https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Алла тағаланың адам ғ.с.-ды жаратуы

22 Feb 2017 0 comment Оқылды: 3307 рет

Алла Тағала осынау шетсіз-шексіз ғаламды, Өзінің әміріне бойсұнып, бұйрығын бұлжытпай орындайтын періштелерді жаратты. Ғалам мен жерді жаратқан соң жер бетіне тіршілік етуге лайықты жағдайлар жасады. Өйткені Жаратушы өзінің даналығымен жер бетін қоныс ететін жаратылыс иесін пайда қылуды қалады.

Алла жердің топырағынан аз мөлшерде алып, оны жұмсақ балшыққа айналдырды. Содан соң одан адамды жасап шығарды. Оған өзінің рухын үрледі. Осылайша адамзаттың атасы - Адам ата өте көрікті, келбетті бейнеде жаратылды. Алла Тағала періштелерге: «Мен жер бетінде бір орынбасар жаратпақшымын», - деді. Сонда олар: «Уа, Иеміз! Сонда қалай оның үстінде бұзықтық жасап, қан төгетін біреуді жасамақшысың ба? Ал, біз ғой, өзіңді дәріптеп, ұлықтаймыз» - деп уайым қылды. Алла Тағала оларға: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін», - деді. Сөйтіп, Алла Тағала осы жаңа жаратылыс - Адамның абыройының асып, мерейінің үстем болуын қалады. Оған барлық жаратылған заттардың атауларын үйретті. Сосын Алла Тағала періштелерін сынамақ болып: «Мына заттардың аттарын білетін болсаңдар айтыңдар?» - деді. Періштелері болса: «Уа, Раббымыз! Сен барлық кемшіліктен пәксің. Біз Өзіңнің үйреткен нәрселеріңнен өзге еш нәрсе білмейміз. Анығында Сен өте білгірсің әрі данасың», - деп уәж айтты. Алла Тағала сонда Адамға: «Уа, Адам! Онда бұлардың аттарын сен айтып бер», - деп бұйырды. Сонда Адам әлгі заттардың барлығының аттарын бір-бірлеп айтып шықты. Сосын Алла Тағала періштелеріне: «Мен сендерге көктер мен жердің ғайып істерін білемін деп айтпап па едім? Сендердің жария әрі жасырын нәрселеріңді де білемін», - деді. Осыдан соң періштелеріне Адамға сәжде етуге бұйырды. Періштелердің барлығы да Алланың әміріне бағынып, Адамға құрмет ретінде сәжде қылысты. Тек Ібіліс қана тәкаппарланып, сәжде етпеді. Алла одан: «Қолыммен жаратқанға сәжде етпеуіңе не себеп болды? Тәкәппарлық таныттың ба, әлде өзіңді биікпін деп санап тұрсың ба?» - деп сұрады. Сонда Ібіліс басын кекжитіп: «Ешқашан адамзатқа сәжде қылмаймын. Өйткені мен одан артықпын. Мені оттан жаратқансың. Ал оны топырақтан жараттың», - деді. Алла оның мұнысына қатты ашуланып, жаза ретінде оны кең мейірім-шапағатының шеңберінен шығарды. Адамды осы Ібілістің ізіне еріп, азғыруына түсіп қалудан қатты сақтандырды. Сол заманнан бері ібіліс адамға жақсылық ойламайтын қас-дұшпанға айналып, азғыруын жалғастыруда. Өкінішке орай қазіргі кезде кейбір адамдар өзінің адамдық қасиетінен жұрдай болып, ауыз айтуға бармайтын үлкен күналарымен, шайтанның әскер сабынан табылуда.

Қазіргі таңда күйбең тіршіліктің күйкі тірлігімен жүріп, көп нәрсеге мойнымыз жар бермей нәпсіге еріп жататынымызда бар. Адам қалай пайда болды? Біз не үшін, кім үшін өмір сүріп жүрміз? Өмірге келгендегі мақсатымыз не? Теңіздер мен таулар не үшін керек? Алып планеталарды кім жаратты? Оларды бір-біріне соғыспайтындай етіп, әлемгі теп-теңдікті ұстап тұрған кім? Иә, сұрақ көп, жауап та аз емес.   

Кербұлақ ауданы бас имамы

Андақұлов С.Ж.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз