https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Құрманың пайдасы

30 May 2016 0 comment Оқылды: 2741 рет

Ағылшын тілінен беретін апайдың қаталдығы бәрімізге де ұнамайтын. Тым еркелеп үйреніп қалған біздер үшін қатаң талап қоятын апайдың сабағына қатысқымыз келмейтін. Күн санап ол сабаққа келушілер де азая бастады. Ораза уақыты болатын. Апайдың сабағы дәл ауыз ашатын кезге келетін. Содан сабақ үстінде бір-бірімізге партаның астымен құрма беріп, аузымызды сабақ үстінде отырып ашатынбыз. Бір күні қайта-қайта сағатқа қарағыштап отырған бізді байқап қалған апай, сумкасынан бір қорап құрма алып шығып: “Оразаларың қабыл болсын, мынамен ауыз ашыңдар. Маған да сауап керек” – деп күлімсіреп тұр. Бұндайды күтпеген біз аңтарылып, апайдың қолынан құрманы не аларымызды, не алмасымызды білмей біраз абдырап қалдық. Ақыры бір қорап құрма бүкіл аудиторияны шарлап кетті. Осы оқиға біздің апайға деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертті. Енді сол құрмамен ауыз ашудың құпиясына тоқталайын.
Күндіз оразаның соңына таман бауырдың қайырмалы күре тамырындағы қанда глюкоза мен инсулиннің құрамы төмендеп, глюкозаның түсуі және оның бауыр клеткаларымен және шеткі тканьдармен қоршалу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан да бұл кезеңде ағзаны глюкозамен тез арада қамтамасыз етудің маңызы зор. Сосын ол сорылып алынғаннан кейін оның қайырмалы күре тамырдағы қанда қоюлығы дереу артады да, алдымен бауыр клеткасына, сосын миға, қанға жүйке жүйесіне және бұлшық ет аппаратына түсе бастайды. Мұнымен май бөліктерінің қышқылдануы тоқтап, зиянды дене түйіршіктерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Бауырдағы глюкозаны жинақтау процесі де тежеліп, амин қышқылдарының ыдырауын тоқтатады. Сондай-ақ ағзадағы ақуыздарды сақтайды.
Құрма ең бір глюкозаға бай өнім, сондықтан да ағза үшін ең жақсы қорек саналады. Өйткені оның құрамында қанттың көрсеткіші жоғары (75-87). Онда сондай-ақ ақуыздар, майлар, кейбір мөлтек элементтер мен дәрумендер (А, В2, В12) бар. Егер құрамында ақуыз бен майдың мөлшері көп тағаммен ауыз ашса, онда бұл заттарды қорыту, еріту және сору аралығын өте көп уақыт өтеді. Сондықтан олар ағзаның қуатқа деген қажетін тез өтей алмайды. Міне, құрмамен ауыз ашу жөніндегі данышпандық жарлығының мәні осында.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз