Қазіргі әлемді жайлаған лаңкестік оқиғалар өршіп жатыр. Оның себептері әртүрлі және әрбір елде өз ерекшеліктеріне қарай құбылып тұр. Енді біздің елдің ішінде де орын алды. Ақтөбедегі кешегі оқиғаның болуы соның бір көрінісі.
Тегінде қазақ ойы мен болмысы бұндай әбігерлікке түгелдей қарсы. Оны біздер ел тарихынан жақсы білеміз. Әр кезде ланкестікке қарсы қоғамда бірыңғай көзқарас қалыптасқан. Ол қазақ үшін басқа жұртты сыйлау, онымен төзімділік арқылы қатынас орнату, мәмлелік ұсыныстар бойынша бітімгершілікке бет алу. Ал өктемдік, басқаның иелігіне көз аларту, жағымсыздық пен араздық, алдау мен опасыздық – бұлар барып тұрған адами ізгіліктерге жат құбылыстар. Олардан біздің ұлттық діліміз ада болған.
Ал мына ланкестер ата – баба дәстүрлерінен безген, жеке байлықты көз құртына айналдырған, баспен емес қарнымен ойлайтын мәңгүрттердің таза адамдарға қарсы қойған амалдары. Оларды біздің ата – жұртымызда болдырмау, болып қойған жағдайда ерен соққы беріп, тойтарыс жасау әрбір Елім, Жерім деген азаматтарға аманат. Әсіресе жастар арасында осындай індет болмауы парыз.
Аманжол ҚАСАБЕК – философия ғылымдарының докторы, профессор