20 тамыздан басталатын қажылық парызын өтеуге биыл еліміз көлемінен 3000-ға жуық адам барады. Биыл еліміздің қажыларына «Flynas» әуекомпаниясы толықтай қызмет көрсетеді. Қажылар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тікелей рейс арқылы ұшатын болады.
Қандай құжаттарды өзімен бірге алу керек?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзімен бірге алу керек құжаттар жөнінде ескертіп қойған. Бірақ сол тізімді тағы да бір шолып өткен жөн болар.
- Шетелге шығу төлқұжаты (әрекет ету мерзімінің бітуіне 6 айдан кем емес уақыт болу керек);
- Шетелге шығу төлқұжатында Израиль визасының болмауы;
- Ақ түсті фондағы 3x4 екі түрлі-түсті фото. Әйелдердің фотосуреті міндетті түрде бас орамалмен болуы керек ;
- Барлық бағыт бойынша тұрушылыққа кепілдік беретін ваучер. Бұл құжат қызмет көрсетудің төленгенін растайды және оны пайдалануға құқылы екендігіне кепілдік береді, барлық бағыт бойынша тұрушылықты қамтамасыз етеді, яғни мейманханада сақтаулы орынның бар екенін дәлелдейді. Ваучерлер қажылыққа баратын адамдарды қажыға жіберумен айналысатын фирмалардан алынады;
- Менингит пен дифтерияға қарсы вакциналаудың мемлекеттік куәлігі;
- 45 жасқа толмаған әйелдерді жақын туыстарынан 18 жасқа толған еркектер алып жүреді;
- Қажылыққа күйеуімен барған әйелдің неке қию куәлігі болуы керек;
- Өзінің махрамымен қажылыққа барған әйелдің туыстық деңгейін дәлелдейтін құжаттары болуы керек (түпнұсқа).
Көпшілік құжаттардың көшірмесін жасап, өзінде сақтауын немесе топтың басқа мүшелеріне беріп қоюды ұсынады.
Қажылық кезінде дәрі-дәрмек қажет бола ма?
Қажылыққа барып келгендердің бәрі дерліктей жолға дәрі қорабына дәрілердің ең аз түрін салып жүруді ұсынады. Қажылыққа барушыларға қажет болуы мүмкін:
- Оксолин жақпа майы;
- Медициналық маскалар (бір бумасын болмаса екі бумасын алыңыз, өйткені алмаған адамдарға берерсіз);
- Суық тиюден дәрі;
- Тамқ ауырған мен тұмаудың дәрісі;
- Іш өту, жүрек айну мен құсудың дәрісі;
- Асқазан дәрілері (антибиотикпен бірге ішуге жарайтын);
- Жабысқақ пластырь және дәке;
- Левомеколь – ашық жарақатқа жағатын май;
- Қолға арналған зарарсыздандырғыш жабдық.
Қажылық жасаушылардың қасында үнемі дәрігер болады. Жолға өзіңізбен бірге міндетті түрде су алып жүріңіз! Қажылыққа барушылар барлық жерде өзімен бірге су алып жүруді ұсынады, әсіресе, Арафат тауы мен Мұздалифа жазығында тұрғанда мұның жәрдемі тиеді.
Қажылыққа қандай киім алған жөн?
Ер адамдарға бір-екі футболка мен жейде алу қажет. Мұнан артық киім алудың қажеті жоқ, өйткені жергілікті киім немесе ихрам ( қажылық кезінде мұсылман қажылары киетін арнайы киім) сатып алынатын болады. Сапарға артық шалбар мен бірнеше шұлық алу ұсынылады. Олар аяқты қажатып алмау үшін қажет, себебі көп жүру керек болады, көбінесе ашық аяқ киіммен.
Әйелдерге алдын-ала ақ мақта-мата көйлектерін көптеп алу ұсынылады (көйлектің астынан киетін кең ақ шалбарларды да). Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейік, мұндай киімдер Мекке мен Мәдинеде жаппай сатылымда болады. Қара түсті киім киюдің қажеті жоқ — бұл Сауд Арабия күнінің шыжыған сәулелерін өзіне қатты тартатын болады.
Діни киімді ұшақта киіп алған жөн, себебі ұшақ қасиетті жерлердің үстімен ұшатын болады.
Өзін-өзі қалай ұстаған дұрыс?
Қажылықтағылардың қасында әрқашан алып жүретін адам болады, бірақ та топты жоғалтып алған жағдайда, оны қайтадан тауып алу үшін, араб тілінде бірнеше сөйлемшелерді жаттап алған жөн. Мыңдаған халық тобырының арасында адасып кетпеу үшін, топтың барлық мүшелері бір автобусқа отырулары қажет. Ауырған және егде тартқан адамдарға көңіл бөлген дұрыс. Егер автобусқа кешігіп қалған болсаңыз, дұрысы таксишімен автобус жөнелтілген жерде келісіңіз жөн және өзіңізбен бірге әрдайым біраз ақша алып жүріңіз. Биыл адасып қалған қажылыққа келушілер өз мейманханасын тауып алуы үшін, арнайы білезіктер қолданылады. Бірақ мейманхананың мекенжайы мен барлық топты алып жүрушінің телефон номерін жазып алған дұрыс болар.
Қатаң бақылау шараларына қарамастан, қажылық кезінде бәрібір кептелулер болып тұрады, солардың салдарынан ондаған адамдар қаза болады.
Жетіп-артылатын ұрлықшылардан сақтану керек. Әсіресе, тобырдың арасынан өтер кезде, өзіңізбен бірге құнды бұйымдарыңызды алып жүрмеңіз.
Қажылықта қандай тұрмыстық бұйымдар қажет блады?
Қажылықта, әсіресе, шатырлы қалашықта электр шәйнегі қажет болады, оны үйден алып алуға болады. Ұзартқыш керек болады, өйткені лагерде розетка төбеге жақын орнатылған. Шай демдейтін шәйнекті сол жерден алуға болады (жақындарыңызға керемет сыйлық болады).
Егер өте ыстық болса, қолшатыр және кішірек жамылғы алып алғаныңыз жөн болар, өзіңізге отыруға ыңғайлы болады. Рұқсат етілген жолжүк көлемінен асып кетпеу үшін, кейбіреулер шағын таразы алып жүруді ұсынады.
Сауд Арабиясында не жеуге болады?
Әдетте қажылыққа келгендерді тамақтандырады, бірақ кейбіреулері өздері дайындап жеуді қалайды. Сондықтан оларға азық-түлікті супермаркеттерден алу ұсынылады. Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ғана ішкен жөн. Тазалық дұрыс сақталмайтындықтан, көшедегі сатушылардан мұз алудың қажеті жоқ. Ішімдік пен темекілерге үзілді-кесілді тыйым салынған.
Зәмзәм – бұл Мәсжид әл-Харамдағы қасиетті қайнар бұлақтың суы. Ол Құдайдың Өзі берген суы болып саналады, сондықтан да қажылыққа келушілер дәл сол суды ішуді қалайды. Қалаларда көптеген шайханалар бар, онда шай мен печенье береді. Оның үстіне, мешіттердің қасында шырындар сұрыпталымы сатылады.
Мекке мен Мәдинеде қандай қызықты жерлерді көруге болады?
- Барлық негізгі көрікті жерлер, қалай болғанда да, дінмен байланысты болып келеді — Қасиетті Қағба мешіті, Мина — Шайтанға тас лақтырар жері, Мұздалифа және тағы да басқа жерлер.
- Сауд Арабиясында Мекке тауларының шыңына аса көңіл аудару ұсынылады.
- Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші уағызының өлең жолдары жазылған Хира тауына бару ұсынылады.
- Қағба мен Мәсжид әл-Харамда құлшылық етіп әрі Құран оқуға кеңес беріледі.
- Міндетті түрде Арафат тауы мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы уағызы айтылған жері Жебел Рахмаға бару.
- Жебел әл-Тейра — Меккенің пұтқа табынушылары Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өлтірмекші болғанда, оның тығылған үңгірі.
- Мәсжид Танеем — Меккеде болып келген адамдардың Умрасы аяқталатын мешіт.
- Худайбия — Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бастаған Мәдине мұсылмандары мен Меккенің құрайыштары арасында белгілі бейбітшілік келісімі жасалған жер. Бұл жерден алыс емес ескі қираған үйіндінің маңында мешіт салынған.
- Абраж әл-Бейт — мейманханалардың орталық бөлігі және қаланың қызмет көрсету кешені. Қажылыққа келушілердің назарын мұнараға аударту үшін құрылған. Оның төбесінде аса зор сағат, сондай-ақ, Ислам мұражайы мен Айға бақылау жүргізетін орталық бар.
- Шопинг қалада кеңінен таралған. Жергілікті дүкендерде саудаласу әрқашан да орынды.
Қажылықтан не әкелуге болады?
Әлбетте, әсер мен Зәмзәм суын (кейбір ұшақтарда әрбір адамға 10 литрдан тегін алып ұшуға рұқсат етеді), таспиқ, жайнамаздар мен Отанымызда сатылмайтын құрмаларды әкелесіз.
Сондай-ақ, Таяу Шығыста кеңінен таралған майлы әтірлерді де әкелуге болады.
Дереккөз: theopenasia.net