі келтірмеген. Қасиетті жерді мекен еткендігі үшін қадірлеп, сый құрмет көрсеткен. Негізі Мекке жері көп еш нәрсе өсе бермейтін жер болсада Алла оларға көптеген нығметтер беріп, қай жерге барсада тыныштық сыйлап, қауіп қатерден аман сақтаған еді. Бұл сүренің негізгі астарына үңілсек ей Құрайыш халқы сіздерге осынша атақ дәреже бердік. Сіздерге діни мансап бердік. Амандық пен көптеген нығмет бердік. Ей көршілерім Құрайыш халқы! Сіздерге аштықтан, қиыншылықтан медет беріп демеу болған мына үйдің (Кағбаның) негізгі иесіне бас иіп құлшылық етпейсіздерме деген сөз жатыр. Бұл Алла Тағланың құрайыш халқына айтқан хаты деп түсінсек болады. Бұл сүре тек қана Құрайыштықтарға ғана емес Алла кімге қандай мансап, атақ, кімге ата-ана, кімге бала-шаға, кімге қандай да бір нығметтер берген болса, сол нығметтерді берген Аллаға құлшылық қылмайсыңдарма деген Алланың барша адам баласына айтылған хаты еді.
Нұржол Ғазиз
Текелі қаласы, "Керімбек би" мешітінің бас имамы