https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тарауих намазы туралы хадистер

08 Jun 2016 0 comment Оқылды: 5954 рет

Tарауих намазының қасиеттері
Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазанның адамзатқа рухани, әлеуметтік және медициналық жағынан пайдасы зор. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң, 20 рәкат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ-топ болып, жамағатпен оқиды.
Тарауих намаздың үкімі
Қасиетті Рамазан айында құптан намазының 4 ракағат парызы және 2 ракағат сүннетінен кейін, ер және әйел кісілер үшін жиырма ракағат тарауих намазын оқу - сүннет муәккәдә. Яғни, бекітілген сүннет амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазының сүннет болу мәселесіне қатысты: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деген.
Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқудың үкімі
Кез келген елді-мекендердің тұрғындары тарауих намазын өздеріне қарасты мешітте жамағат болып оқуы - сүннет кифая. Жалғыз оқыған адам әдепсіздік етпегенімен, жама-ғаттың сауабынан құр қалады.
Тарауих намазының уақыты
Тарауих намазының уақыты - құптан намазы мен таң атудың аралығында. Осы себептен құптан намазынан бұрын оқылған тарауих - тарауихқа жатпайды. Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі - түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын. Сонымен қатар, тарауих намазы үтір уәжіп намазынан бұрын оқылады. Осы себептен имам тарауих намазын оқып тұрған болса, мешітке кешігіп келген адам алдымен құптанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құптан намазының сүннетін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса, соңынан үтірден бұрын оқып алады.

Абдулла ибн Аммар (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте: “Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: “Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді, Құран болса: “Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағаты қабыл болып, ол адамға мейірімге бөленеді”,-делінген. (Байхаки)
Әбу Саид әл- Худри (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Рамазан айының алғашқы түнінде аспан есіктері ашылады да, олардың ешқайсысы Рамазанның соңғы түніне дейін жабылмайды. Рамазан айының кез келген түнінде оқыған намазындағы әрбір жасалған сәжде үшін 1500 сауап жазылады. Және де Алла Тағала оған жәннатта әрбір есігі сарайға апаратын алтыннан жасалып, корундпен әшекейленген 60.000 есіктен тұратын лағылдан үй тұрғызып береді. Егер ол адам Рамазан айының бірінші күні ораза тұтса, оның өткен күнәлары кешіріліп, ол үшін әр күні 70.000 періште таңнан кешке дейін күнәларының кешірілуін сұрайды. Рамазан айында түнде болсын, күндіз болсын жасаған әрбір сәждесі үшін оған жәннаттан ағаш егіледі, оның көлеңкесінен атты адамның өзі 500 жыл дегенде шауып өтеді». (Байхаки. Тағриб)
Салман (оған Алла раыз болсын) былай дейді: «Шағбан айының соңғы күні Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады», -деді».

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз